Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы елде коронавирус инфекциясы өршіп, науқастар мен өлім-жітім көбейген соң үкімет екі аптаға карантин шектеуін жариялаған тұсқа дөп келіп отыр. Назарбаевтың есімі берілген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің экс-президенттің туған күнімен сәйкес келетін Астана күні мерекесін көпшілік шара түрінде атап өту жоспары жұртшылық тарапынан сынға қалған соң, билік оны онлайн режимде өткізуді ұйғарды. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевқа кезекті ескерткіш ашылған.
Өзі Қазақстан президенті болып тұрғанда қабылданған заңдарда бекітілген "Елбасы" деген ерекше мәртебесі бар Назарбаевты шетел басшылары құттықтап жатқанын жазады ресми басылымдар. Назарбаевтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай президенті Си Цзиньпин, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения президенті Армен Саркисян, Украина президенті Владимир Зеленский, Польша президенті Анджей Дуда және басқалардан құттықтау хат келген.
Қазақстандықтар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отызға жылға жуық ең жоғарғы билікте отырған кезде атқарған еңбегіне әртүрлі баға береді. Кейбіреулер оны тәуелсіз Қазақстанның шекарасын бекітіп, экономикасы дамыған, басқару жүйесі орныққан мемлекет қалыптастырған реформатор тұлға деп атайды. Ал енді біреулер Назарбаевты адам құқықтары мен бостандықтарын елемейтін, саяси бәсекелестерін қуғынға салып, сайлауды әділетсіз өткізетін, азаматтар алдында еш нәрсеге жауап бермейтін, тамыр-таныстыққа сүйенген жемқорлық жүйені мұраға қалдырды сынайды.
Есмұқан Обаев, театр режиссері, 1995 - 2001 жылдары мәдениет министрінің бірінші орынбасары болған, Қазақ ССР халық әртісі:
- Қазақстан десеңіз көз алдымызға Назарбаев, Назарбаев десеңіз Қазақстан келеді. Назарбаев кезеңі – Қазақстан үшін, жалпы әлем үшін, бейбітшілік үшін, халықтар достығы үшін, экономика үшін – алтын ғасыр. Назарбаевтың еңбегі орасан зор.
Алтынбек Қоразбаев, композитор, әнші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі мұрасы – Нұр-Сұлтан қаласы.
- Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі мұрасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Астананы салу оңай болған жоқ. Нұр-Сұлтанда "Қазақконцерт" ғимаратын, "Пирамиданы" және бірнеше театр салдырды. Нұр-Сұлтандағы опера театры әлем деңгейіндегі үлкен театр. Ал экономика, мұнай, саясат жағын менен сұрамай-ақ қой, ондайды түсінбеймін.
Оразгүл Асанғазы, парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты:
- Астана үшін Назарбаевқа ризамын. Жақсылығы көп болды, жастарды "Болашақпен" оқуға жіберді.
Талғат Теменов, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер:
- Шекарамызды бекітті.
Рахман Алшанов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, жоғары оқу орындары ассоциацясының төрағасы:
Экономиканы қайта құрып, жаңа салық жүйесін құрды, мемлекеттің барлық компоненттерін жасады.
- Назарбаев шекарасы бекіген, әскері, мемлекеттік басқару жүйесі орныққан мемлекет қалдырды. Қазақстан танымал елге айналды. Назарбаев экономиканы түсінетінін көрсетті, шетелден мол инвестиция тарта білді. Совет одағынан қалған экономиканы қайта құрып, жаңа салық жүйесін құрды, мемлекеттің барлық компоненттерін жасады, қазір сол жұмыс істеп тұр. 1990 жылдардың басында "Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде кезекті жанжал ошағы болады" деген болжам көп айтылды, Назарбаев ұлтаралық татулықты сақтап қалды. Бұл да үлкен мұра.
Ғазиз Алдамжаров, 1990 жылдардың басындағы Жоғарғы кеңес депутаты, оппозициядағы саясаткер:
Назарбаевтан қалған ең үлкен мұра – жемқор жүйе.
- Назарбаев туған-туыстары мен достарының проблемасын шешіп кетті. Халық совет өкіметі құлағандағы проблемасымен сол күйі қалды. Коронавирус індеті Назарбаев қандай денсаулық сақтау саласын мұраға қалдырғанын көрсетті. Бұл індет өмірдің барлық саласын жалаңаштап, Назарбаевтың мұрасы қандай екенін айқындап жатыр. Назарбаевтан қалған ең үлкен мұра – жемқор жүйе. Осы жүйе мемлекет билігін байлықтың көзіне айналдырды. Жоғары биліктегілердің отбасы шетелде тұрады. Байлығын шетелде сақтайды, шетелде оқиды, шетелде емделеді. Бұл ел оларға ақша табатын жер ғана болып қалды. Егер Назарбаев Қазақстанның болашағын ойласа, демократиялы саяси жүйе қалыптастырып кетер еді, ол керісінше болашағы жоқ саяси жүйені мұраға қалдырды.
Ақназар Абдуғаппарұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:
Адам құқықтарын, сөз бостандығын елемейтін, әділетсіз сайлау мен жемқорлық жайлаған жүйені мұраға қалдырды.
- Өмірінде бір ғана президент көрген жастарға жауап беруге қиындау сұрақ. Өйткені Назарбаевтың қандай мұра қалдырғанын басқа президентпен салыстыра айтқан дұрыс болар еді. Менің ойымша, Назарбаев кезеңінде Қазақстан экономикасы тәп-тәуір дамыды. Халықаралық аренада Қазақстанның беделін көтерді. Бірақ Назарбаев адам құқықтарын, сөз бостандығын елемейтін, әділетсіз сайлау мен жемқорлық жайлаған жүйені мұраға қалдырды. Былтыр Арыстағы жарылысқа байланысты Арыс тұрғындарына берілетін көмек қаржы мен коронавируспен күреске бөлінген ақшаға да жемқорлардың қол салғаны – Қазақстандағы жемқорлықтың қай деңгейге түскенін көрсетеді.
Бэлла Орынбетова, "Respublika" қозғалысының мүшесі:
- Назарбаев жеке басқа табыну культін қалдырды. Назарбаев жайлы том-том кітаптар, шығармалар, фильмдер, көше, қала атаулары, ескерткіштер соның белгісі. Белгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерінің билікті дәріптеуі, мадақ айтып, қолын сүю нормаға айналды. Тіпті Назарбаев көзі тірісінде ел алдындағы азаматтардың өзі көз жасын сығып алуға арланбайтын күйге жеткізді оның культі.
Белгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерінің билікті дәріптеуі, мадақ айтып, қолын сүю нормаға айналды.
Назарбаев трайбализмды мұра етті. Президент айналасын, министрлерді, үкімет, ұлттық компанияларды қараңыз. Ауылдастары, сыныптастарының балалары, руластары, ағайындары... "Таңдаулы" бір әкім, министрлердің қызметіне қарасаңыз, саяси элитаға кіру үшін білікті менеджер, көреген саясаткер, мықты тұлға болу да шарт емес екенін байқайсыз.
Назарбаев авторитарлы режимді мұра етті. Лауазымды тұлғалардың президентті сынауы, өз еркімен отставкаға кетуі Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбайұлылармен бірге кеткен. Қазақстан тәжірибесінде болған ең тәуелсіз баспасөз де сол жылдары жаңа бас көтеріп, жоқ болды. Қазіргі шенді, лауазымдылар арасынан президентке қарсы сөз айтып, оппозицияға кетпек түгіл, ерекше ойлайтындарын таппайсыз. Иә, оппозициялық партиялар әлдеқашан құрыған. Үлкен астауға тұмсық тығу үшін үндемеу керек, үндейтіндерді естімеуің керек. Өкінішке қарай отыз жылда қалыптасқан жүйе дәстүрі сондай. Бізге Назарбаев осындай саяси дәстүрді мұраға қалдырды.
Ноябрь Кенжеғараев, әдебиеттанушы, зерттеуші:
Реформалар нақты зерделеніп, талқылаудан өтпей, дайындықсыз жасалатындықтан, білім мен ғылым саласы тоқырауда тұр.
- Президент Назарбаевтың 1991 жылы Түркістан қаласында мемлекеттік университет ашқаны сөзсіз ілгері қадам болды. Қазақстан 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңестік ғылым жүйесінен толықтай бас тартты, бұрынғы кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау жүйесін тоқтатты. Содан бері ғылымның қара бұлты сейілмей келе жатыр. Жыл сайын PhD-ға қабылданатын санаулы ғана докторанттар ғылымның дамуына сүбелі үлес қоса алмады, бұл шикі жүйе бәрін де тұсаулап тұр. Реформалар нақты зерделеніп, талқылаудан өтпей, дайындықсыз жасалатындықтан, білім мен ғылым саласы тоқырауда тұр деуге толық негіз бар. Білім беру саласы 12 жылдық форматқа көшіріледі деп талай жыл жұмыс істелді, қыруар қаржы бөлінді, үш тілді білім беру жүйесі жүргізілді, оған да қыруар қаржы бөлінді, ақыр соңында екеуі де тоқтады. Білім мен ғылым саласы қордаланған проблемалары көп дүбара күйде қалды. Мұның бәрі де Назарбаев кезеңінен қалған мұралар.
Мөлдір Төреш, инженер:
- Назарбаев 157 миллиард доллар қарызды мұраға қалдырды. Мемлекет қарызы, жеке компаниялар қарызы деп әртүрлі атағанымен бұл бәрібір Қазақстан төлейтін қарыз, көпке дейін естен кетпейтін үлкен мұра.
Ғалымжан Оразымбет, қоғам белсендісі:
- Назарбаев тұтас бір жүйенің атауына, мемлекетті бұлай басқаруға болмайтынын білдіретін ұғымдардың жиынтық атауына айналды. Бұл жемқорлық, бір адам немесе бір отбасының мүддесі мемлекет мүддесінен жоғары тұру, ең жаманы – мемлекеттік қызметтің еш нәрсеге, ешкімнің алдында жауап бермеуін білдіретін ұғымдардың ортақ атауы. Ештеңе жасамай-ақ, меммлекеттік пропаганда арқасында "толағай табысқа" жетуге болатын советтік жүйені жетілдіріп, мінсіз жүйе деген біржақты түсініктерді орнықтырды. Мемлекеттің азаматтар алдында еш нәрсеге жауап бермейтіні, жауап беруге тырыспайтынының бір себебі осы, жүйе мінсіз, біз бәрін білеміз, бәрін дұрыс істейміз деген түсінік. Ал оның салдары – жемқорлық, ең төмен деңгейдегі мемлекеттік қызмет сапасы, жауапкершіліктің жоқтығы.
Пандемия Абай жылында өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақпен ғана айналысып жатқанымызды толық паш етті.
Осынша қаржы, ресурс потенциалы бола тұра жасампаз экономика жасауға тырыспағанымыз, бар әлеуетімізді құр сөз бен даңғазаға жұмсап, жасампаздыққа, ішкі инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салмай, инвестиция имитациясын табыс көзіне айналдырып алғанымыз да осы отыз жылдық жүйе жұмысының логикалық қорытындысы, соның мұрасы. Абай жылында өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақпен ғана айналысып жатқанымызды толық паш етіп тастаған пандемия – Назарбаев "жасампаздығының" ешқандай пропагандамен ақтап ала алмайтын сәтсіздікпен аяқталғанын жақсы көрсетті. Бұл жүйенің салдарын әлі тым ұзақ тартамыз. Қазірге дейін төлеген құнмен құтылмаймыз. "Назарбаев" ұғымы немесе ұғымдар жиынтығының салдары осы.
Фотогалерея: Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған. 
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады