Accessibility links

30 жыл бұрынғы антиядролық қозғалыс

1989 жылы 28 ақпанда ақын Олжас Сүлейменов "Невада - Семей" антиядролық қозғалысын құру туралы ұсыныс айтып, Алматыда митингі өтті. Митингі Семей полигонындағы "ескертілмеді" делінген кезекті сынақтан кейін инертті газ тараған соң ұйымдастырылды. Алматыдағы акцияда Жазушылар одағы алдында мыңға жуық адам жиналып, ядролық сынаққа қарсылығын білдірді. Митингілер легі кейін полигон маңындағы аймақтарда жалғасты. Оған Қарағанды шахтерлері де үн қосты. Полигон түбіндегі бұрынғы Семей облысы Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылындағы акцияларда адамдар сынақ алаңының жабылуын талап етті.
1949 жылы ашылған Семей полигоны 1991 жылы жабылды. Ал 1953 жылы Совет одағы осы полигонда дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомбасын жарып сынақтан өткізді. 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды.
"Невада-Семей" антиядролық қозғалысының полигон маңындағы Қарауыл ауылында өткізген акцияларынан түсірілген суреттер топтамасы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG