Accessibility links

Қыз алып қашқандарды 15 жылға соттауды ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Парламент депутаты Светлана Романовская қыз алып қашқандарды қатаң жазалауды ұсынады. Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздарды ұрлауға қарсы жазалау шарасын қолдану талай айтылса да, әзірше қолдау таппай келеді.

Қаңтардың 23-і күні кейбір қылмыс түрлері үшін жазалау шараларын күшейту қарастырылған жаңа қылмыстық кодекстің жобасын талқылау кезінде қыз алып қашуды жазалау туралы да дау туды. Депутат Светлана Романовская некелесу үшін қыз алып қашуға қатысты қылмыстық іс қозғау құқығын уәкілетті органға берген Қырғызстанның тәжірибесін қолдануды ұсынады. Көрші қырғыз елінде кәмелетке толмаған қызбен некеге тұрғаны үшін 10 жылға дейін, ал қалыңдық ұрлағаны үшін жеті жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы енгізілген.

15-18 жастағы қыздармен некелесу оқиғалары Қазақстанда да жиі кездеседі. Светлана Романовская денсаулық сақтау министрлігінің «босанған әр 100 мың әйелдің 23,5 пайызы – кәмелетке толмаған қыздар» деректеріне сілтеме жасады.

ГЕНЕРАЛ ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУДЫ ДӘСТҮРГЕ БАЛАЙДЫ

– Ерте некелескен қыздар бала табады, оқымайды. Олардың білім алу мүмкіндігі жоқ. Жас қыздың бүкіл өмірі, тағдыры тас-талқан болады, – дейді Светлана Романовская.

Ол қылмыстық кодексте некелесу мақсатымен кәмелетке толмаған қыздарды
Парламент депутаты Светлана Романовская. Астана, 23 қаңтар 2014 жыл.
Парламент депутаты Светлана Романовская. Астана, 23 қаңтар 2014 жыл.
ұрлағаны үшін жеке жаза қарастырылған бап енгізу қажет деп есептейді.

– Ондай жандарды қатаң жазалау керек. Әріптестерім «Қыздардың тұрмысқа шыққаны жақсы емес пе?» дейді. Бірақ біз адам құқығы бәрінен жоғары екенін, оған қол сұғылмауы тиіс екенін түсінуге тиіспіз. Қыз ұрлағаны үшін 15 жылға дейін соттау жазасын енгізуге болады, – дейді Светлана Романовская.

Бірақ парламент депутаттарының көпшілігі, әсіресе ер адамдар әйел әріптестерінің бастамасын қолдамайды. Олар «қылмыстық кодексте адам ұрлағаны үшін жаза қарастырылған бап бар» деген уәж айтады.

Парламент депутаты, запастағы генерал-полковник Қайырбек Сүлейменовтің пікірінше, «қыз ұрлаушылар қызды шаңырақ құру үшін, ұлттық дәстүрді сақтау
Қыз алып қашу. (Қырғызстандағы Қыздарды қорғау институты қоғамдық ұйымының көрнекі суреті).
Қыз алып қашу. (Қырғызстандағы Қыздарды қорғау институты қоғамдық ұйымының көрнекі суреті).
үшін ұрлайтындықтан, қыз алып қашудың сөкеттігі жоқ». Оның айтуынша, қыздардың 90 пайызы осындай жолмен тұрмысқа шығуға келіседі.

– Жігіт қызды бір рет жыныстық қатынасқа түсу үшін емес, ерлі-зайыпты болып, онымен бір шаңырақтың астында ұзақ өмір сүру мақсатымен ұрлайды. Ал жыныстық пиғылды көздемейтін ниет-пиғылды жыныстық қылмысқа жатқызу қиын, – дейді депутат әрі бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов.

Депутат Романовская генералдың бұл уәждеріне қарсы пікір айтады.

– Бұл бар болғаны ер адамның пікірі. Бір рет зорлауды қылмыс дейміз де, ал қызды ұрлап әкетіп некелескен соң оны еркінен тыс өмір бойы зорлауды қылмысқа қатқызбаймыз ба сонда? – дейді ол.

«ОБЪЕКТ»

Құқық қорғаушы Ардақ Жанәбілованың пікірінше, некелесу ниетімен әйелді еркінен тыс ұрлап әкету туралы жеке бап болуы тиіс, бірақ жаза да сәл жеңілдеу болуы тиіс.

Ал парламент депутаты Айгүл Соловьева көбінесе әйел адамдар «ұрлау объектісіне» айналатындықтан, әйелдерді кемсіткені үшін халықаралық заңдарда
Зорлықпен келін түсіру оқиғасы бейнеленген видеодан көрініс. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 2012 жыл.
Зорлықпен келін түсіру оқиғасы бейнеленген видеодан көрініс. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 2012 жыл.
арнайы жазалар қарастырылғанын ескертіп, «әйелдерге қатысты акцент» жасауды құптайды.

Қылмыстық кодекске кәмелетке толмаған қыздарды алып қашқаны үшін жазалау қарастырылған жеке бап енгізуге қатысты дау бұрыннан келе жатыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай проблема әсіресе Қазақстанның оңтүстігіндегі аймақтарда бар, бірақ қыз алып қашу оқиғалары жұртқа жариялана бермейді. «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау үшін жәбірленуші қыз арыз жазуы тиіс. Оңтүстік Қазақстан облысы полициясының Азаттық тілшісіне айтуынша, соңғы екі жылда қыз алып қашу оқиғаларына қатысты бірде бір іс қозғалмаған.

Бірақ бұл облыс көлеміндегі ғана проблема емес. Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Бақыт Әлібаеваның дерегінше, Қазақстанда жылына 3 мыңға дейін кәмелетке толмаған қыздар некеге тұрады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG