Accessibility links

Бішкекте оппозициялық саясаткер Равшан Жиенбековтің әйелі ұсталды


Салқынай Әлімбаева.
Салқынай Әлімбаева.

Қырғызстанда қамауда отырған оппозициялық саясаткер, парламенттің бұрынғы депутаты Равшан Жиенбековтің әйелі Салқынай Әлімбаева 25 мамырда ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) тергеу изоляторында ұсталды. Мәліметті Азаттықтың Қырғыз қызметіне оның адвокаты Разак Әшімбаев хабарлады.

Заңгердің айтуынша, түсте Әлімбекованы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет қызметкерлері тергеуге алып кеткен. Ізінше тергеу изоляторына қамаған. Ол Әлімбековамен осы уақытқа дейін хабарласа алмай отырғанын, оны не себепті ұстағанын да білмейтінін жеткізді.

Әлімбекованың ұлы Азат Равшан Facebook-те анасын тергеу 25 мамырда түскі сағат 12-де басталғанын, содан бері одан ешқандай хабар жоқ екенін жазды.

ҰҚМК әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Равшан Жиэнбековтің өзі қазір Бішкектегі №1 тергеу изоляторында отыр. 2023 жылғы қазанда оны және тағы 30 шақты саясаткер мен азаматтық белсендіні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұстаған.

Оның алдында Жиенбеков саясаткерлер, саяси ұйымдар, белсенділер мен саяси қозғалыстар Кемпірабад суқоймасын қорғау жөнінде комитет құрғанын жариялаған.

Жиенбековке Қой-Таш оқиғасына қатысты іс бойынша да айып тағылған. Бұл істі қазір Бішкектің Бірінші май аудандық соты қарап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG