Accessibility links

«Cтуденттердің көбісінің көлігі бар, сондықтан оларға жеңілдік жасаудың қажеті жоқ»


Cтудент құқығының қорғалуын талап еткен жастардың наразылық шарасынан көрініс. Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, 5 қазан 2010 жыл.
Cтудент құқығының қорғалуын талап еткен жастардың наразылық шарасынан көрініс. Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, 5 қазан 2010 жыл.

Жақында «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Көзіңді аш» деген тақырыпта жарияланған байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқаудың шарты бойынша, жастар түрлі тақырыптарда әлеуметтік ролик дайындап, әділқазылар алқасына ұсынған. Және бағдарламамызда студенттердің қоғамдық көлікте жеңілдіксіз қалып отырғаны жайлы сөз болады.



«Сорос-Қазақстан» қорының байқауды ұйымдастырушылары айтып отырғандай, конкурсқа 60-тан астам өтініш келіп түскен. Бейнероликтер қоғамдағы әртүрлі салалардағы проблемаларды қамтиды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім жүйесі, экология, адам құқығы, заңды құрметтеу, т.б. салаларда кездесетін ең өткір деген мәселелерді жастар өз еңбектерінде қамтуға тырысқан.

Жастар клубының тағы бір тақырыбы - қазақстандық студенттердің жол жүру ақысында жеңілдіксіз қалғаны туралы айтылады. Нақты дерек бойынша, Қазақстанда тек алты қаланың студенттері ғана қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүреді екен. Кейбір жастар ұйымдары өкілдерінің айтуынша, бірқатар әкімдер «студенттердің көбісінің көлігі бар, сондықтан оларға жеңілдік жасаудың қажеті жоқ» деп есептеп, бұл мәселеге аса бас қатыра қоймайтын көрінеді. Ал шын мәнінде айына он екі мың теңге шәкіртақы алып, күн көретін студенттер бұған зәру деп олар жақында жасаған зерттеу қорытындысын алға тартады.

Жастар Азаттықта клубының қонағы - блогшы әрі болашақ журналист Мейіржан Әуелханұлы. Елдегі жаңа медианың бағыт-бағдары жөнінде ойымен бөліскен блогшы сұқбат барысында Ерлан Қарин, Әміржан Қосанов сияқты саясаткерлердің твиттерден парақша ашқанына пікірін айта кетеді.
XS
SM
MD
LG