"Сары нөмір алмаймыз!". Қазақстанның бірнеше қаласында жүргізушілер наразылық танытты
31 қаңтарда түстен кейін Қазақстанның бірнеше қаласында бір мезгілде наразылық шарасы өтті. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Орал және Петропавл қаласында ондаған - кейбір жерде жүзден астам жүргізуші биліктен көліктерді тіркеу шартын жеңілдетуді сұрады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның постсоветтік төрт елге сапары қандай мақсат көздейді?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Лондоннан кейін Украина, Беларусь, Қазақстан мен Өзбекстанға барады. Ол бұл сапарында қандай мәселелерді талқыламақшы?
"Үйден шықпаймыз". Қытайдағы қазақстандықтар коронавирус жайлы
Қаңтардың 28-і күні билік өкілдері Қытайдан елге оралған кемінде жеті қазақстандықтың респираторлы вирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, әзірге еш науқаста коронавирус тіркелмеген.
"Назарбаевтың көңілінен шықпаған Ата заң". 1993 жылғы Конституция президент билігін шектеді
Осыдан 27 жыл бұрын, 1993 жылы қаңтардың 28-і күні Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданған еді. Сарапшылар "алғашқы Конституция қазіргі Конституцияға қарағанда демократия қағидаларына жақын болды" деп санайды. Тұңғыш Конституцияда "Президент референдум өткізу туралы шешімді Жоғарғы кеңеспен ақылдасып барып қабылдайды" деп көрсетілген еді. Алайда 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған референдум кезінде Жоғары кеңестің өзі де болған жоқ.
Ауыр атлетикадағы жемқорлық жайлы фильмінде Қазақстан да аталды
Германияның ARD телеарнасы деректі фильм жариялап, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) басшыларының кейбір атлеттердің допинг сынамаларын әдейі тексермей келгенін мәлімдеді. Телеарна журналистерінің дерегінше, «IWF басшылары біраз елден спортшыларын допингке тексермес үшін ақша алып келген». Деректі фильмде Қазақстан да аталады.
"Анамды сағынбауға тырысатынмын". Ата-әже қолында өскендер
Қазақта жас отбасының тұңғышын не кенжесін ата-әжесі "бауырына басатын" дәстүр бар. Мұндайды жақтайтындар "қариялар қолында өскен бала өзгеше қалыптасады" дейді. Ал психологтардың сөзінше, ата-анасынан ажыраған бала психологиялық жапа шегеді. Азаттық сөйлескен кейіпкерлер әке-шешеден жырақ өсудің қиындығы мен ерекшелігі туралы баяндайды.
Яссыдан Нұр-Сұлтанға дейін... Қазақстан қалаларының тарихын білесіз бе?
Қазақстандағы қала атаулары мен тарихын қаншалықты білесіз? Тексеріп көрелік. Тестен өту үшін мына сілтемені басыңыз.
ПІКІРЛЕР