Accessibility links

Атамбаев "көршіге сабақ" болатын ісіне өкінбейтінін айтты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путиннен "қырғыз-қазақ дағдарысына" араласуын сұрағанын айтты. Ол Қазақстанмен шекарадағы "блокада" туралы сөзін тағы қайталады. Сонымен бірге Атамбаев көрші елдің "болашағына сабақ болатын" іс-әрекеті үшін өкінбейтінін мәлімдеді.

20 қарашада Бішкектегі "Ала-Арча" резиденциясында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа көрші Қазақстанмен арада соңғы бір жарым айда күрделі сипат алған қарым-қатынастың болашағы туралы да сұрақ қойылды. Ол қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдың ретке келетініне сенімді екенін мәлімдеді.

- Астанамен арадағы жағдай дұрысталады, әрине. Өйткені бұған Астана да, сосын, жасыратыны жоқ, бірінші кезекте Ресей де мүдделі. Бірақ менің ісім өте дұрыс, болашаққа да сабақ болады деп ойлаймын. Өйткені, келесі парламент сайлауында да, президент сайлауында да біздің ісімізге араласуға ешкім дәнікпеуі тиіс. Біз нені, қалай істейтінімізді, кімді сайлайтынымызды енді өзіміз шешеміз. 2010 жылғы сайлауда Қазақстанның қауіпсіздік комитетінің Асқар деген кеңесшісі парламентке келіп, әркімге ақша таратқаны тәрізді оқиғалар енді ешқашан қайталанбайды. Кейін біз оның елге кіруіне тыйым салдық - деді Атамбаев.

ВИДЕО: Алмазбек Атамбаевтың баспасөз мәслихатында айтқаны

Атамбаев Өтемұратов пен Тоқаев жайлы да айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:13:06 0:00

Сонымен бірге Атамбаев 2010 жылы Қазақстанмен арада болған оқиғаны да еске салды.

- [Роза] Отунбаева тәрізді "Атамбаев [Қазақстанға] баруы керек еді, телефон шалып, келісуі керек еді" деп ақыл айтып жатқандар да бар. 2010 жылы [Қазақстан] бір жарым ай блокадада ұстап, Отунбаеваның қалай келісімге келгені есімде. Ал мен екі күнге суды тоқтатып тастап едім, шекараны бірден ашты. Көктемге дейін екі жарым ай қалды, - деді Атамбаев.

Ол өткен аптаның соңында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде "қырғыз-қазақ дағдарысына" араласуын сұрағанын да хабарлады. Бірақ Путиннің қандай жауап бергенін айтқан жоқ.

- Жақында досым, ұлы Ресейдің президенті Владимир Путинмен сөйлескенімде, егер сізге Еуразия экономикалық одағының қажеті бар болса, онда оны қалай қиратып жатқанын құр бақылап, жайбарақат қарап отыруға болмайды деп айттым. Біз, мыңдаған жылдар бойы небір қиындықты көрген халықпыз және осы алты жылда да екі блокаданы өткердік. Сондықтан, біз бұдан да өтеміз. Керісінше, біз осал тұсын бірден байқаймыз, - деп мәлімдеді Атамбаев.

Қырғызстан президентінің аппараты жүзден аса журналист қатысқан бүгінгі баспасөз мәслихатынан БАҚ өкілдеріне тікелей трансляция жүргізуге тыйым салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Назарбаев пен Атамбаев (суреттің үстінен басыңыз)

Назарбаев пен Атамбаев

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. Бішкек. 22 тамыз, 2012 жыл.
1/14 Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. Бішкек. 22 тамыз, 2012 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы саммитінде. Мәскеу. 16 мамыр, 2012 жыл.
2/14 Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы саммитінде. Мәскеу. 16 мамыр, 2012 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Атамбаев сайланғаннан кейінгі Бішкекке жасаған алғашқы ресми сапары. 22 тамыз, 2012 жыл.
3/14 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Атамбаев сайланғаннан кейінгі Бішкекке жасаған алғашқы ресми сапары. 22 тамыз, 2012 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Атамбаев сайланғаннан кейінгі Бішкекке жасаған алғашқы ресми сапарында қырғыз президенті үкімет мүшелерімен таныстырып тұр. 22 тамыз, 2012 жыл.
4/14 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Атамбаев сайланғаннан кейінгі Бішкекке жасаған алғашқы ресми сапарында қырғыз президенті үкімет мүшелерімен таныстырып тұр. 22 тамыз, 2012 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Алмазбек Атамбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевты марапаттап тұрған сәті.
5/14 Алмазбек Атамбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевты марапаттап тұрған сәті.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде. Бішкек. 13 қыркүйек, 2013 жыл.
6/14 Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде. Бішкек. 13 қыркүйек, 2013 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың кезекті кездесуі. Aлматы. 26 наурыз, 2014 жыл.
7/14 Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың кезекті кездесуі. Aлматы. 26 наурыз, 2014 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев ТМД басшылары жиынында. Минск. 10 қазан, 2014 жыл.
8/14 Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев ТМД басшылары жиынында. Минск. 10 қазан, 2014 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Президент Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға ресми сапары кезінде. Астана. 7 қараша, 2014 жыл.
9/14 Президент Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға ресми сапары кезінде. Астана. 7 қараша, 2014 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Аатамбаевты марапаттап тұрған сәті. Астана. 7 қараша, 2014 жыл.
10/14 Нұрсұлтан Назарбаевтың Алмазбек Аатамбаевты марапаттап тұрған сәті. Астана. 7 қараша, 2014 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордада Алмазбек Атамбаевқа Астананы көрсетіп тұрған сәті. 7 қараша, 2014 жыл.
11/14 Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордада Алмазбек Атамбаевқа Астананы көрсетіп тұрған сәті. 7 қараша, 2014 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. Мәскеу. 8 мамыр, 2015 жыл.
12/14 Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. Мәскеу. 8 мамыр, 2015 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде. Ташкент. 24 маусым, 2016 жыл.
13/14 Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде. Ташкент. 24 маусым, 2016 жыл.
Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. 14 сәуір, 2017 жыл.<br />
<br />
&nbsp;
14/14 Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. 14 сәуір, 2017 жыл.

Орталық Азияда тұңғыш рет өз еркімен биліктен кететін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың алты жылдық президенттік мерзімі аяқталды. Азаттық Алмазбек Атамбаевтың аймақта ең ұзақ билікте отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты жылдағы кездесуден түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.
Previous slide
Next slide

7 қазанда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттікке кейбір кандидаттар мен Қазақстан билігінің атына қатар сын айтқан. Оған дейін, қыркүйек айының орта шенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабановпен кездескен еді. Ресми Бішкек мұны "Қазақстан жағының Қырғызстан халқының таңдауына ықпал етуге және Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысуы" деп бағалаған.

Астана Қырғызстан президенті сайлауына араласу туралы айыптауды жоққа шығарған.

10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі пайда болған. Тараптар 19 қазаннан бастап жолаушылар көлігі мен жүгі бар жолаушыларды өткізуді жеңілдетуге келіскен болатын, бірақ Қазақстанмен шекарада Қырғызстаннан шыққан жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі әлі азаймаған.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы шырғалаң (12 қазан 2017 жыл)

Қазақ-қырғыз шекарасындағы шырғалаң
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

Астана шекарадағы тексеруді Қырғызстаннан келетін "контрабандамен күресу үшін" күшейткенін айтады. Бішкек Қазақстан шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтып, Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) жүгінген.

Өткен аптада Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшылығының атына тағы да сын айтып, Қырғызстан Қазақстан билігінің "өзімбілемдігі" салдарынан бір айдан астам уақыт ЕАЭО-мен байланысын үзгенін мәлімдеген.

ВИДЕО: Атамбаев кешірім сұрамайтынын айтты (15.11.2017)

Атамбаев кешірім сұрамайтынын айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті қызметін тапсырып, "жеңілдеп қалатынын" мәлімдеді. Оның сөзінше, президент қызметін атқарған алты жыл "ұзақ және ауыр" болған. "Ұйықтамаған күндер де болды. Бірақ Құдайға шүкір, бұл жүкті абыроймен арқалай алдым" деді Атамбаев.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті қызметіне 2011 жылдың 1 желтоқсанында кіріскен. Биыл 15 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековті ұлықтау шарасы 24 қарашада өтеді.

Айдар
XS
SM
MD
LG