Accessibility links

Ресей елшісі қазасының себептері мен салдары


Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты атқан адам оқиға кезінде. Анкара. 19 желтоқсан, 2016 жыл.
Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты атқан адам оқиға кезінде. Анкара. 19 желтоқсан, 2016 жыл.

Ресейдің Түркиядағы елшісі қазасының салдары қандай болуы мүмкін? Дипломаттар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген? AzattyqLIVE бұл мәселені Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі Балташ Тұрсымбаевпен талқылады.

Желтоқсанның 19-ы күні Анкарадағы Қазіргі заман өнер орталығында "Түріктер көрген Ресей" атты фотокөрмені ашуға барған Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қастандықтан қаза болды. Елшіні тапаншамен атып өлтірген адам полициямен атыс кезінде оққа ұшқан. Түркия билігі шабуыл жасаушының "22 жастағы Анкара полицейі Мевлүт Мерт Алтынташ" екенін мәлімдеді. Ол елшіні атқан соң айғайлап, "Сирия мен Алепподағы жағдай үшін кек алғанын" айтқан.

Ресей мен Түркия елші қазасы оқиғасын "арандату" деп атады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл оқиғаға "теракт" деген баға берді. Бүгін Мәскеуде Ресей, Түркия және Иран Сириядағы жағдай туралы келіссөз өткізеді.

Түркиядағы және басқа да елдердегі дипломаттардың қауіпсіздік жүйесі қандай? Ресей елшісінің қазасы әлемдегі және Орталық Азиядағы геосаясатқа қалай әсер етпек? Сирия келіссөзі қалай жалғасады? Осы және басқа да сұрақтарға Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев жауап берді.

XS
SM
MD
LG