Accessibility links

«KAZNEX INVEST» агенттігінің жауабы


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. (Ресми сайттағы сурет).
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. (Ресми сайттағы сурет).

Азаттық радиосы "Әсет Исекешев отандық бизнеске қауіпті жаңа бағдарлама ұсынды" деген мақалаға орай «KAZNEX INVEST» агенттігінен келген жауапты өзгеріссіз жариялап отыр.


ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің» Азаттық радиосына жауабы

(2011 жылы 13 қазанның Атабаев Дерьяның "Әсет Исекешев отандық бизнеске қауіпті жаңа бағдарлама ұсынды" атты мәліметіне)

Ең алдымен, шикізат емес секторға инвестициаларды тарту бойынша Ұлттық жоспар жаңа бағдарламалық құжат емес екенің атап кету керек. Ал «Ұлттық жоспар» атауының өзі шартты.

ЖИИДМБ шеңберінде 2010-2014 жылдарға инвестицияларды тарту, АЭА дамыту және отандық экспортты қолдау бойынша салалық бағдарлама әлдеқашан жетілдірілді. Ұлттық жоспар осы салалық бағдарламаның өзгертулер мен толықтыруларының тізбесі болып табылады және инвестицияларды тарту бойынша жүйелік өзгешіліктің барлық қажетті шараларын қамтып көрсетеді. Бұл рұқсат рәсімдерінің жеңілдетілуі, орталық та, аймақтық та, барлық мемлекеттік органдар сонымен қатар, шетелдегі қазақстандық елшіліктер, үкіметаралық комиссиялар және іскер кеңестер үйлестірілген қызметінің ретке келтірілуі. Яғни, ҚР-да шикізат емес секторға инвестицяларды тарту бойынша жүйелік қызмет тұрғызылып жатыр.

Жетілдіріліп жатқан Ұлттық жоспар шетелдік қана емес ұлттық инвесторларға да бағытталғанын ерекше атап көрсету керек. Өңдеуші сектордың басым салаларына инвестицияларды салуға дайын әрбір ықтимал отандық инвестор шетелдік инвестордың шарттарындай жеңілдіктердің бүкіл пакетін ала алады.

Сонымен қатар, Ұлттық жоспармен ескерілген преференциялар отандық өндірушілер бәсекелесу қабілетінің жоғарлауына көмек көрсетеді. Өйткені оларда қосымша құралдарды қолдану арқылы шетелдік те капиталды, сонымен бірге өзінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін технологияларды тартуға мүмкіндік пайда болады. Қорындылай келе, ЖИИДМБ шеңберіндегі бағдарламаларының барлығы - мейлі «Бизнестің Жол картасы 2020» немесе «Өнімділік 2020» - бүкіл отандық та, шетелдік те инвесторларға арналған. Бұл пайыз мөлшерлемені қаражаттандыру да, банк кепілдіктерін, инновациялық гранттарды беру, индустриалық инфрақұрылымды дамыту да және т.б. Яғни, жергілікті бизнес үшін теңсіз секілді жағдайларды құру туралы айту қате.

Инвесторларға жеке ықпал ету инвестицияларды тарту үдерісін мөлдір емес жасайтыны туралы автордың қауіптенуі де негізсіз. Жеке ықпал ету елдің территориясында стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлармен қызметтесуді тұспалдайды. Бұл ретте стратегиялық жобаның мәртебесі үкіметте қарастырылудың нәтижелері бойынша беріледі. Мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, бизнес- қауымдастықтар, ҮЕО қатысуымен шешімнің қабылдану үдерісі ашық әрі мөлдір болады және алқа мен кешендi сипатта атқарылады. Әлемдік тәжірибеде нақты бір инвесторға арнайы жұмыс топтар құрылатын жағдайлар сирек емес.

Және соңғысы: неге тек шетел капиталына шоғырлану қажет? Капиталдың қалай пайда болуына тәуелсіз инвесторлармен қызметтесудің шарттары мен белгілері бірдей екенін тағы бiр рет атап көрсету керек. Елге тек ақшаны ғана салып қоймай, өзімен бірге қазіргі заманғы менеджментті, білімді, технологияларды және тәжірибені де алып келе алатын ірі шетел компанияларды тарту үшін күш салуға ерекше көңіл аудару қажет. Бұдан инвестициялық үдерістің барлық қатысушылары ұтатыны әлбетте.
XS
SM
MD
LG