Accessibility links

NASA аппараты Марсқа қонды


NASA аппараты Марсқа қонды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:48 0:00

InSight аппаратының Марсқа аман-есен қонғанын NASA ғалымдары қуана қарсы алды. Аппараттың сәтті қонуы көп жағдайда планетаға жақындаған кезде алты жарым минутқа созылатын маңызды сәтке байланысты. Бұл кезде шамамен 320 килограмдық аппарат жылдамдығын күрт азайтып, қарсы қысымға төзе алуы тиіс. Алып парашют және ракета двигателі 800 миллион долларлық аппараттың жұмсақ қонуына барынша жағдай жасайды. Бұл сынақтың бәрінен InSight аппараты аман-есен өткен. Марста екі жыл болатын қондырғы планетаның жер бедерін, сейсмикалық белсенділігін зерттейді. NASA ғалымдары InSight-тың көмегімен Марстың пайда болуын, Жерден қандай айырмашылықтары барын білуіміз мүмкін деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG