Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
"Мектептегі буллинг" және "артта қалған мемлекет комплексі". "Борат-2" комедиясы да қазақстандықтардың шамына тиді
Атышулы "Борат" комедиясының жалғасы ел ішіндегі және шетелдегі қазақстандықтар арасында тағы да әртүрлі реакция туғызды. Біреулер "фильмді көрсетуге тыйым салу керек" десе, екінші бір топ сыншыларды шектен тыс сезімталдығы үшін айыптады. Фильмнің елді қорлайтыны рас па? Бұған қазақтардың мәдени жарасының не қатысы бар? Азаттық осы сұрақтарға жауап іздеп көрді. Нәтижесімен мына жерден танысуға болады.
Қазақстанда парламент сайлаулары қалай өтті?
Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында парламент пен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауы өтеді. Мақаласын толық нұсқасын оқи отырыңыздар.
ЖСДП, "Ауыл" және "Бірлік" парламент сайлауына қатыса ма?
Қазақстанда ресми тіркелген алты саяси партия бар. Олардың үшеуінің ғана өкілдері парламент мүшелері. Қалған партиялар алдағы сайлауға қатыса ма? Олар науқанға қалай дайындалып жатыр? Азаттық тілшісі тіркелген партиялардың Нұр-Сұлтандағы кеңселерін аралап көрді.
"Ұстап әкетіп, қинап өлтірді". Туыстары жігіттің өліміне полицияны айыптады
Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қаза болған Азамат Оразалының өліміне байланысты үш полицей қамауға алынып, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Туыстары "мал ұрлығын мойындатпақ болған полиция жігітті қинап өлтірген" дейді. Оқиға туралы толығырақ білу үшін сілтемені басыңыз.
"Не Қазақстанда, не Түркіменстанда жоқпыз". Этникалық қазақтар атамекенге жете алмай отыр
Түркіменстаннан Қазақстанға көшкісі келетін жүзден астам этникалық қазақ отбасы жеті айдан бері атамекенге жете алмай, әрі-сәрі күйде отыр. Олардың көбі қыстың соңы, көктемнің басында үйін сатып, Түркіменстандағы тіркеуден шыққан. Бірақ пандемияға байланысты шекара жабылған соң сол елде қалуға мәжбүр болған. Қандастардың қиындыққа тап болғаны туралы мақаланың толық нұсқасы мына жерде.
"Сенбейміз, депутат мырза". "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы жұртты сусыз қалдырды
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы тұрғындары жарты жылдан артық уақыт ауыз сусыз отыр. "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тұғылда салынған су құбыры желісі істемейді. Жұрт жергілікті депутат басқаратын мердігер компанияның құрғақ уәдесіне тойғанын айтады. Мақаланы оқи отырыңыздар.
Жөндеу ме, көз алдау ма? Таразда көпқабатты үйлердің көше жағы сырланып, аула жағы жөндеусіз қалған
Әкім тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында негізгі көшелердің бойындағы тұрғын үйлердің сырты сырланып жатыр. Сырт көзге көрікті көрінгенімен үйлердің аула жақ қабырғалары боялмаған, жөндеу көрмеген.
ПІКІРЛЕР