19 шілдеде Семей қаласының Жамақаев көшесіндегі аллеядан совет дәуіріндегі қайраткерлердің мүсіндерін шығарып тастаған. Аллеяде 16 мүсін болған, ішінде Ленин, Киров, Фрунзе, Маркстің мүсіндері бар.
"Ескерткіштер мен мүсіндерді бұзып жатыр, реконструкция жасайтын көрінеді. Қысқасы, біздің хатымыз діттеген мекен-жайға жетпеген сияқты", - дейді куәгерлердің бірі Facebook парақшасында. Видеода Лениннің үш мүсінін әкетіп бара жатқаны көрінеді.
Куәгер тағы бір видеода Лениннің қирап жатқан ескерткішін көрсетіп, "мынаны жөндейтініне қатты күмәнданып тұрмын" дейді.
Әлеуметтік желі қолданушылардың көпшілігі бұл жаңалықты құптаған. Кейбірі "Жаңа Қазақстанда мұндай ескерткіштерге орын жоқ" деп жазған.
Ескерткіштерді бұзу 19 шілдеде, таңертең басталған. Әкімдік ол жөнінде ақпаратты кешке таратып, ескерткіштер реставрациядан соң орнына қойылатынын айтты.
- Кейбірі айтарлықтай зақымданғандықтан реставрация жасау керек болды. Содан соң барлық ескерткіш орнына қондырылады,- дейді әкімдік.
2022 жылы қараша айында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі "Ескерткіштер аллеясы" бұзылмайтынын айтқан.
- Әннен сөзді жұлып астай алмайсың. Бұл біздің тарихымыз. Ленин ескерткіші тұра берсін, уақыты келгенде алып тастайды, әзірге адамдарға керек,- деген еді.
Семейде ескерткіштер аллеясы 2010 жылы ашылған. Оның ішінде бір кездері Семейдің орталық алаңында тұрған Лениннің биіктігі 15 метр ескерткіші де бар.
ПІКІРЛЕР