Accessibility links

"Уәдеден шаршаған" аналар әкімге сұрақ қоя алмады

Астанада 45 мың отбасы баспана кезегінде тұр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

Астана 45 мың отбасы баспана кезегінде тұр

Ақпанның 15-і күні Астанада жүздеген әйел қала билігімен кездесуге келді. Олар әкім орынбасарын тыңдамай, Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алдарына шыққанын талап етіп тұрып алды.

"ӘКІМ КЕЛМЕСЕ АҚОРДАҒА БАРАМЫЗ"

Халық "Астана" концерт залының фойесіне жиналды. Осы жерде ақпанның 6-сы күні де ондаған ана жиналып, билікке өз талаптарын қойған. Сол кезде әкімдік өкілдері ақпанның 15-і күні әкім өзі келіп, есеп береді деген.

Бірақ кейін қала әкімдігі ақпанның 15-і күні концерт залында жоспарланған азаматтарды қабылдау шарасы болмайтынын айтқан. Астана билігі талап-арызы бар аналарды аудан әкімдіктері қабылдайтынын мәлімдеген. Бірақ әкімдіктің мәлімдемесіне қарамастан ақпанның 15-і күні таңертеңнен бастап халық "Астана" концерт залына жинала бастады. Әкімдіктегі басқарма өкілдері фойеге үстелдер қойып, "Ашық есік апталығы" деген баннер іліп, микрофон орнатып жатты. Мұнда келген аналар "әкімдік қызметкерлері ештеңе шешпейді" деп, қала әкімі Бақыт Сұлтановтың келуін талап етті.

Жиналғандар "Әкім! Әкім!" деп шулап қоя берді. Әйелдер "әкімді шақырыңдар! Билік халық алдына шықсын!" деп тұрып алды.

"Ақпанның 6-сы күні талап қойдық. Сол кезде ақпанның 15-і күні қала әкімі өзі келеді, жауап береді деген еді. Әкімдік үйге көмір, бес литр сұйық май әкеп берді. Бізге бір күндік тамақ керек емес, бізге балаларымыздың болашағы керек. Әкім не елбасы келіп, аналарды тыңдасын. Жылына бір рет аналардың мұңын тыңдай алмай ма? Әкімді көруге зар болдық ғой. Уәдеге тойдық" деді жиынға келген аналардың бірі.

"Астана" концерт залының фойесіне жиналған аналар қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновті қоршап тұр. 15 ақпан 2019 жыл.
"Астана" концерт залының фойесіне жиналған аналар қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновті қоршап тұр. 15 ақпан 2019 жыл.

Жиналғандар "әкім келсін, бізге ашық есік керек жоқ. Әкім келмесе Ақордаға дейін барамыз" деп әкімдік мамандарын тыңдамай қойды. Аналардың көбі "Алтын алқа" мен "Күміс алқаларын" тағып келген. Жиналғандар арасында ер адамдар да, зейнеткерлер де жүрді.

Бір сағаттан кейін "Астана" концерт залына қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов (14 ақпанда тағайындалған) келіп, баспана субсидиясы және көп балалы аналарға көмек туралы айта бастаған. Халық әкім орынбасарының қазақша сөйлеуін талап етіп, кейін оны қоршап, шулап кетті. Олар "қала әкімі шықсың" деген талаптарын тағы қойды. Әкімдік өкілдері халықты сабырға шақырып, қала әкімі Сұлтановтың келетінін хабарлады.

ӘКІМНІҢ УӘДЕСІ

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов сахнаға шыққанда халық қошеметпен қарсы алды. Қала басшысы шамамен сегіз минуттай сөйлеп, әр ана аудандық әкімдіктерге барып, арыздарын жаза алатынын айтты.

"Фойеде үстелдер қойып, сұрақтарыңызды қабылдап жатырмыз. Осылай шулап, дауыс көтеріп, қайтты айтқандарыңыз дұрыс емес. Диалог конструктивті түрде жүргізейік. Әр өтінішті жерге тастамай, әр отбасының жағдайы, жай-күйі қаралады. Уәде беріп отырмын. Айтқандарыңыз Қазақстанның түпкір-түпкіріне естілді. Барлық әкімдік тиісті шараларды қабылдап жатыр. Астанада баспана мәселесін айтып жатырсыздар. Ол бір күнде шешілетін мәселе емес, жиналып қалған мәселе. Бұл жағынан да тиісті тапсырмалар келді. Апатты үйлерді бұзып, олардың орнына көпқабатты үйлер салып, кезекте тұрған адамдардың мәселесі шешіліп жатыр. Астанада 45 мың адам кезек тұр. Баспана бір күнде шешілетін мәселе емес, біртіндеп шешеміз. Жәрдемақы туралы үкімет қарап жатыр, шешімін күтейік" деді әкім.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов көп балалы аналар алдында сөйлеп тұр. 15 ақпан 2019 жыл.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов көп балалы аналар алдында сөйлеп тұр. 15 ақпан 2019 жыл.

Әкім сөзін аяқтап, сахнадан түсіп кетті. Халық сұрақтарын қойғысы келетінін айтып, шулап қоя берді. Бірақ әкім мінберге қайта келген жоқ. Кейін Сұлтанов фойеде кейбір аналармен жеке сөйлесіп отырды.

Астанадағы көп балалы аналар наразылығы

Таңертеңгі сағат 10-нан кейін шағымдануға келген азаматтар қатары көбейе түсті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
1/17 Таңертеңгі сағат 10-нан кейін шағымдануға келген азаматтар қатары көбейе түсті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Наразы топ "әкім" деп айғайлап, қала әкімінің келуін талап етті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
2/17 Наразы топ "әкім" деп айғайлап, қала әкімінің келуін талап етті. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Әлеуметтік мәселесін айтып, шағымданып тұрған аналар. Олардың бірі мемлекет тарабынан берілетін жәрдемақының аздығын айтса, бірі баспана мәселесін көтерді. 
3/17 Әлеуметтік мәселесін айтып, шағымданып тұрған аналар. Олардың бірі мемлекет тарабынан берілетін жәрдемақының аздығын айтса, бірі баспана мәселесін көтерді. 
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Жергілікті билікке арызын жазбаша жеткізуге тырысып жатқан тұрғындар. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
4/17 Жергілікті билікке арызын жазбаша жеткізуге тырысып жатқан тұрғындар. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Тұрғындар наразылығы үдеген соң жиналғандармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді
5/17 Тұрғындар наразылығы үдеген соң жиналғандармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов "Аудан әкімдіктері көп балалы аналардың шағымын жинап жатыр"
6/17 Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов "Аудан әкімдіктері көп балалы аналардың шағымын жинап жатыр"
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Қала әкіміне шағымын жеткізгісі келгендер көп болды
7/17 Қала әкіміне шағымын жеткізгісі келгендер көп болды
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Қала әкімінің сөзінен кейін тұрғындардың наразылығы басылған жоқ. Олар өздеріне микрофон беруді талап етті. Ал жергілікті билік өкілдері оларды тыныштандыруға тырысты.
8/17 Қала әкімінің сөзінен кейін тұрғындардың наразылығы басылған жоқ. Олар өздеріне микрофон беруді талап етті. Ал жергілікті билік өкілдері оларды тыныштандыруға тырысты.
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Залда отырған тұрғындар
9/17 Залда отырған тұрғындар
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
10/17
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Залда отырған аналар
11/17 Залда отырған аналар
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналардың кейбірі сахнаға жақындап, шағымдарын жеткізді
12/17 Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналардың кейбірі сахнаға жақындап, шағымдарын жеткізді
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналар
13/17 Биліктің жауабына қанағаттанбаған аналар
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Шағымданып тұрған ана. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
14/17 Шағымданып тұрған ана. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залының фойесінде тұрғындар шағымын тыңдап отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
15/17 Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов концерт залының фойесінде тұрғындар шағымын тыңдап отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Жергілікті билік өкілдері Астана тұрғындарының шағымдарын тыңдап отыр
16/17 Жергілікті билік өкілдері Астана тұрғындарының шағымдарын тыңдап отыр
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
17/17
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Previous slide
Next slide

Ақпанның 15-і күні таңертеңгі сағат 11-де Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында қала әкімімен кездесуге мыңнан астам адам жиналды. Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің айтуынша, 1300 орындық зал толып, жиырмаға жуық адам сыртта қалған. Әкімдік өкілдері оларға сарайға жақын маңдағы драма театр ғимаратында онлайн-трансляция жүріп жатқанын айтып, алып кетпекші болды. Бірақ тұрғындар қарсы болды.

"Мен бұған дейін мұң-зарымды айттым. Неге соны қолға алмайсыңдар?" деді ашынған тұрғындардың бірі әкімдік өкілдеріне.

Халықпен кездесуге әкім Ғабидолла Әбдірахымов және ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келді.

Тұрғындар алдында есеп берген әкім көп балалы аналардың жағдайын жақсарту мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

“Қалада көп балалы аналар үшін орталық ашамыз. Онда тек көп балалы аналар әкімшілік қызметті алатын болады. Көп балалы аналар 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді. Тамыз айынан бастап табыстары күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасыларға жылына бір рет берілетін әлеуметтік көмек деңгейін 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге көбейтеміз. Бизнес өкілдерімен келісіп, "Сен жалғыз емессің!" жобасын бастаймыз. Жоба аясында қиын жағдайға түскен отбасыларға тегін үй салып береміз" деді Шымкент әкімі.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

Ақпанның 6-сы күні Астанада жүздеген ана Астанада жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған.

Ақпанның 6-сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Халық тұрмысын жақсарту үшін үкіметте жұмыс тобы құрылған. Ақпанның 12-сі күні еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова​ жұмыс тобы аясында көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралатынын айтты.

Астанадағы аналар жиыны қалай өтті?

Айдар
XS
SM
MD
LG