Accessibility links

Саентологтар халықаралық қауымдастықтан көмек сұрамақшы


Вадим Витушкин, Қарағандыдағы саентология шіркеуінің директоры.
Вадим Витушкин, Қарағандыдағы саентология шіркеуінің директоры.

Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуі өздерінің қызметтеріне тыйым салу туралы сот шешімінің өзгеріссіз қалғанына наразылық танытып, халықаралық қауымдастықтың көмегіне жүгінетіндерін мәлімдеді.


САЕНТОЛОГТАРДЫҢ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАДЫ


Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуінің ақпарат құралдарына таратқан мәлімдемесіне сүйенсек, осы жылы маусымның 12-сі күні Қарағанды облыстық соты шіркеудің қызметіне тыйым салу туралы ауданаралық экономикалық соттың шығарған шешімін апелляциялық шағымды қараған сот құрамы өзгеріссіз қалдырыпты. Шіркеу өкілдері мұның Қазақстан Конституциясына қайшы келетін заңсыз шешім ретінде бағалап отыр.

Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуінің президенті Вадим Витушкин осылайша 5 мың адамның құқығы тапталғанын айтады.

«Егер біз қазір өзіміздің құқығымыз үшін күреспесек, онда болашақта республикадағы өзге шіркеулер жойылуы мүмкін. Осы жылдың
Прокурордың жалаң ой-пікірлерін сот та басшылыққа алды. Шіркеу ұсынған барлық заңнамалық нормалар мен принциптер, дәлелдердің ешбірі де ескерілген жоқ.
ақпан айында Қарағандының аудандық соты «шіркеудің әрекеті халық пен ұлттық қауіпсіздікке қатер әкеледі» деп тек өзінің жеке долбарлары негізінде, шіркеуді жою туралы шешім шығарған болатын. Еш дәлел-дәйектер келтірілген жоқ. Прокурордың жалаң ой-пікірлерін сот та басшылыққа алды. Шіркеу ұсынған барлық заңнамалық нормалар мен принциптер, дәлелдердің ешбірі де ескерілген жоқ. Сөйтіп, нәтижесінде бүгінгідей қасаң заңсыз сот шешімі шықты», - дейді Вадим Витушкин.

2009 жылдың ақпан айының 15-інде Қарағандының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты Қарағанды қаласындағы саентология шіркеуін жабу туралы шешім шығарған болатын.

САЕНТОЛОГТАР ӨЗДЕРІНІҢ АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСПЕК

Саентологтар бұдан бөлек құқық қорғау органдары тарапынан жасалған тағы бір заңсыз фактіні алға тартады. Осы айдың 17-ші күні Қарағандыда құқық органының қызметкерлері саентолог Ксения Калтышеваны адам құқықтары туралы брошюра таратқаны үшін ұстаған.

Шіркеу өкілдерінің айтуынша, Ксения таратқан парақшаларда ешқандай тыйым салынған дүниелер болмаған - адам құқығы туралы
Бұл қуғындау негізсіз. Себебі, сот шешім белгілі бір адамдардың субъективті түрде жасаған сараптамасы негізінде шығарылып отыр.
халықаралық қауымдастықтардың құжаттары екен. «Осы арқылы біз көпшілікке адам құқығы ұғымының бар екенін, оның әрбір адамға туғаннан берілетінін түсіндірмек болдық» делінген олардың мәлімдемесінде.

Енді олар халықаралық қауымдастықтан көмек сұрамақшы. Өздерінің жағдайын олар шенеуніктер мен президентке де айтамыз деп отыр. Бұдан басқа, олар бұл мәселені осы жылдың қазан айында Варшавада өтетін ЕҚЫҰ-ның жиынында да талқыға салмақ ниетте. Соңғы сот шешімі шыққанға дейін саентологтар Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіровке де жолығыпты. Ол шіркеу төңірегіндегі мәселені адам құқықтары бойынша жасалынатын жылдық есепке кіргіземіз деп уәде беріпті.

Евгений Жовтис, адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры.
Саентология шіркеуі айналасындағы жағдайға қатысты адам құқығын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис былай дейді:

«Бұл қуғындау негізсіз. Себебі, сот шешім белгілі бір адамдардың субъективті түрде жасаған сараптамасы негізінде шығарылып отыр. Егер шіркеуден қандай да бір адамдар зардап шексе, онда арнайы тергеу жұмыстары жүргізілуі керек. Қылмысты жасаушы нақты адамды табу керек. Бірақ бұл бүкіл ұжымды жазалау керек дегенді білдірмейді. Саентология әлемнің көптеген елдерінде бар. Ешбір ел оны экстремистік сипаттағы ұйым немесе адамның психикасына зардабы бар ұйым ретінде қарастырмайды».

Саентология шіркеуінің негізі 1954 жылы қаланған. Саентология – американдық фантаст-жазушы Рон Хаббард негізін қалаған діни-философиялық ілім. Қазіргі таңда дүниежүзінде аталған ілімнің 7700-ден астам шіркеуі бар.

Қазақстанда 2000 жылы тіркелген. Алматы, Қарағанды, Семей және Павлодарда шіркеулері орналасқан. Республикада аталмыш сенімдегі адамдар саны 30 мыңға жуық.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG