Accessibility links

Тоқаев мақаласының атауы фюрер жайлы фильмді еске салды


«Литер» газетінде жарияланған сенат төрағасы Қасым-Жомарт Токаевтың «Триумф воли Лидера Нации» мақаласынан алынған скрин-шот

Қазақстан парламенті сенатының спикері – ресми түрде мемлекеттегі екінші тұлға – Қасым-Жомарт Тоқаевтың авторлығымен жазылған мақала атауын оқырмандар нацистік Германияда Адольф Гитлердің "тапсырысымен" түсірілген белгілі фильмге ұқсатты. Мақала Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде атап өтілетін Астана күні қарсаңында республикалық газетке шықты. Тоқаев сәл алдын «жігер жеңісі» туралы айтқанда оны көп ешкім байқамаған еді.

Шілденің 6-сындағы Астана күні мемлекеттік мейрамына "тұспа-тұс" келетін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында қазақстандық басылымдардың бір-бірімен жарысып, мадақ мақалалар жазуы қазақстандық оқырманға таңсық емес. Бұндай материал авторлары әдетте президенттің астананы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешімінің дұрыс әрі уақтылы болғанын атап өтіп, Назарбаевтың «перзенті» саналатын қаланы ғана емес, мемлекетті қалыптастырудағы еңбегін дәріптеп жатады.

83 ЖЫЛДАН КЕЙІН

Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шілденің 3-і күні жарық көрген мақаласының тақырыбы болмағанда, әдеттегі дәстүрлі материалдың бірі ретінде елеусіз қалуы мүмкін еді. Кеше қазақ тілінде "Астана - Елбасы жігерінің жеңісі" тақырыбымен шыққан мақаланың орысша атауы "Триумф воли Лидера Нации" нұсқасында жарық көрді. Орыс тілінде мақаланың атауы германиялық режиссер Лени Рифенштальдің «Жігер жеңісі» (неміс тіліндегі атауы - Triumph des Willens) фильміне ұқсас естіледі.

Рифеншталь фильмінің кезінде фюрер Адольф Гитлердің "тапсырысымен түсірілгені" айтылады. Бұл картина 1934 жылы Нюрнбергке жиналған Германияның ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясының (NSDAP) съезі туралы баяндайды. 1935 жылы экранға шыққан фильмнің міндеті – «неміс ұлтын жаңғырту» болса керек. Триумфатор ретінде, әрине, Гитлер шығады.

Арада 83 жыл өткенде президент Нұрсұлтан Назарбаев та осындай дәріптеуге ие болып отыр.

Спикер Тоқаев өзінің Тwitter желісіндегі парақшасында қазақша жазған хабарламасында "Астана - Елбасы жігерінің жеңісі" мақаласын оқуға ғана кеңес береді және ол бұл жазбаны орыс тіліндегі мақаласынан бірнеше үзінді келтіргеннен кейін барып қалдырған.

Сенат төрағасы орыс тіліндегі мақаласын кеңірек таратып, бірнеше үзінді жариялаған. "Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихтың басты белсенді тұлғаларының біріне айналып үлгерді, оның есімі ұлттың жаңғыру тарихында алтын әріппен жазылады",- деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары осы мақала мен аталған фильм атауындағы ұқсастықты дереу байқап үлгерген. "Юрий Дорохов" деген қолданушы сондайда "Лени Рифенштальдан алынған тақырыпқа 100500 балл!" деп жазған.

Denis Krivosheyev те шетелдік баспасөзге сілтеме жасап, мақала тақырыбының Германияның жоғарыда аталған NSDAP партиясы съезі туралы фильмнің атауын еске салатынын жазған. Сондайда ол Гитлер заманында "Бір халық, бір партия, бір президент" тәрізді ұрандардың да болғанын еске салып өтеді.

Temir Khan есімді қолданушы болса, 5 айда 40 мың отандастың елден біржолата кеткенін айтып, тағы да бір миллион адамның ойланып отырғанын еске салып, "мұның бәрі жеңіс пе екен" деген ойын айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі болса, әзірше мақаласының тақырыбына қатысты желіде жазылған жайға пікір білдірмеді.

"САРАЙДЫҢ ҚАЛАУЫНА ҚАРАЙ"

Тоқаевтың мақаласын жариялаған президенттік «Нұр Отан» партиясы құрылтайшылық ететін «Нұр-Медиа» медиахолдингіне кіретін "Литер" газетінің бас редакторы материал тақырыбына өзгеріс енгізбегенін айтады. Азаттық тілшісінің «редакция автордан тақырыпты өзгертуді сұрамады ма?» деген сауалына «Литердің» бас редакторы Қайсар Жанаханов жауап берді.

- Жоқ. Тақырыптан ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Бұрын түсірілген фильм атауынан ұқсастық іздейтіндер бар шығар. Шын мәнінде "Жігер жеңісі" - Ежелгі Грекия дәуірінен бастап спортшыларға, барлық мықты тұлғаларға қарата айтылатын тіркес. Рифенштальдің фильмінің солай аталуы бұл тіркесті меншіктеп алды дегенді білдірмейді, - дейді ол.

Тәуекелдерді бағалау тобының директоры, қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев та мақала тақырыбы Үшінші рейхпен аналогия жасау үшін таңдап алынды деп ойламайды.

- Әдейі олай істеді деп ойламаймын. Туған күні қарсаңында президентке жағыну мақсатында сарайдың қуатты қалауына қарай осындай мақалалар жарияланады, тіпті кәдімгідей провокациялық тақырыптар қойылады. Мақаланы жазған және тақырып қойған адамдар оның ассоциациясы туралы ойламауы да мүмкін. Мұндайда Қазақстанда жеке басқа табыну кәдімгідей құбылысқа айналғанын тағы да байқаймыз. Президент өз құрметіне ескерткіш қойып, жер-су атауын бергенді ұнатпаймын десе де, жағдайдың қалай өрістеп жатқанын көріп тұрмыз ғой. Айналасындағылар осындай мемлекет басшысын сомдап шығарды, - дейді саясаткер.

Желіге шолу: "Тоқаев нацистік идеяларды ұрлап алған"

"Тоқаев нацистік идеяларды ұрлап алған"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Досым Сәтбаев Тоқаевтың мақаласына меңзеп оны жақында ВВС арнасына берген сұхбатынан кейін туындаған "қызуды басуға" бағытталған әрекет ретінде түсіндіреді. Маусымның 20-сы күні ВВС арнасының HARDtalk бағдарламасына шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлау Қазақстанда 2020 жылы болатынын, оған Назарбаевтың қатысу-қатыспауы туралы екіұшты пікір айтқан еді. Сенат төрағасы осы сұхбатында "Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы - тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болатын ол кейін сайлауға түсемін десе, өзі шешім қабылдайды" деген.

Оқи отырыңыз: "Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын"

Осыдан кейін іле-шала ол келесі күні журналистер алдында Тоқаев сайлау туралы «соңғы сөзді Елбасы айтады» деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС-дегі сұхбатына түсінік берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

​- Тоқаевтың сұхбаты Астанада белгілі бір реакция тудырған болар. ВВС сұхбаты мен мемлекет басшысына қарата айтқан біртүрлі эпитеттің (Тоқаевтың соңғы мақаласының тақырыбында айтылатын - ред.) арасында байланыс бар деп ойлаймын, - деді Досым Сәтбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де Назарбаевқа қатысты «Жігер жеңісі» тіркесін қолданған болатын. Маусымның 29-ы күні алтыншы рет шақырылған парламенттің үшінші сессиясын жабу кезінде Тоқаев әріптестерін Астананың 20 жылдығымен құттықтай келе, «Астана – Тәуелсіздіктің қасиетті құндылығының бірі, елбасы жігерінің жеңісі» деген еді. Сол кезде бұл тіркеске ешкім мән бермегенімен, пікірталас мақала шыққаннан кейін барып пайда болды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG