Accessibility links

Шетелдік жұмысшылармен жанжалдан соң билік жергілікті маман даярлауды қолға алды


Ескі Жәйрем кентіндегі қорғасын байыту фабрикасының құрылысы. Қарағанды облысы, 20 мамыр 2019 жыл.

Тамыздың 12-сі күні Жәйремде болған жанжалда бірнеше шетелдік жұмысшы жапа шеккен. Тұрғындар жұмысқа тұрудың қиындығы мен кәсіпорындардың шетелдіктерді жұмысқа тартуға әуес екенін айтып, наразылық білдіреді. Билік жұмыс мәселесін шешуге уәде беріп отыр.

Ауыл тұрғындары мен куә болғандардың сөзінше, тамыздың 12-сі күні шыққан жанжалға шетелдік азаматтың интернетке "жалаңаш қыздың суретін салып, жергілікті халықтың намысына тигені" жайлы тараған хабар себеп болуы мүмкін. Жәйрем тұрғындары сонымен бірге наразылықтың бір себебі ретінде жергілікті халықтың тұрмыс деңгейінің төмендігі мен комбинатта бос жұмыс орнының жоқтығын атайды.

Жанжал салдарынан бірнеше шетелдік жұмысшы "жеңіл жарақат" алған. Қазір Жәйремнің жеті тұрғынына қарсы "бұзақылық жасап, біреудің мүлкін ұрлау" дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар - 22-33 жас аралығындағы жастар, олардың кейбірі қамауда отыр.

Жәйрем тау-кен байыту комбинаты әкімшілігі болған оқиға жөнінде пікір білдірген жоқ. "Казцинк" компаниясына тиесілі кәсіпорын Қарағандыдан 360 километр жердегі Жәйрем полиметалл кен орнында жұмыс істейді. Бұл - Қазақстандағы ең ірі полиметалл кені шоғырланған аймақ. Мұнда қорғасын-мырыш, баритполиметалл және темір-марганец кен орындары бар.

"АДАМДАР ӨЗ АУЫЛЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕДІ"

Азаттық тілшісі сөйлескен Жәйрем тұрғындарының сөзінше, жастар ауыл тұрғындарының екі қолға бір күрек таба алмай басқа өңірлерге вахталық жұмысқа кетуін кәсіпорында шетелдік жұмысшылардың көп болуымен байланыстырады. Жұмыссыздардың көбейіне жергілікті тұрғындар еңбек етіп келген "Үшқатын" карьерінің жабылуы да әсер еткен.

Ескі Жәйрем кентіндегі қаңырап қалған тұрғын үйлердің қасынан өтіп бара жатқан балалар. Қарағанды облысы, 20 мамыр 2019 жыл.
Ескі Жәйрем кентіндегі қаңырап қалған тұрғын үйлердің қасынан өтіп бара жатқан балалар. Қарағанды облысы, 20 мамыр 2019 жыл.

етіп келген "Үшқатын" карьерінің жабылуы да әсер еткен. Ауыл тұрғындары билік жағдайды реттеп, жергілікті халықты, оның ішінде өз ауылында еңбек етіп, жақсы жалақы алғысы келетін жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуі керек деп есептейді.

- "Үшқатын" карьері жабылғаннан кейін жергілікті жұмысшылардың көбі басқа өңірлерге вахталық жұмыстарға кетуге мәжбүр болды. Бұл бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Басқа жақта жұмыс істегісі келмегендер де табылды. Адамдар өз ауылында жұмыс істеп, отбасымен бірге тұрғысы келеді. Әсіресе бұл жастарға ұнамайды. Кейбірі тіпті мұндай жұмыстан бас тартты, - дейді өз аты-жөнін көрсетпеуді сұраған Жәйрем ауылының тұрғыны.

Бүкіл байлық бізде өндірілгеніне қарамастан кедейлікте күн кешіп жатырмыз. Ауылда жалақы аз.


Жергілікті халықтың сөзінше, тұрғындардың көбі жаңадан салынып жатқан қорғасын байыту фабрикасында жұмыс істегісі келеді. Шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал осы фабрика аумағында болған.

- Бүкіл байлық бізде өндірілгеніне қарамастан кедейлікте күн кешіп жатырмыз. Ауылда жалақы аз. Жергілікті жұмысшылар аз ақша алады, - дейді Жәйремнің тағы бір тұрғыны.

"ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТІ ШЕШКІМІЗ КЕЛЕДІ"

Шетелдік жұмысшыларға байланысты даудан кейін Жәйремге жағдайды реттеуге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Ол ауыл тұрғындары мен кәсіпорын жұмысшыларының басын қосып, жиын өткізді. Жастар жұмыссыздық мәселесін көтерді. Қошанов бұл мәселені шешу үшін уақыт керегін айтты.

Жәйремдегі жанжалдың жай-жапсары
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Азаттық тілшісі Қарағанды облысы әкімдігіне хабарласып, жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасындағы жанжалдан кейін Жәйрем тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.

Әкімдік дерегінше, жанжалдан кейін Жәйрем тау-кен байыту комбинатына қарасты мекемелерге жұмысқа тұруға 27 адам барған. Биліктің айтуынша, тағы 29 адам дәнекерлеуші, арматурашы, бетон қалаушы, құрастырушы мамандықтарын игеру үшін арнайы білім алуға өтініш берген. Әкімдік "оларды "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Жәйрем ауылында оқыту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Азаттық тілшісінің шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квота туралы сұрағына әкімдік "Биыл Қарағанды облысы бойынша шетелдік жұмысшыларға 800 квота бөлінген. Бірақ әзірге квота толық игерілген жоқ. Шетелден келген жұмысшылардың негізгі бөлігі шағын және орта бизнеске қызмет көрсету саласында жұмыс істейді" деп жауап берді.

Жәйрем ауылдық әкімдігі жұмыс сұраған 27 тұрғынның жетеуі бас мердігердің жаңа фабрикасына орналасқанын хабарлады. Тағы 11 адам медициналық тексеру мен тағылымдамадан өтіп жүр.

Ескі Жәйрем ауылының әкімі Аманғазы Нәукенов. Қарағанды облысы, 20 мамыр 2019 жыл.
Ескі Жәйрем ауылының әкімі Аманғазы Нәукенов. Қарағанды облысы, 20 мамыр 2019 жыл.

- Әлеуметтік шиеленісті шешкіміз келеді. Қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Бізде жаңа фабрика салып жатқан мердігер компаниялармен жұмыс жүргіземіз. Құрылысқа тартылған жұмысшылардың 90 пайызы - жергілікті тұрғындар деп сеніммен айта аламын. Қазір Жәйремге қажет жұмысшы мамандықтарына қайта оқыту үшін адамдар жинап жатырмыз. Оқытушылар Қарағандыдан келеді. Қысқа мерзімді (үш айлық) курс әкімдік ғимаратында өтеді. Әзірге топ құруға жеткілікті адам жиналған жоқ. Одан бөлек, ауылға қоқыс жинайтын адам да керек. Бірақ биыл бұл жұмысты атқаруға ешбір адам тілек білдірген жоқ, - дейді ауыл әкімі Аманғазы Нәукенов.

Ауыл әкімі "Үшқатын" карьері әлі жабық екенін, бірақ оған бірқатар компаниялар, оның ішінде мәскеулік мекеме қызығып отырғанын айтты.

- Онда темір марганец шоғырланған. Оның үлесі 42 пайыз - бұл өте бай карьер. Карьердегі жұмыстан босаған азаматтар вахталық жұмыстарда жүр. Кейбірі [басқа өңірде] жұмыс істеуді қаламайды. Қарсы болмағандар бізге келеді, ары қарай тиісті шаралар қабылдаймыз. Қазір тау-көлік цехында оңтайландыру жұмыстары қолға алынған. Жұмысшыларды қайта оқытып, басқа жұмыстарға жіберіп жатыр. Қорғасын байыту фабрикасындағы (жанжал болған жер - ред.) жұмыс жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес 2020 жылдың сәуірінде аяқтайды деп ойлаймыз, - дейді Аманғазы Нәукенов.

"Казцинк" компаниясының өкілі Азаттық тілшісіне кәсіпорын басшылығы жергілікті жердегі "негізгі жұмыс беруші" екенін түсініп, Жәйремдегі жұмыссыздықты шешуге тырысып жатқанын айтты.

- Жергілікті тұрғындардың біразы өндіріске қатысы жоқ жұмысқа орналасқысы келетінін түсінеміз. Оларды қажетті мамандыққа оқыту туралы міндет қойылды. Бұл мәселені жергілікті билікпен талқылау барысында Жәйремнің жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарын оқытатын арнайы орталық ашып, кейін оларды Қарағанды облысы аумағында түрлі жұмысқа орналастыру туралы жобаны қолға алдық. "Казцинк" жобаға демеуші болуға ықылас білдірді, ал оқытуды ұйымдастыру жұмыстарымен жергілікті "Жәйремнің болашағы" қоғамдық қоры айналыспақ. Қазір Қарағанды облысы әкімдігімен келіссөзді аяқтап қалдық. Үш жақты келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз, - деді “Казцинк” компаниясының өкілі Азаттық тілшісіне.

Жәйрем мен Атырау облысындағы Теңіз кенішінде шетелдік жұмысшылармен болған жанжалдан кейін билік шетелдік жұмысшыларға бөлінетін квотаны азайту, жергілікті жұмысшыларға шетелдіктермен бірдей жағдай жасап, жалақыны теңестіру туралы мәселе көтерді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жергілікті жұмысшылармен бірдей қызмет атқаратын шетелдіктер қазақстандықтардан, орташа есеппен, 1,5 - 2 есе көп еңбекақы алатынын мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл жағдай Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы Қазақстандағы кәсіпорындарды тексерген кезде анықталған.


  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG