Accessibility links

Сайлау нәтижесіне тәуелсіз бақылаушылар неге наразы?


Сайлау нәтижесіне тәуелсіз бақылаушылар неге наразы?
please wait

No media source currently available

0:00 0:47:45 0:00

Сайлау нәтижесіне тәуелсіз бақылаушылар неге наразы?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде 9 маусымда өткен Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері талқыланды. Хабар қонағы заңгер Серік Әбішев болды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусымның 9-ы күні өтті. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлау алдында 1013 халықаралық бақылаушыға аккредитация берілген. Президент сайлауын тоғыз халықаралық ұйымнан 866 адам және 41 шет мемлекеттен 147 бақылаушы қадағалайтыны хабарланды.

Тікелей эфирді көріңіз:

Сайлау күні және одан кейін әлеуметтік желіде сайлау процесін бақылаған бақылаушылар өздері куә болған заңбұзушылықтарды жазып, хаттамалармен бөлісті. Кейбір белсенділердің есептеуінше, жақында өткен президент сайлауын шамамен бірнеше мың жергілікті тәуелсіз бақылаушы қадағалаған.

Түрлі ұйымдардан тіркеліп, өздерін тәуелсіз бақылаушы санайтын белсенділер Қазақстанның қанша сайлау учаскесінде жұмыс істеді? Республика бойынша толық қамтып, ортақ қорытынды жасауға қандай негіздері бар? Олардың «сайлауда заң бұзушылықтар болды» деуіне нақты дәлелдері жеткілікті ме? Бақылаушылар жұмысы қалай үйлестірілді? Сайлауды «заң талаптарына сай өтті» деп санайтын өзге бақылаушыларға көзқарастары қандай? Сарапшы, заңгер осы және өзге сауалдарға жауап берді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG