Accessibility links

Арыстағы ахуал: Қоғам төтенше жағдайға дайын ба?


Арыстағы ахуал: Қоғам төтенше жағдайға дайын ба?
please wait

No media source currently available

0:00 0:38:58 0:00

Арыстағы ахуал: Қоғам төтенше жағдайға дайын ба?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс пен өрт, тұрғындарды эвакуациялау, мемлекеттік билік пен қоғам әрекетін талқылады. Хабарға саясаттанушы Әзімбай Ғали қатысты.

Маусымның 24-і күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды. Аймаққа Қазақстан президенті, қорғаныс министрі сияқты лауазымды тұлғалар барып, жұртпен кездесті.

Арыс қаласындағы әскери қойма жарылысы кезіндегі және төтенше жағдай жарияланғаннан кейінгі қазіргі ахуалды Азаттық аймақта жүрген тілшілер арқылы және саясаттанушы Әзімбай Ғалимен бірге талқылады.

Арыс қаласында бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған. 2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам қазаға ұшыраған еді. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

2014 жылы Арыстағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған оқ-дәрі атылған. Ол оқиғадан төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы және жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

Арыс қаласынан қырық мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Ата-аналарынан адасып қалған балаларды өзге адамдар алып кетіп, әлеуметтік желі арқылы сұрау салып, табысып жатыр. Шымкенттегі мешіт маңына жиналған кейбір тұрғын биліктен көмек болмады деп шағымданды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG