Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Шыңғыс пен Сарыбала


Чат-Айтысқа қатысушы Шыңғыс Маман. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың жартылай финалының алғашқы жұбы болып қазанның 24-і түскі сағат 15.00-де Шыңғыс Маман мен Сарыбала сөз сайыстырады.

Шыңғыс Маман әуелгі сөз сайысында қарсыласы Олжас Құлымбайды 40-19 есебімен жеңсе, айтыстың екінші кезеңінде Асылбек Есжаннан 40-29 ұпаймен басым түскен. Шыңғыстың алғашқы екі қарсыласы да аудандық, облыстық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындардан көрінгендерін айтқан. Алайда өзінің ақындық қабілетін алғаш Азаттықта сынап көрген Шыңғыс оқырмандар тарапынан қолдау тауып, айтыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.

Шыңғыстың бүгінгі қарсыласы Сарыбала да (лақап есімі) өзінің ақындық қабылетін алғаш рет Азаттықта сынап отыр. Айтысы қолдауға ие болған Сарыбала алғашқы қарсыласы Әсел Назаралыны 24-12 есебімен жеңсе, чат-айтыстың ширек финалында Тұрсынбай Жайымбетовті 151-66 ұпаймен ұтты.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.

Пікірлерді көріңіз (60)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG