Accessibility links

Балғынбек пен Мейірбектің айтысы


Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

.

Желтоқсанның 9-ы күні «Біздің ел осындай» деген атпен Астанада өткен айтыста Балғынбек Имашев пен Мейірбек Солтанхан сахнаға екінші жұп болып шықты. Бұл жыр сайысында ақтық айналымға шыққан Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Солтанханның, оның алдында Мұхтармен сөз қағыстырған Әсемнің айтысын жариялаған едік.

Балғынбек пен Мейірбек Астананың көркі мен президент Назарбаевты ғана жырлаумен тоқтаған жоқ, сөз арасында білім саласындағы жүйесіздік пен жемқорлық тақырыбын да қаузай кетті.

Сөз бастаған Мейірбек Солтанхан «ҰБТ» - ұлттық бірыңғай тестілеу емес, ұлттың болашағын тежеу» деді.

– Сыбайлас жемқорлық тыйылмайды,
Көп еңбек қыл - пайда жоқ - аз еңбек қыл.
ҰБТ-ның үш әрпін ашып айтсам,
Әркімнің бетіндегі безеу боп тұр.
«Ұлттық бірыңғай тест» емес, керісінше,
«Ұрпақтың болашағын тежеу» боп тұр, - деді.

Ал Балғынбек Имашев биліктегі тағайындауларға қатысты: "Қазаққа патша таңдау қиын емес, Патшаға уәзір таңдау қиын қазір" дей келе:

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
– Ай, қазағым, біз ұтылдық, жаулар ұтты
Қыраннан болып шықты қарға мықты.
Жиырма жыл даңғыл жолмен жүрген елді
Жаңаөзенде жаулар кеп жарға жықты.
Бүлікке қатысқандар «оралман» деп,
Қандасыңнан күткізді бар қауіпті.
Сол сылтаумен тоқталып «Нұрлы көшің»,
Қазақты біржолата қолға алыпты.
«Бұл - оралман, сен - елдің егесі» деп,
Қауышқан туыстарды қақ жарыпты, - деп, Жаңаөзен оқиғасы жайлы пікірін де айта кетті.
please wait

No media source currently available

0:00 0:40:42 0:00
Жүктеп алу

Пікірлерді көріңіз (8)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG