Accessibility links

Қытайға барған белсенділер сапары не шешті?


Солдан оңға қарай: саясаттанушы Расул Жұмалы, журналист Қасым Аманжол және Еуропа қазағы Өмірхан Алтын AzattyqLIVE хабарында. Алматы, 23 тамыз 2018

Соңғы екі жыл шамасында Қытай билігінің Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдерін саяси тәрбиелеу лагерлеріне қамап жатқаны айтылып келеді. Тікелей эфирде AzattyqLIVE хабарында осы мәселе талқыланды.

Жақында оннан астам қазақстандық қоғам белсендісі Қытай елінде болып, "этникалық қазақтарға қысым» мәселесі бойынша кездесулер өткізіп қайтқанын хабарлаған.

AzattyqLIVE хабарында Қытайға барған делегация өкілі, саясаттанушы Расул Жұмалы және еуропалық қазақ Өмірхан Алтын осы мәселені талқылады.

​Қытайда жергілікті қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы 2017 жылдың сәуір айынан хабарлана бастаған. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезіндееуропалық қазақ Өмірхан Алтын бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерген.

Оқи отырыңыз: Қытайға "кіріптар" Астананың "сақ" дипломатиясы

Биыл мамыр айында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін "Қытай азаматтығынан шығу заңдылығын бұзған болуы ықтимал" деген күдікпен Қытайда ұсталған этникалық қазақтар туралы журналистер сауалына жауап берді.

Министр жауабында: "Бізде дәл қазір 170-тей этникалық қазақ туралы мәлімет бар. Әрбір адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз" деп айтқан. Бұдан бөлек, Қытайда қамауда болған бірнеше азаматтың босап шыққаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Қамауда не көргенін айтушылар көбейді

Қытайдағы этникалық азшылық өкілдерінің «саяси лагерьлерге» жаппай қамалуы жайлы халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен әлемдік баспасөз жазып келеді. Әзірге, Қытай билігі бұл мәселелер бойынша ресми түрде реакция білдіре қойған жоқ.

AzattyqLIVE хабарына жақында Қытай елінде болып қайтқан делегация мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалы мен еуропалық қазақ Өмірхан Алтын қатысады. Олар өз көрген-білгендері, келіссөздер нәтижесі, бұл мәселеден шығу жолдары жайлы сұрақтарға жауап берді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG