Accessibility links

2017 жыл несімен есте қалады? Өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды оқиғалары қандай? Қазақстан саяси, құқықтық, экономикалық салада ілгерледі ме, әлде кері кетті ме? AzattyqLIVE хабарында бүгін осы және өзге де сұрақтарға саясаттанушы Дос Көшім жауап берді.

Астанада 23-24 қаңтар күндері Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Жыл соңына дейін тараптар сегіз рет жиын өткізді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда үкімет пен парламентке 40-қа жуық өкілеттілігін бөліп берді.

Қазақстан Алматыда қысқы универсиада ойындарын ұйымдастырды. Латын әліпбиіне көшу, әліпби жасау шаралары басталды. -

Астанада маусымның10-ы мен қыркүйектің 10-ы арасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтті. «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басшысы болған Талғат Ермегияев «аса ірі көлемде пара алды» деп айыпталып, 14 жылға сотталды.

Қазақ-қырғыз қатынасы. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан президентін сынаған мәлімдемесінен соң шекарада кезек көбейіп, жүк көліктерінің өтуі қиындады.

Маусым айында сот президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері Бағлан Майлыбаев пен Николай Галыхинге үкім шығарды. Олар «қызмет бабын теріс мақсатта пайланды», «мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады, таратты, жария етті» деп айыпталды.

Бұл оқиғалардан өзге қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовті сырттай соттау, Ақтауда мұнайшылар аштық акциясы, Жезқазған мен Шахтинскіде кеншілер наразылығы да қоғам назарын аударды.

AzattyqLIVE сауалына саясаттанушы Дос Көшім жауап берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG