Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

14:50 27.2.2019

Жаңаөзенге хабар таратуға барған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековті полиция ұстап, Ақтауға алып кеткен. Соңғы аптада Жаңаөзенде жастар наразылық білдіріп, биліктен жұмыс талап еткен еді.

14:13 27.2.2019

Оралда блоггер Асқар Шайғұмаров таңертеңнен бері үйінің сыртында полиция қызметкерлері торуылдап жүргенін айтып, тікелей эфирде хабар таратты. Полиция қызметкерлері блоггерге полиция бөлімшесіне жүру қажеттігін айтып, ұстамақ болады. Сәлден соң эфир тоқтап қалды. Ал қаладағы жағдайды бақылап жүрген "Уральская неделя" басылымының тілшілерін полиция ұстаған.

13:46 27.2.2019

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының съезі өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына жақын жердегі алаңға жиналған ондаған адамды полиция ұстап әкетті.

Ұсталғандарды алаң маңында тұрған автобусқа салып, полиция бөлімшесіне алып кеткен. Оқиға орнында жүрген "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованың хабарлауынша, Астанада жиналғандардың қолында қандай да бір жазу болмаған, олар ешқандай талап қоймаған.

13:41 27.2.2019

Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесі маңында оншақты адам тұр, ол жерде полиция өкілдері мен жай киімдегі адамдар да жүр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұған дейін, 27 ақпанда түске қарай полици "Нұр Отан" кеңсесінің алдына жиналғандарды күштеп таратып, ондаған адамды ұстап әкеткен болаты. Азаматтарды ұстауға полицияның арнайы жасағы қатысты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG