Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (27 мамыр – 2 маусым) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
КЛАРА, АЛМАТЫ
Жалпы, жақсы бастама екен. Бай-бағландарды былай қойғанда, мына өзіміз сияқты қарапайым адамдардың үйінде талай киілмеген, ұсталмайтын заттар жатыр. Оларды қоқысқа тастауға қимайсың, осындай жәрмеңкелер өтсе, қуана-қуана берер едік.
(«Еріктілер мұқтаждарға арналған жәрмеңке өткізді» атты мақалаға жазылған пікір)
ССС, АТЫРАУ
Сіздер біздің Атырау халқына қарағанда шүкір екенсіздер, балық жей аласыздар. Ал бізде Атырауда мұнай шығады, бірақ жергілікті тұрғындарға пайдасы жоқ, Каспий теңізімен шектесеміз – он жылдан бері балықтан ауыз тигеніміз жоқ.
(«Браконьер балықшылардың ізімен» атты мақалаға жазылған пікір)
КЛАРА, АЛМАТЫ
Рахмет, Азаттық тағы бір қауіпті құбылыстың бетін ашыпты. Мектептегі әлімжеттік бұл күнде нормаға айналып барады. Оны мұғалімдер де, ата-аналар да, прокуратура да, білім басқармалары да жақсы біледі. Өзіміз де бала болдық қой (қазір 47-демін). Есімде, мектепте мені денемнің толықтығы, киімімнің жұтаңдығы үшін мазақтайтын. Әкемнің арақ ішіп, шешемді сабайтынын да балалар бетіме салық етіп басатын. Тіпті мектепке барғым келмейтін. Үйге келіп, шағымдана да алмайтынмын. Бала шақтағы достарым деп қазір қимай еске алатын ешкім жоқ екен. Әлгі кемсітулерден кейін адамның «самооценкасы» да түсіп кететінін осы күні білдім. Есейіп, қалаға келген соң да өзімді басқалардан кем санайтынмын. Бала кездегі сол қиянаттың ізі психикамда осы күнге дейін қалған сияқты. Бірақ балалардың кемсітуінен мені кітап оқу құтқарып қалды. Кітапты көп оқитынмын. Әсіресе зұлымдыққа қарсы кітаптарды көп оқыдым. Егер кітап болмағанда, мен де өзімнен әлсіздерге әлімжеттік жасар ма едім немесе өзіме қол салар ма едім, кім білсін... Чех психологы Зденек Матейчиктің «Балаға доп тебуге мүмкіндік бермесең, ол басқа балаларды тебеді» деген сөзі бар екен. Қазіргі балалардың көбі тамағы тоқтық, жұмысы жоқтықтан әбден есіріп алған. КТК каналынан көрсеткендері сұмдық енді. Мені шошындыратыны әлгі қыздардың тепкісін ыржалақтап, қызықтап қарап тұрған ұлдардың қылығы. Баласына қорған болу ата-ананың ғана қолында деп ойлаймын. Мектеп те, прокуратура да ештеңе істей алмайды.
(«Оқушылар арасындағы зорлыққа кім жауапты?» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.