Беларусьтің өнерсүйер қауымы алдағы күндері Венесуэланың соңғы президенті Уго Чавеске арналған шоуды тамашалайды.
Беларусь музыкалық театры Венесуэланың испан тілді артистерімен бірлесіп репетиция жасап жатқандарын айтты.
«Уго Чавесті еске алу» мюзиклінің премерасы осы жазда Минскіде және содан соң Венесуэланың астанасы Каракаста өтпекші.
«Минск-Новости» агенттігінің хабарлауынша, шоудың музыкасын Венесуэланың Беларусьтегі елшілігінің бірінші хатшысы, музыкант Герардо Естрада жазған.
Азаттық тілшісі музыкалық директормен тілдеспекші болғанымен театрдың баспасөз хатшысы Ольга Гудажникова қолы босамайтынын айтты.
Бұған дейін де Уго Чавестің әншілік «өнеріне» куә болған және Александр Лукашенконың Чавеспен дос болғанын жақсы білетін ел-жұртқа Минскдегі бұл концерт жаңалық болып көрінген жоқ.
Венесуэла билігін 14 жыл уысында ұстап, 58 жасында рак ауруынан қайтыс болған «команданте» cахнаға гитарамен жиі ән айтып шығатын.
Саяси науқан кезінде, я апта сайынғы телешоуларда ол тұрақты түрде ән салып, елдің алдына шыққанда көбіне Венесуэланың дәстүрлі әндерін орындайтын. 2006 жылы Каракас театрының сахнасына шығып та өнер көрсеткені бар.
2012 жылдың наурыз айында президент сайлауының алдында денесіндегі қатерлі ісігін екінші рет алдырып, ота жасатқан соң бір күн өте сала денсаулығының жақсы екенін көрсету үшін қызы екеуі оркестрдің сүйемелдеуімен музыканттарға қосылып ән салып, би биледі.
Чавестің ұзақ-сонар сағаттап созылып кететін баяндамаларының ортасында аяқ астынан ән айта жөнелген кездері де болған.
2009 жылы БҰҰ-ның мінберінде бір сағаттай сөз сөйлеген «команданте» баяндамасын Кубаның революционер әншісі Сильвио Родригестің әлемді «көбірек жақсарып, азырақ өзімшіл болуға» үндейтін «Періштелермен кездесу» деген әнін шырқап аяқтаған.
Ол 2012 жылы маусым айында сөйлеген сөзінде АҚШ тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен арасының нашарлығын да импровизация арқылы әуенмен айтып жеткізді.
Ол сол жолы: «Хиллари Клинтон мені онша жақсы көрмейді, бірақ менің де оны ұнатып тұрғаным шамалы» деп өлеңдеткен болатын.
Оның анти-америкалық уытты сөздері мен мелодрамалық стиліне тәнті болған диктатор Александр Лукашенко оны «бауырым» деп атап, Беларуське бес рет шақырды.
Бұл екі ел Чавес дүние салған соң да достық байланыстарын үзген жоқ. Беларусь Венесуэланың газ және мұнай қорларын игеруге жәрдем беріп келеді. Минсктегі бір паркке өткен аптада Чавестің аты берілді.
(Клэр Биггтің мақаласын аударған - Сағынай Кәрім)