Accessibility links

Жанайым Сыдықованың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті


Бесағаш ауылының шыға берісіндегі жол белгісі. Алматы облысы, 11 наурыз 2011 жыл.
Бесағаш ауылының шыға берісіндегі жол белгісі. Алматы облысы, 11 наурыз 2011 жыл.

Марқұмның туыстары соттың жабық өтетіндігін естіп, наразылық білдірді. Ал судья мен мемлекеттік айыптаушы «істің жабық өтуіне заңды негіз бар» дейді.


Мамырдың 18-і күні Алматы облысының Қарасай аудандық сотында 17 жастағы қыздың өліміне қатысты алғашқы сот процессі басталды.

СОТҚА НАРАЗЫЛЫҚ

Бірақ сот жабық есік жағдайында өткендіктен марқұмның туыстары залға жіберілмеді. Бұған келіспеген азаматтар ғимарат алдында наразылық білдірді.

– Біздің барлығымызды залдан шығарып жіберді. «Әкесі мен шешесі ғана – екі адам кірсін» дейді. Бізге ондай соттың қажеті жоқ. Бізге соттың
Жанайым Сыдықованың апайы Мәрзия Сыдықова. Қаскелең, 18 мамыр 2011 жыл.

ашықтығы керек. Судья «зорлау фактісінің негізінде жабық өтеді» дейді. Бірақ зорлаудан бұрын ол жерде адам өліп отыр ғой, кәмелетке толмаған қызымыз өліп отыр ғой, – дейді марқұмның немере апайы Мәрзия Сыдықова.

Қайтыс болған Жанайымның әкесі Ерғали Сыдықов сот хатшысының сөзіне ашуланғанын айтады:

– Мен әкесімін! Бізді неге мазақ етеді? Біз Қазақстанда тұрып, аяғы осындай болу үшін... Мен сонда сорлы болғаным ба?! Мен аузымды тігемін, ішімді тілемін! Маған бәрібір! – деген Ерғали Сыдықов булыға жылап, жерде жатқан бөтелкені алып, денесін тілмек болды. Туыстары оны сабырға шақырып, тоқтатып қалды.

ЖӘБІРЛЕНУІШІНІҢ МҮДДЕСІ

Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған қылмыстық істі неліктен Қарасай ауданының соты қарап жатқандығын білмек болып, сот ғимаратына кірдік. Соттағылар істі Алматы облысының орталығы Талдықорғанан келген судьялар тергейтінін айтып, «бұл қалыпты жайт» деп түсіндірді.

Шамамен 10-15 минутан кейін судьяның өзі де шықты. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ертарғын Садуақасов микрофонға түсініктеме бермейтіндігін айтты. Бірақ Азаттық тілшісіне жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдеді. Судьяның сөзінше, сот расында да жабық жағдайда өтіп жатыр.

– Бұл жәбірленуішінің мүддесін қорғау мақсатында жасалынып отыр. Өйткені істе қыз зорлау фактісі бойынша көптеген айғақтар келтіріліп,
Жанайым Сыдықованың әкесі Ерғали Сыдықов. Қаскелең, 18 мамыр 2011 жыл.

медициналық сараптаманың қорытындылары жарияланады. Ал ондай мәліметтерді қайтыс болған қыздың ата-анасынан өзге ешкім естуге тиіс емес, – деді судья Ертарғын Сәдуақасов.

Ал мемлекеттік айыптаушы Исахан Әбішевтің сөзінше, 22 жастағы күдікті азаматқа «зорлау», «қарақшылық» және «адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр.

– Іске қатысты тек бір ғана қыз зорлау фактісі бойынша 10-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондықтан біз бұл істе ешкімді жақтайын деп, қорғайын деп отырғанымыз жоқ. Заң бойынша жауап береді, – деді Исахан Әбішев.

Судья Ертарғын Садуақасов «соттың шешімі шыққан күні сіздерді міндетті түрде қатыстырамыз» деп уәде берді.

БЕСАҒАШТАҒЫ ОҚИҒА

Естеріздің болса, биыл ақпанның 25-і күні Бесағаш ауылының жанындағы тоғайдан 17 жастағы Жанайым Сыдықованың қорланған мәйіті табылғанын Азаттық бұдан бұрын да хабарлаған еді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күннен кейін күдікті ретінде осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны Ахмед Қахаоғлы ұсталған.

Азаттық тілшісі бүгінгі сот кезінде айыпталушы азаматтың туыстарын іздегенімен, олар сот ғимаратынан көрінбеді. Ал оның адвокаты «залда журналистерден тығылып отырған шығар» деді марқұмның туыстары.

Қамауда отырған Ахмед Қахаоғлының әпкесі Мери Ибооғлы наурыздың 29-ы күні Азаттық радиосы тілшісімен сөйлескенде бұл қылмысты інісінен өзге бірнеше адам жасағандығын айтқан.

– Менің інімнің еш кінәсі жоқ. Мүмкін, ол сол жерде қарап тұрған болар. Қылмысты істеген – ол емес, одан өзге бірнеше адам. Бірақ менің інім, неге екені түсініксіз, бар кінәні өз мойнына алып отыр. Біз ұсталғалы бері Ахмедпен кездеспедік. Тек адвокатпен ғана кездесуге рұқсат бар, – деген еді Мери Ибооғлы.

Жанайым Сыдықованың туыстарының наразылығы:

Жанайым Сыдықованың қазасына қатысты сот
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00
XS
SM
MD
LG