Accessibility links

Ақ үй киберқауіпсіздік бойынша ұлттық стратегиясын жариялады


Бейтарап сурет.
Бейтарап сурет.

2 наурызда Ақ үй киберқауіпсіздікке қатысты жаңа ұлттық стратегиясын жариялады. Құжатта жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелердің, бизнестің цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін міндеттер мен шешімдер көрсетілген. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды.

Байден әкімшілігі хакерлерден қорғанатын норматив актілер қабылдау қажет екенін алға тартады. Киберқауіпсіздікке жауапкершілікті тұтынушыларға емес, мемлекеттік және жеке компанияларға жүктеу керек дейді Ақ үйдегілер.

"Күрделі әрі қауіпті ортаға кезігіп отырмыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер мүддемізге қауіп төндіре отырып, әрекет етіп жатыр. Бір мезетте жаңа буын технологиясы қарыштап дамып, кемел кезеңіне жетіп, цифрлық өзара тәуелділікті арттырып жатыр" деп жазылған АҚШ мемлекеттік департаментінің бейсенбі күнгі хабарламасында.

Ұлттық стратегия бес негізгі принципке сүйенген: арасында маңызды инфрақұрылымды қорғау, қауіп субъектісін жою, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нарық күшін қалыптастыру сияқты категориялар бар.

Мұндай стратегия елдегі бірқатар ірі кибершабуылдан кейін әзірленіп отыр.

XS
SM
MD
LG