Accessibility links

Орталық Азияда әліпби мен тіл мәселесі қай деңгейде?


Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Өзбек қызметінің директоры Алишер Сиддиқов пен Қырғыз қызметінің журналисі Заирбек Бақтыбаев қатысты.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Өзбек қызметінің директоры Алишер Сиддиқов пен Қырғыз қызметінің журналисі Заирбек Бақтыбаев қатысты.

Орталық Азия елдерінде латын әліпбиіне көшудің ортақ үлгісі неге жасалмады? Латынға көшкендер мен көшетіндерді не алаңдатады? Көшпейміз дейтіндер не уәж айтады? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Бұл сауалдарға Өзбекстан және Қырғызстан журналистері жауап берді.

Азаттықтың Қазақ қызметі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріндегі латын әліпбиі мен мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Өзбек қызметінің директоры Әлішер Сыдықов пен Қырғыз қызметінің журналисі Заирбек Бақтыбаев қатысты.

Талқы: Орталық Азиядағы латын әліпбиі
please wait

No media source currently available

0:00 0:21:31 0:00
Жүктеп алу

Әлішер Сыдықовтың сөзінше, тоқсаныншы жылдары Өзбекстанда латын әліпбиіне өтуге көпшілік қарсы болған.

- Бұл көп талқыланды. Зиялы қауым "латын қарпіне көшу керек емес" деді. Билік латын әліпбиі арқылы ағылшын тілі мен компьютерді үйренуге болады деді. Меніңше, бұл дұрыс емес. Қоғамда Совет үкімет кезінде кирилл әрпімен жарық көрген кітаптар оқылмай, салдарынан халықтың сауаттылығы төмендеп кетеді деген пікірлер айтылды, - дейді ол.

Азаттықтың Өзбек қызметінің директоры Әлішер Сыдықов "Латын және мемлекеттік тіл" дөңгелек үстелінде. Прага, 23 наурыз 2018 жыл.
Азаттықтың Өзбек қызметінің директоры Әлішер Сыдықов "Латын және мемлекеттік тіл" дөңгелек үстелінде. Прага, 23 наурыз 2018 жыл.

Сыдықовтың айтуынша, қабылданғанына 20 жыл болса да латын әліпбиінің Өзбекстанда толықтай қолданысқа енбеуіне бұрынғы президент Ислам Каримовтың аталған алфавитпен жұмыс істемеуі себеп.

2017 жылы өзбекстандық әдебиеттанушы Шухрат Ризаев жергілікті басылымдардың бірінде президент Шавкат Мирзияевтың атына хат жазған. Онда ғалым кирилл әліпбиіне қайта оралу туралы ұсынысын білдірген.

Биліктен кетерде бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның кирилл таңбасында қала беретінін мәлімдеген еді. Заирбек Бақтыбаев Қырғызстан латын қаріпті қырғыз әліпбиіне жақын арада көшпейтінін айтады. Ол бұл сөзіне Атамбаевтың мәлімдемесінен өзге жаңа президент Сооронбай Жээнбековтің де пікірін мысалға келтіреді.

- Жаңа сайланған президент те "мен алты жыл президент болып тұрғанда Қырғызстан латын әліпбиіне өтпейді" деп пікірін ашық айтты. Меніңше, егер Қырғызстан латынша әліпбиге қазір өтетін болса, онда оған 90-жылдардағы Әзербайжан, Өзбекстанға қарағанда, біршама жеңіл болады деп ойлаймын. Өйткені, қазір біз латын әрпін күнделікті қолданамыз. Үйрену оңай болады, - деді Бақтыбаев.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ДЕҢГЕЙІ

Жуырда Қазақстанның президенті үкімет пен парламент мемлекеттік тілде жұмыс істеу қажеттігін айтты. Содан бастап үкімет пен парламенттің қос палатасы жиындарын қазақша өткізіп жүр. Министрлер мен депутаттардың барлығы бірдей мемлекеттік тілді игерген деу қиын. Біразы қазақ тілін үйренетіндері айтып жатыр. Сенат депутаты Дариға Назарбаева сияқты қазақшаға көшу орыстілді азаматтар мен азшылықтардың құқығын шектемеуі тиіс деп ескертушілер де бар.

Әлішер Сыдықов Өзбекстанда Совет кезінен бері тіл мәселесі жоқтығын, оған халық санының көптігі әсер еткенін айтады. Ол орыс тілін білмеудің салдарынан Ресейде жүрген өзбек мигранттарының құқығы тапталып жатыр деген ойда.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Искаков 2017 жылдың қарашасында "мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуі қажет" деген қаулы қабылдады. Енді Қырғызстан шенеуніктері қырғыз тілінен сынақ тапсырады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Заирбек Бақтыбаев "Латын және мемлекеттік тіл" дөңгелек үстелінде. Прага, 23 наурыз 2018 жыл.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Заирбек Бақтыбаев "Латын және мемлекеттік тіл" дөңгелек үстелінде. Прага, 23 наурыз 2018 жыл.

Заирбек Бақтыбаев сынақ алу арқылы мәселе шешілмейді деп санайды.

- Бұл мәселені білім беру жүйесін дұрыстау арқылы ғана шешсе болады. Мысалы, бүгінде бір министрлікте жүздей адам қырғыз тілін білмей отырса, бес жылдан кейін де осындай көрініс болуы мүмкін. Өйткені, Қырғызстанда көптеген ата-аналар балаларын орысша оқытқысы келеді.Ал ол балалар бес жылдан кейін мемлекеттік қызметке келеді. Сондықтан мектепте, университетте қырғызша дұрыстап оқыту керек, -дейді ол.

Өзбекстан Орталық Азия мемлекеттері ішінде алғаш болып латын әліпбиіне өткен. Бұрынғы президент Ислам Каримов 1993 жылы латынға көшу туралы жарлық шығарды. Ал латын әліпбиіне көшуге қатысты тапсырманы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы берді. Қазақстан жаңа әліпбиге 2025 жылға дейін толық өтуді жоспарлап отыр. Ал Қырғызстанда бұл тақырып - пікірталас деңгейінде.

Көре отырыңыз: Латын әліпбиіне кім қалай көшті?

Латын әліпбиіне кім қалай көшті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

XS
SM
MD
LG