Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:54 30.3.2020

Жамбыл облысы мен Қызылорда облысына да шектеу енгізілмек

31 наурыздан бастап Жамбыл облысы мен Қызылорда облысында шектеу енгізілмек. Көліктердің Жамбыл облысына және Қызылорда облысына кіріп-шығуына тыйым салынады. Транзиттік көліктер ғана облыс аумағынан өте алады. Қаладағы ірі сауда орталықтары уақытша қызметін тоқтатады.Базарлар 10.00-17.00 арасында жұмыс істейді. Азық-түлік, дәріханалар жұмысы ғана жалғасады. Үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Жұрттың сыртқа шығуы шектеледі.

Қазақстанда қай қалаларда карантин?

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Қарағанды облысындағы Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қаласы карантинде. 31 наурыздан бастап Ақмола облысы да карантинге көшеді.

30 наурыз 16:50-дегі жағдай бойынша, елде 294 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам
  • Алматыда - 73 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 9 адам
  • Алматы облысында - 7 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 5 адам.

Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

15:11 30.3.2020

Вирус тарап жатқан тұста үйде отырған не үшін маңызды? 

 

 

13:58 30.3.2020

Ұзынағашта вирус жұққан науқас 67 жаста

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 наурызда түс кезінде Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Covid-19 дертіне шалдыққан адам - Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғыны. Ер адам 29 наурызда Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Диагнозы расталған.

Карантинге жатқызылмай тұрып, науқас Алматыда артриттен емделген.

"Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталып, провизорлық стационарға жатқызылды" делінген сайтта. 

12:21 30.3.2020

31 наурызда Ақмола облысы да карантинге көшеді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

31 наурыз кешкі 19.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізіледі деп хабарлады коронавирус бойынша құрылған шұғыл штаб өкілдері. Облыс аумағына жүк көліктерінен басқа көлік құралдары мен азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынады. Дәріхана, азық-түлік дүкендерінен басқа ірі сауда орталықтары жабылады. Мейрамхана, дәмхана, асхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарының тамақ жеткізуіне ғана рұқсат етіледі. Билік тұрғындарды тек қажет жағдайда ғана сыртқа шығуға шақырды. Шыққан күннің өзінде медициналық маска тағып, қолғап кию қажеттігін айтты. 65-тан асқан адамдарға үйден шықпауға кеңес берді. 

Ақмола облысында соңғы дерек бойынша, 9 адамнан коронавирус табылған. Елде науқастар саны 294 адамға жеткен

Тағы

XS
SM
MD
LG