Accessibility links

Қазақ жігітінің әлемдік велосаяхаты соңына таяды

Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.
Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.

Жер жүзін велосипедпен шарлап жүрген қазақстандық Мағжан Сағымбаев Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ол үш құрлыққа саяхаты туралы Азаттыққа айтып берді.

27 жастағы Мағжан Сағымбаев велосипедпен 2014 жылы 1 мамырда 28 мың километрлік жолға шығып, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Австралияға Bike The Earth деп аталатын саяхатын бастаған.

«ЖИЫРМА ЕЛДІ АРАЛАП ШЫҚТЫМ»

Мағжан Сағымбаев велосипедімен Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, кейін Еуропаға жеткен. Еуропадан Америкаға ұшақпен жеткен Мағжан Сағымбаев қос Американы велосипедпен аралап шыққан.Саяхатшы сапар алдында тек Солтүстік Американы аралауды жоспарлаған екен. Кейін жоспары өзгеріп, Оңтүстік Америкаға да саяхаттады.

Одан кейін Австралияны аралап шыққан Мағжан Сағымбаев бұл күндері Қытайда жүр.

Мағжан Сағымбаев Азаттыққа берген сұхбатында саяхатының негізгі бөлігі аяқталғанын, бірнеше айдан кейін елге оралатын айтты.

Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кезі.
Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кезі.

– 20 елді аралап шықтым. 164 ірі қалада, 200-ден астам шағын ауылдарда болдым, - дейді саяхатшы.

Сағымбаев Қытайды екі айдай аралап, Қазақстан шекарасына өтпек. Қытайға дейін Лаос, Камбоджа, Таиланд елдерін аралап шыққан. Саяхатшы Камбоджада жергілікті балаларға ағылшын тілін оқытып, Лаостағы бірнеше тайпаларда қонақта болған. Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңына шығып, Колумбияның Богота, Кали қалаларында Латын Америкасының мәдениетімен де танысқан.

- Еуропалықтар велосипедпен жиі саяхат жасайды. Таиландта англиялық, Австралияда швейцариялық велосипедшілерді кездестірдім. Арасында 65 жастағы ер адам да бар, - дейді ол.

БІР МИЛЛИОН 730 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК САЯХАТ

Мағжан Сағымбаев сапарының түрлі хикаяға толы болғанын айтады. Ол саяхаты кезінде бірнеше рет велосипед сатып алған. Бір жолы Барселонада оның велосипедін ұрлап кеткен. Иранда саяхатшыны автобус қағып кетіп, жарақат алған.

– Биылғы ақпанда Австралияда 38-39 градус ыстық болып, суға түскенмін. Құлағыма инфекция түсіп, ауырып қалдым. Дәрігерге 70 доллар беріп тексерілдім, - дейді Мағжан Сағымбаев.

Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Қытайда Қазақстан туын ұстап тұр.
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Қытайда Қазақстан туын ұстап тұр.

Саяхатшы жолда шатырда түнеп, тамақты арнайы газды ыдыста пісіріп жүре берген. Ол өзімен 30 килограмм жүк алып жүргенін айтты.

Мағжан Сағымбаев елге оралған соң біраз демалатынын, кейінірек келесі саяхаты туралы ойластыра бастайтынын айтады.

Мағжан Сағымбаевтың бұл сапарына қажет 1 миллион 730 мың теңгені (шамамен 9,5 мың доллар) демеушілер жинап берген.

Мағжан Сағымбаевтың әлемдік велосаяхаты туралы фотогалерея

Мағжан Сағымбаевтың әлемдік велосаяхаты

Мағжан Сағымбаев әлемді велосипедпен аралаған саяхатында Қазақстан туын бірге алып жүрді.
1/8 Мағжан Сағымбаев әлемді велосипедпен аралаған саяхатында Қазақстан туын бірге алып жүрді.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Қазақстандық Мағжан Сағымбаев (оң жақта) Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңында тұр.
2/8 Қазақстандық Мағжан Сағымбаев (оң жақта) Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңында тұр.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.
3/8 Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кездегі суреті.
4/8 Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кездегі суреті.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Мағжан Сағымбаев Оңтүстік Америкада мекендейтін түйе тектес сүтқоректі жануар - ламалардың жанында тұр.
5/8 Мағжан Сағымбаев Оңтүстік Америкада мекендейтін түйе тектес сүтқоректі жануар - ламалардың жанында тұр.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Таиландта туристермен бірге тұр.
6/8 Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Таиландта туристермен бірге тұр.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Камбоджа елінде жүрген сәті.
7/8 Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Камбоджа елінде жүрген сәті.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев 2015 жылғы Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ендігі бағыт - Қазақстан.
8/8 Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев 2015 жылғы Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ендігі бағыт - Қазақстан.
Қазақстандық велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевтың үш құрлыққа саяхаты.
Previous slide
Next slide

Әуесқой саяхатшы осыған дейін Қазақстан тауларын да жалғыз аралап шыққан. Жолшыбай кездескен көлікке мініп бірнеше шет елге саяхат та жасап көрген. 2013 жылы автостоппен 20 мың километр жол жүріп, Ресей, Солтүстік Осетия, Грузия, Армения, Украина, Молдова мен Түркияны аралап шыққан соң велосипедпен саяхат жасау идеясы туған.

Қазақстанда әлемді жылдар бойы велосипедпен аралауға құмар басқа да азаматтар бар. Азаттық солардың бірі – әлемнің жиырма шақты елін велосипедпен аралап шыққан Түгелбек Қасымұлы туралы да жазған еді. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылындағы мұғалім бұл сапарына 12 жылын арнаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG