Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады

Қарашаның 9-ы күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" қозғалысы митинг өткізді. Полиция шараны бақылағанмен ешкімді ұстамады. Митингіге келген жастар елге қоғамдық-саяси өзгерістер қажет екенін айтып, биліктің бір адамның ғана қолында болуы қауіпті екенін айтты. Толығырақ оқу үшін >>>
Әлем елдері Қазақстанның БҰҰ-да жақында есеп беретін сәтін пайдаланып, адам құқықтарын жақсартуға уәде берген жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сөзінде тұруға көндіруі керек. Бұл жөнінде Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы қарашаның 4-і күні мәлімдеді. Ұйым мәлімдемесі Қазақстан Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде есеп берерден үш күн бұрын жарияланып отыр. Толығырақ оқу үшін >>>
Туғанынан қос жанары көрмейтін 21 жастағы Әкімжан Өміртай қазір Қызылорда қаласындағы зағиптар қоғамында музыкант болып жұмыс істейді. Жас әнші Азаттыққа тұрмысы мен арманы туралы айтып берді.
Омбыда Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық әріптестік форумы өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысатын шара бірнеше сағат қана болатынына қарамастан, қалада жарты жылдан бері қызу дайындық жүріп жатыр. 2018 жылы қарашада осындай форум Қазақстанның Петропавл қаласында өткенде президенттер келгенше асфальт пен көгал төселген. 2006 жылы күзде Оралдағы форум кезінде қаладан үйсіз адамдарды жоғалтып, сарғайған шөпті жасыл түске бояған. Толығырақ оқу үшін >>>
7 қарашада Женевада Қазақстан БҰҰ құқық қорғау органында елдегі адам құқығының жағдайы бойынша есеп берді. Жиында Батыс елдері Қазақстаннан Қылмыстық кодекстің кейбір нормаларын, соның ішінде «Араздықты қоздыру», «Жалған ақпарат тарату» сынды баптарды қайта қарауды ұсынды. Делегаттар Қазақстан сайлау заңнамасы бойынша ЕҚЫҰ ұсыныстарын жүзеге асыру керегін де айтты. Толығырақ оқу үшін >>>
Қарашаның 5-і күні Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Интернеттегі еркіндік" (Freedom on the Net-2019) есебін жариялады. Онда Қазақстанда "бір жыл ішінде интернеттегі еркіндік тым нашарлап кеткені" айтылған. Ұйым Қазақстанды "интернеті еркін емес ел" деп таныды. Толығырақ оқу үшін >>>
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмелерінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің суреттері.
Тар қапас. ДАИШ содырлары қамалған түрме
1/10AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Хасака қаласындағы мына түрмеде ДАИШ (Ислам мемлекеті) террорлық ұйымының бес мыңға жуық содыры қамауда отыр.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/10Қамалғандар арасында жастар да бар. Олар ұзақ уақыттан бері сыртқа шығып, күн көзін көрмеген.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/10Түрмеде төсек жоқ. Барлығы еденде ұйықтайды. Түрме бөлмесінің бұрышында жалғыз дәретхана тұр.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/10Қамалғандар сыртта не болып жатқанынан хабарсыз. Олардың күні бес уақыт намазбен өлшенеді.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/10Қамалғандардың көбі жараланған.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/10Түрмеде отырғандардың көбі елдеріне оралғысы келеді. Бірақ Батыс елдері ДАИШ сапына қосылған азаматтарынан қауіптенеді және оларды алып кетуге құлықсыз.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/10Түрмедегі жағымсыз иіс қолқаны қабады.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/10Түрме қызметкерлерінің сөзінше, қамауда отырғандар бірнеше рет бүлік шығаруға талпынған.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/10Түрме күзетшілері қамалғандарды сыртқа шығаруға қорқады. Қарауылдың бірі "олар өте қауіпті" деп қысқа қайырды.
Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің түрмесінде 12 мыңдай ДАИШ содырлары отыр. Күрд жасақтарының айтуынша, түрмеде отырғандар арасында сириялықтар, ирактықтар және 54 елдің азаматы бар. AFP агенттігінің фотолары.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/10AFP дерегінше, түрмеде отырғандар арасында Орталық Азия елдерінің азаматтары да бар.