Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:25 27.3.2020

Оқушылар сабақты қашықтан оқиды

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы 27 наурызда бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қаулы қабылдады. 

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте - 16 наурызда басталған еді. Демалыс уақыты үш аптаға созылады.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі қашықтан оқуға қажетті механизмді қарастырып жатқанын хабарлаған. Министр Асхат Аймағамбетов "қашықтан оқуға мүмкіндік беретін" ақпараттық жүйе, видеосабақтар әзірленетінін айтқан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 26 наурызда онлайн өткізілетін сабақ 30 минутқа созылады деген. Оқушыларға берілетін қосымша видеосабақтар телеарналар арқылы көрсетіледі. Биліктің айтуынша, қазір осындай 200 видеосабақ дайын. Тағы 2000-ға жуық өнім әзірленеді.

Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.

15:26 27.3.2020

Коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйел жайлы не белгілі?

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел адам Ақмола облысындағы Қосшы ауылынан. Ол Алматы қаласына құдалыққа барып, одан соң Жамбыл облысы Шу ауданында қонақта болған. Кейін Қосшыға қайтып келген. Ол 13-17 наурыз аралығындағы сапарын пойызбен жүрген. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықбаев айтты.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, оның жағдайы 25 наурызда күрт нашарлап кешкісін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан #2 облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Ал 26 наурызда таңертең ауруханада қайтыс болған. Оның коронавирустан көз жұмғаны 26 наурыз кешкісін ғана белгілі болған.

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 27 наурыздағы брифингте "әйел адам 26 наурыз таңертең қайтыс болды. Бірақ оның коронавирустан қайтыс болғаны тек 26 наурыз кешкісін анықталды" деді.

Әлеуметтік желіде “арнайы қорғану киімін киген ер адам мен марқұмның ұлының арасындағы әңгіменің”видеосы тарады.

Видеодағы марқұм ұлымын деген ер адам “Алматыдан құдалыққа келді. 22 наурызда жедел жәрдем шақырдық. Олар 23 наурызда емханаға барыңыздар деді. Дәрігерге барғанымызда укол, инголяция жазып беріп, үйге қайтарды. Температура түспеді. 24 наурызда жедел жәрдем қайта шақырдық. Олар келіп, жүрегін тексеріп, “жатыңыз, жүрегіңіз жақсы, өлмейсіз” деп кетті. Бес сағатта тіпті жағдайы нашарлап кетті. 25 наурыз таңертең үшінші рет жедел жәрдем шақырдық. Сол кезде дәрігер ауруханаға алып кетті. 26 наурызда дәрігер маған анықтама беріп жатып, “Коронавируспен ауырмаған. Пневоманиядан қайтыс болды. Жерлей беріңіздер” деді. Мәйітханадан алып мәйітін алып кеттік. 26 наурыз кешкі бесте хабарласып, коронавирус табылғанын айтты” дейді.

Азаттық бұл видеоның нақтылығын тексере алмады.

Қазір марқұмның үйі қоршалып, онымен байланыста болған жақындары және #2 облыстық көпсалалы аурухана қызметкерлері де оқшауланған.

13:24 27.3.2020

Коронавирус жұқтырған адам Павлодар облысынан да табылды

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 14:20-дағы дерегіне сай, Павлодар облысында бір адам коронавирус жұқтырды. 

Елде қазір 125 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Атырау облысында үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Павлодар облысында - бір адам

13:16 27.3.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтайды

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда меншік иесіне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды. Тек мемлекеттік органдар, әкімдік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы ұйымдары, азық-түлік дүкендері, дәріхана, БАҚ қана жұмыс істейді. 27 наурызда төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. 

Шараның мақсаты - коронавирустың таралуын тоқтату. 

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 124 адамнан коронавирус табылған. 

Тағы

XS
SM
MD
LG