Accessibility links

Түрмеде оппозиционерге айналған Курамшинді бостандықта түңілткен жайттер


Адам құқын қорғаушы Вадим Курамшин сот ғимараты алдында. Петропавл, 20 қараша 2009 жыл.
Адам құқын қорғаушы Вадим Курамшин сот ғимараты алдында. Петропавл, 20 қараша 2009 жыл.

Вадим Курамшин қазақ түрмесі мен оппозициясының мектебінен өтті. Ол түрмеде отырған кезінде адам құқын қорғаушыға айналды, кейіннен оппозицияға қосылды. Алайда, оның ойындағысы жүзеге аспады, ол енді жүйеге қарсы өз бетінше күрес жүргізбекші.


ТҮРМЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Жуырда Интернетте «Талмас» оппозициялық қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрмановтың адам құқықтарын қорғаушы Вадим Курамшин жайындағы хаты жарияланды. Хатта «бейтаныс әлдебіреулердің солтүстік қазақстандық белгілі адам құқын қорғаушы Вадим Курмашиннің қол телефонына қоңырау шалып, оны қорқытқаны» туралы айтылған.

Шынтуайтында, Курамшиннің есімі көпшілікке таныс емес. Оның аты әдеттегідей, тұтқындалған соң у-шу болып шыққан жоқ, керісінше, түрмеден бостандыққа шығып, іле-шала Қазақстандағы режимге азаматтық қарсылық шараларын өткізгеннен бастап қана оның аты естіле бастады. Курамшин түрмеге екі рет түскен, біріншіде қылмыстық іс бойынша, ал, екіншіде түрмеге түсуінің саяси себептері болды. Біздің бұл әңгімеміз саясатқа келген қатардағы қарапайым жандардың тәтті қиялдарының қалай быт-шыт болатыны жайында болмақ.

Бүгінгі таңда Вадим Курамшин қамалғандар мен олардың отбасындағы жандардың құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестік құруға жәрдемдесетін қолдаушы іздеуде.

– Мен өзімнің жұмысымды «ат үстінде жүріп» атқаратын боламын, яғни адамды азаптау туралы хабар қай жерден жетсе, сол жерге шұғыл түрде аттанамын. Екі қалада, Астана мен Петропавлда қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашып қояр едім, өйткені Қазақстанның солтүстік аймақтарында мұндай қызмет көбірек қажет, – дейді Вадим Курамшин.

Сонымен, Вадим Курамшин қазақ түрмесіне екі рет түскен: 1999 жылдың ақпанында, өз айтуы бойынша, оны не айыбы бар екенін айтпастан ұстаған. Артынан қылмыс жасадың деген айыппен 7 жыл 6 айға соттап жіберген. 2003 жылғы ақпанда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Түрмеге бірінші түскенінде Курамшин сотталған оппозиция жетекшісі Ғалымжан Жақияновпен танысқан. Өзіндік азаматтық ұстанымы бар өзі де белсенді Вадим Курамшин түрмеде отырып, азаматтық қозғалыс бағытында іс бастаған.

Ал, екінші рет түрмеге түсуінің арғы түбінде саясат жатты. Екінші рет Вадим Курамшин жала жабу айыбымен 2006 жылдың қыркүйегінде 3 жыл 10 айға сотталды. 2009 жылғы қазанда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Екінші рет түрмеден шыққанында Вадим Курамшин оппозициялық қозғалыстың басындағы өзара кереғарлықты сынауға көшті, оппозиция жетекшілерінің плакат ұстаудан ары аса алмайтынын, өзара ынтымақтың жоқтығын және қуғынға ұшыраған қатардағы белсенділерді сатып кететінін айтып, айыптады.

ҚАЗАҚ ТҮРМЕСІНІҢ АЗАБЫ

Түрме адамның уақытын зая кетіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол адамды денсаулығы мен қаражатынан айырады дейді Вадим Курамшин. Оның өз сөзімен айтқанда, 2006 жылы тұтқынға алынғанға дейін оның жағдайы әжептәуір болған. «Бірақ, зона бәрін жұтып алды», – дейді ол. Өз сөзі бойынша, түрмеде отырған кезде оның ақшасына иелік еткен анасынан түрме бірнеше мың доллар қаражат сорып алған.

– Қаражат негізінен артықшылыққа ие болудың ақысын талап етіп, дікең-дікең ететін «белсенділерге» жұмсалды. Баяғы сол зонадағы кездесу. Егер анам жүз доллар бермесе, әуелі, заңда көрсетілген кездесу құқығы да берілмейді. Ол жақта, ашықтан ашық кездесу бөлмесінің кіреберісінде тұрып алып, қамаудағылардың бірінен тағайындалған «белсенді» кездесу мүмкіндігі берілгені үшін ақша
Егер анам жүз доллар бермесе, әуелі, заңда көрсетілген кездесу құқығы да берілмейді. Ол жақта, ашықтан ашық кездесу бөлмесінің кіреберісінде тұрып алып, қамаудағылардың бірінен тағайындалған «белсенді» кездесу мүмкіндігі берілгені үшін ақша жинайды.
жинайды, – дейді Вадим Курамшин.

«Блатнойлар», оның айтуынша, ақша арқылы жезөкшемен де көңіл көтере алады, ал есірткі дегеніңіз нашақорға толған түрме үшін үйреншікті нәрсе.

– Олармен көрші болу деген бір азап. Нашақордың ойында бір-ақ нәрсе болады, ол кімнің есебінен наша егіп алсам екен деп қана тұрады. Сенімен кез келген тақырыпта сөйлесе береді, ол өзінің денсаулығының мүшкілдігін әңгіме қылуы мүмкін, немесе сенің анаң жайлы сөз қозғауы мүмкін, бірақ ол не айтып тұрса да ішінен қайтсе сенен бір пайда өндіруді ойлап тұрады, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшин бүгінде көбейіп келе жатқан «мұсылман экстремистермен» де араласқанын айтады.

– Бірақ, шынымды айтсам, мен ешқашан дінге қатты беріліп көрген емеспін, өз басым христианмын. Хизбуттахриршілер деп аталатын олар жүріс-тұрысына өте сақ, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшин түрмедегі «гаремдердің» кейбір тұрғындары үшін жаны ауырыпты, оның айтуынша, ол жерлерде де кінәсіз адамдар баршылық. Гарем деп әдеттегі қылмыскер болып есептелмейтін, сол үшін де өзге сотталғандар зорлап тастаған топты айтады, олар әдейі негізгі көпшіліктен оқшауландырылады.

– Олардың арасында әлгі жерге жүйедегі бассыздықтың кесірінен түскендер де бар. Мәселен, біздің отрядымызда Николай С. деген адам болды. Өте тәртіпті, мәдениетті адам. Өзінің қолдан ұйымдастырылған айып арқылы кісі өлімі үшін нақақтан нақақ сотталғанын айтатын. Мен оған сенемін. Себебі, ол қай жағынан алып қарасаңыз да кісі өлтіретін адамға еш ұқсамайды. Сондағысы – жоғары білімді, отбасылы әлгі адам тергеу абақтысына қамалған кезде тергеушінің өктемдігіне қарсы шыққан. Сол үшін де оны өңкей бассыздардың арасына, «пресс-камераға» апарып тыққан. Сол жақта ол гаремнің мүшесіне айналған. Ал, ол жақтан шынымен де артқа қайтар жол жоқ, – дейді Вадим Курамшин.

«Еркектерге» әлгіндей масқараланғандарға жуықтауға тыйым салатын түрменің жазылмаған заңдарына қарамастан, Вадим Курамшин Николай С.-пен жүзбе жүз таныс болған.

– Мен Николаймен көп тілдестім, оған психологиялық қолдау көрсетуге тырыстым. Мен отрядқа келгеннен кейін ол кәдімгідей тіріліп қалды. Бірақ, заңды бұзуға болмайды. Амандасуға болмайды, ал, ортақ затты пайдалануға мүлдем болмайды. Өте қатал тәртіп, десе де өзіндік қисыны бар. Жаңа 2009 жылда мен оған торт сыйладым, ол жылап жіберді, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшиннің айтуынша, түрмеде ол өмір академиясынан өткен, ол өмір жайлы тереңірек ойланатын болған.

– Бірінші тұтқындалғанға дейін мен жүйенің қаталдығын, қандай іске бара алатынын білмейтін 24 жасар бозбас балаң жігіт едім. Өте ұшып-қонба, жеңілтек болдым. Көп уақытымды мейрамхана, құмар ойыны тәрізді орындарда өткіздім. Түрмеден кейін байсалды адамға айналдым деп нық сеніммен айта аламын, – дейді Вадим Курамшин.

ТҮРМЕДЕГІ ЫНТЫМАҚТЫҢ БАҒАСЫ

Вадим Курамшин Петропавл тұрғыны, Пятак деген лақап аты бар Олег Пятаковтың тұтқындалуы жайында жергілікті газеттен оқығандағы көңіл-күйін суреттейді.

– Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, әлбетте, ол іске көбірек назар аудартуға тырысқан. Міне, біз жер-жаһанға белгілі қылмыс
Солтүстік Қазақстан облысындағы түрменің қоршауындағы тікенек сым. 9 қыркүйек 2008 жыл.
әлемінің сардары Пятакты қолға түсірдік дегендей. Бұл ақпарат көңілімді құлазытып тастады. Анам Олег Иванычтың (Пятактың) жұбайымен телефон арқылы тілдескен кезде көз жасына ие бола алмады, – деп жеткізді Вадим Курамшин Азаттық радиосына.

Оның сөзінше, Олег Пятаков бұрынғы зэктердің ішіндегі бостандық алғаннан кейін түрмеде қалған Вадим Курамшинді ұмытып кетпей, жақындарымен кездесуді ұйымдастыруға қызу көмектескен жалғыз адам болыпты.

– Мен онымен әдейі ОПГ жетекшісі ретінде Петропавлдағы тергеу абақтысынан арнаулы этаппен жеткізілген кезде Құсмұрында кездестім. Мен оның жалғыз жерлесі едім. Құсмұрын зонасына этаппен Пятак келе жатыр деген ақпарат жеткен кезде зона басшылығына оны не рухани тұрғыда, немесе тәни тұрғыда сындыру бұйрық түсті.

Сол мекеменің жедел қимыл бөлімшесінің басшысы Садовский менен бұл Иваныч дегеннің кім екенін білмек болды. Мен Садовскийді Иваныч – қалталы бизнесмен және оның әпкесінің салмақты бір медиа-холдингке қатысы бар деп шімірікпестен өтірік айтып, сендірдім. Садовский секілді жандарға мұндай сөз сыңайы гипноз секілді әсер етеді. Нәтижесінде тура өзім ойлағандай болып шықты. Иванычқа ешкімнің саусағының ұшы да тиген жоқ және ол жуық арада босап шықты. Мерзімі өте аз болды, – дейді Вадим Курамшин.
Мен Садовскийді Иваныч – қалталы бизнесмен және оның әпкесінің салмақты бір медиа-холдингке қатысы бар деп шімірікпестен өтірік айтып, сендірдім. Садовский секілді жандарға мұндай сөз сыңайы гипноз секілді әсер етеді.


Сұхбаттасымыздың айтуынша, Иваныч босатылғаннан кейін оған бұрынғы әйелі мен анасы кездесуге жиі келе бастаған.

– Иванычтың көмегінің арқасында кез-келген мүмкіндікті, тіпті қысқа кездесулерді де пайдаландық. Алайда бостандыққа шығар сәтінде ол ештеңе деп уәде бермеген болатын. Тек қана қол алыстық, сосын Иваныч бостандыққа шығып кете барған, – дейді Вадим Курамшин.

Алайда, ол Қостанай облыстық элеваторының бұрынғы директорына көмектескенін есіне ала отырып, бұған керісінше де жайттардың болғанын айтады.

– Көп көмектестім. Тіпті, ол мәңгілік адал болуға ант бере жаздайтын, ал мен тек күлетінмін де қоятынмын. Шынымен де, бостандыққа шыққаннан кейін әуелі, бір рет мені туған күніммен құттықтаған жоқ, – дейді Вадим Курамшин.

Ал, тұтқындалған Пятакқа келгенде Вадим Курамшин көмектесуге бейіл, онда да ашық көмектеспекші.

– Иванычқа сату мақсатынсыз есірткі заттарын иелену айыбы тағылған. Оның денсаулығы нашар, көпке ұзамайды. Жақсылап ойланамын, қайтіп көмектесуге болатынын. Оған деген сыйластығымды өз басым жасырып әуре болмаймын. Ол деген қылмыстылар онымен байланысы барын барынша жасыра берсін, көрініп қалудан сақтана берсін. Мен оған ашықтан ашық көмектесемін, – деп мәлімдеді Вадим Курамшин.

ТҮРМЕДЕН ҚАЗАҚ ОППОЗИЦИЯСЫ ҚАТАРЫНА

Бостандыққа шыққан соң Вадим Курамшин жаратқанның жазуымен қазақша оппозиция мектебінен де өтті. Ол бірінші рет түрмеге түскен кезде қазақ оппозициясының жетекшісі, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновпен танысқан. Ол екеуінің арасында, Вадим Курамшиннің сөзінше, достық қарым-қатынас орнаған.

Азаттық радиосына сұхбат берген Ғалымжан Жақияновтың бұрынғы баспасөз хатшысы Нұрлан Жолдасовтың айтуынша, түрмеден шыққаннан кейін Вадим Курамшин түрмеде қала берген Ғалымжан Жақияновтың ұсынысымен ҚДТ партиясына қабылданған, тіпті партияның Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесін де басқарды.

Бірақ, Нұрлан Жолдасовтың айтуынша, Вадим Курамшиннің партиялық жұмысы ойдағыдай болмады. Жолдасов айтқандай, Вадим
Шідертідегі қоныстану-колониясында жазасын өтеген қазақ оппозициясының қайраткері Ғалымжан Жақиянов сұхбат беріп отыр. 19 қыркүйек 2004 жыл.
Курамшин құқықтық мәселелерді жақсы біледі, жылдам және көп жаза алады, бірақ, оның бәрі партияның облыстық бөлімшесіне тиімді жетекшілік жасауға жеткіліксіз болып шықты. «Менің түсінуімше оның бұл жұмысқа керекті ұйымдастырушылық тәжірбиесі жоқ болып шықты», – деп өз пікірін білдірді Нұрлан Жолдасов.

Вадим Курамшиннің өзі болса, бірінші бостандығын алғаннан кейін Ғалымжан Жақияновпен кездесуге өз есебінен әрі қатерге басын тіге отырып барғанын айтады. Бірақ, оның өз сөзінше, мұнысы партия тарапынан тиісті деңгейде бағаланбаған.

2006 жылы «Республика» газетінде «Алға» партиясының қызметкері Әділжан Кенжеғалиевтің сұхбаты жарияланған кезде, мұны Ғалымжан Жақияновқа жасалған шабуыл деп ұққан Курамшин Жақияновты қорғап шыға келді. Ол Кенжеғалиев пен оның артында тұрғандарға қарсы шабуыл жасады.

«Зона. КЗ» сайтында 2006 жылдың 6 наурызында жарияланған «Откуда ветер дует» атты мақаласында Вадим Курамшин былай деген: «Жақиянов саналы түрде президенттік лагерлердің диірменіне түсіп, бәріне үлгі бола білді».

Әйтсе де, Вадим Курамшин Ғалымжан Жақияновтың түрмедегі жағдайының «жалпы көпшілікке арналған жағдай емес» екенін айтады.

– Ол «еркектердің» кезекті демалыс алған мерзімінде тұратын өз алдына бөлек орналасқан бөлмеде тұрды. Ол жерде сотталғандардың арасындағы еңбекқорлар тұруға тиіс болатын. Бірақ, олардың ешбірі ол жерде тұрмады. Ол жерде Павлодар облысының бұрынғы әкімі Жақиянов тұрды, – деп есіне алады Вадим Курамшин.

Ғалымжан Жақияновты қорғап жазған «Откуда ветер дует» атты өзінің төрт жыл бұрынғы мақаласында Вадим Курамшин «Нағыз Ақ жол» оппозициялық партиясының сол кездегі жетекшісі Болат Әбіловке қатысты да жағымды нәрселер айтқан.

«Біршама уақыт өткенде қадірлі Болат Әбілов та дәл солай үлгі бола білді. Оны сол кездегі сайлауда болған істер растайды. Баяғы заңдылық – сол заңдылық. Қылмыстық қудалауға бұл жолы Әбілов ұшырады. Бұл екеуі өздерінің шынайылығын іс жүзінде дәлелдеген
«Азат» жаплыұлттық социал-демократиялық партиясы жетекшілерінің бірі Болат Әбілов митинг кезінде. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
адамдар. Олардың өз пікірлеріне деген адалдығы өзара одақтасуға алып келмеуі мүмкін емес еді», – деп жазған болатын Вадим Курамшин.

Алайда бірнеше жылдан кейін Вадим Курамшин Болат Әбілов туралы мүлдем басқаша жазды. Курамшиннің өз сөзімен айтқанда, екінші рет түрмеге түсуіне Болат Әбіловтың меншігіндегі-мыс делінетін оппозициялық «Эпоха» газетінің Вадим Курамшиннің атынан мақала жариялап жібергені себеп болған. Курамшин өзінің ол мақаланың ауторы емес, бар-жоғы ақпарат жеткізушісі болғанын айтады. Бірақ, ол ақыр соңында жауапкершілікті өз мойынына алуға келіскен-міс, содан ол жала жабу айыбымен сотталып кете барған.

Вадим Курамшиннің сөзінше, оған Болат Әбілов жәрдемдесуге уәде еткен-міс, бірақ уәдесінде тұрмаған.

– Бостандыққа шығысымен ең әуелі жоспарлағаным — онымен кездесіп, еркекше сөйлесу, ақыр соңында, мейлі, кеш те болса, маған өте қажет көмекті сұрау болды.

Кездестік те. Бәрін түсіндірдім. Алғашында оған үміт артып жүрдім. Себебі, менің еркек деп санап жүргенім өзінің бас редакторының былықтарының кесірінен түрмеде отырып шыққан адамнан түк болмағандай теріс бұрылып кете барады деп ойламап едім. Сөйтті де, ізім-ғайым жоқ болды. Құдай куә. Ал, басқаларға олармен бірге «сапарға шығудан» сақ болыңдар дер едім. Сені ұсақ-түйек зат ретінде қажетіне пайдаланып, лақтырып тастайды, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшиннің кейбір оппозиция жетекшілерінен көңілі қалса да, жалпылай алғанда ол оппозицияның болашағы бар деп санайды.

– Бүгінгі оппозициялық жетекшілердің арасында, шыны керек, соңынан халықты ерте білетіндей, менің ойымнан шығатыны мынау деп көрсету мен үшін қиын. Меніңше «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов шынайы болуға тырысатын секілді. Мәселен, «Алға» партиясының Солтүстік Қазақстандағы базасы жақсы, – дейді ол.

Курамшин қарапайым халықтың ішінен шыққан оппозициялық жетекші жұртты ауызына қарата алар еді деп ойлайды. Ол Қазақстанда
Меніңше, біздегі оппозицияның кейбір жетекшілерінде өзін судан таза, сүттен ақ, тақуа етіп көрсетушілік бар. Ал, ісіне қарасаңыз, арсыздық, алдампаздық және басыңнан аттап кетушілікті көресіз.
голливудтық жымиысты игерген немесе саяси технологтардың тобын иеленуші адам емес, тек қарапайым халықтың арасынан шыққан көшбасшы ғана халықты соңынан ерте алады деген сенімде.

– Меніңше, біздегі оппозицияның кейбір жетекшілерінде өзін судан таза, сүттен ақ, тақуа етіп көрсетушілік бар. Ал, ісіне қарасаңыз, арсыздық, алдампаздық және басыңнан аттап кетушілікті көресіз, – деп түйді Вадим Курамшин.

ЖАРНАМА ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ

Бүгінгі оппозицияның кейбір жетекшілері жайында әңгімелей отырып, Вадим Курамшин оларға қатысты өзінің нашар пікірін жасырмайды.

– Бір жыл бұрын Астана зонасында газеттен Гүлжан Ерғалиева мен Петр Своиктың өзара әңгімесін оқып қалып едім. Ол әңгімеде әртүрлі жайттар қозғалған, бірақ, тұтас алғанда әңгіменің негізі Әблязовты жаман ғып шығаруға бағытталған, – дейді Вадим Курамшин.

Өзінің айтуынша, оны әсіресе әлгі екеуінің Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әблязовтың түрмедегі қылықтарын салыстыруы ызаландырыпты.

– Ол екі сұхбаттасушы Жақиянов еңсесін тік ұстаған бойда, рухы түспеген күйі шықты деп тамсанады, ал, Әблязов бас иіп, кешірім сұрап хат жазды деп кейиді. Сондай-ақ, Әблязовты Жәкішевке қатысты жағынан да қасындағы серігін тастап кетті деп айыптайды, – дейді Вадим Курамшин.

Оның пікірі бойынша, бұл тақырыпты қозғауға, кімнің қалай бостандық алғанын әңгімелеуге Петр Своиктың та, Гүлжан Ерғалиеваның да моральдік құқығы жоқ еді.

– Жақиянов профилакторияда үздіксіз де сергек бақылаудың астында өмір сүрді. Суперкомфортты жағдайда. Әблязовты болса, тура
Жақиянов профилакторияда үздіксіз де сергек бақылаудың астында өмір сүрді. Суперкомфортты жағдайда. Әблязовты болса, тура мағынасында айтқанда, тәни азапқа салды.
мағынасында айтқанда, тәни азапқа салды. Оның орынында кім болса да кешірім тілеп хат жазар еді, тек біреу ерте, біреу кеш дегендей. Сұхбаттасушылардың тамсанып отырған адамы қуғындағы банкирдің жағдайында болса, кешірім хатты қалай жазғанын өзі де білмей қалар еді, – дейді Вадим Курамшин.

ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ШЫНДЫҚ ІЗДЕУШІГЕ ҚАЛАЙ АЙНАЛАДЫ

Вадим Курамшин жарым-жарты отбасында өскен, яғни, әкесіз есейген. Қазір ол ауыр науқас анасымен және мүгедек бауырымен бірге тұрады. Әзірге ол адвокаттық қызметпен айналыса алмай отыр. Өзінің айтуынша, оған өзінің оппозициялық қорғаушы ретінде танымалдығы кедергі болуда. Осыған байланысты қазір ол ақшадан тарлық көруде, өзі бұл кезең тым созылып кетті дейді.

– Мектепте мен жақсы оқыған жоқпын, нашар оқыдым. Бас еркіндігімнің өзіме тым ерте бұйырғаны әсер етті. Мен үшін үштік бағасы арман болатын, – деп есіне алады Вадим Курамшин.

Дегенмен, өзінің айтуынша, мектепте оның сүйікті сабақтары да болыпты.

– Әлі есімде, сегізінші сыныпта «Мемлекет және құқық негіздері» деген сабақ өтті. Сол пән бойынша бестен басқа баға алып көрген жоқпын. Шығарманы жақсы жазатынмын, әдебиетті жақсы көрдім, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшин алғашқы «процеспен» балалық шағында ұшырасып көргенін айтады.

– Жетінші сыныпта оқитын кезім, мектепте шешіну бөлмесінен мұғалім апайдың пальтосы ұрланып кетті. Содан, бала біткен линейкаға тұрғызылды да ұрланған пальтоны шешінетін бөлмеде кезекші болған оқушының ата-анасы өтейді деп жариялады мектеп басшылығы. Сол сәтте мен саптан шықтым да жалпыда мүліктік жауапкершілікті балаға артудың заңсыздық болатынын айтып, наразылық білдірдім. Мұның арты үлкен дауға ұласып, ақыр соңында менікі дұрыс болып шықты, – дейді Вадим Курамшин.

Вадим Курамшиннің жоғарғы білімі толық емес. Бірақ, адам құқығын қорғаумен университетке түспей тұрып айналыса бастаған. Бірінші рет түрмеге түскен кезінде құқық қорғаушының тағдырынан тіпті қашып құтылмайтыны белгілі болған, өйткені шұғыл түрде өзін де, басқаларды да қорғауға тура келген.

Вадим Курамшин 17 жасында отбасын құрған, ал, 18 жасында, 1992 жылы некеге отырған. Бұл жасында оның Степан деген ұлы бар еді. Биыл ұлы 18 жасқа келеді.

Бірақ, Вадим Курамшиннің отбасында дәм-тұзы жараспады. «Бұрынғы жұбайыммен 2003 жылы бостандыққа шыққанымда ажырастым. Оның басқа біреуге кетіп қалуы себеп болды. Онысы үшін мен оны кінәлаған жоқпын. Өйткені, ол менің соңымнан біресе ана түрмеге, біресе мына түрмеге жүгіруден шаршап кетті», – дейді ол.

Вадим Курамшиннің сөзіне қарағанда қазір ол әйел басқа адамға тұрмысқа шыққан, өмірлері жақсы, қыз өсіріп отыр. Вадим Курамшиннің ұлы болса, әкесі босап шыққаннан кейін қасында көп жүретін болған. «Ақыр аяғында ұлым маған біржола келіп алды», – деп есіне алады ол.

Содан соң Вадим Курамшин басқа әйелмен азаматтық некеде ұлы үшеуі пәтер жалдап өмір сүрген.

– 2006 жылдың 26 қыркүйегінде мені тура сот залында тұтқынға алғаннан кейін ұлым анасына қайтып оралды, ал азаматтық некедегі әйелім кастингтен сәтті өтіп, Мәскеуге кетті, артынан Лондонның сымбаттылық агенттігінен бір-ақ шықты. Кейін қандай сәтсіздікке ұшырағанын білмеймін, әйтеуір қайтып келді, қазір Петропавлда, бірақ араласпаймыз, – дейді Вадим Курамшин.

Ал, Вадим Курамшиннің кәсіби құқықтық қасиеттеріне келер болсақ, ол жайында адвокат Светлана Кормщикова былай дейді.

– Құқықтық білімі болмаса да, құқықпен айналысқанда өзімен санасуға мәжбүр ететіндер, сөйтіп, тура мағынада айтқанда, үнемі нысанада жүретіндер бар. Белгілі адам құқықтарын қорғаушы Вадим Курамшиннің тағдыры осының жарқын мысалы, – дейді адвокат.

Бұл әйелдің пікірінше, жоғарғы білімі толық емес, әрі жойылмаған соттылығы бола тұрып, қоғамның бұған деген әртүрлі пікіріне қарамастан оның істің мән-жайын тап басып, шешудің жолын дәл табу қабілеті шынымен де тамсандырады.

– Туабітті шешендік қабілеті мен әжептәуір бай тәжірбиесі оны нағыз адам құқығын қорғаушы етіп көрсетеді әрі құрмет тудырады, – дейді Азаттық радиосына адвокат Светлана Кормщикова.

Ерекше әрі тағдырлы тұлға, өмірі қайшылықты әрекетке толы оппозициялық саясаткер Вадим Курамшиннің кескін-келбеті осындай. Мұндай адамдар біреудің ауласында жүре алмайды, себебі ондайлар оппозиция ішінен оппозиция құра алатын жандар. Қазақстанда шындық іздеу оларды жергілікті ерекшеліктері мен қалтарыс-бұлтарысы тым көп саясатпен бетпе-бет жолықтырады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG