Accessibility links

«Кем дегенде қос партиялы парламент» қандай болмақ?


Парламент мәжілісінің депутаттары Жақып Асанов (сол жақта) пен Айгүл Соловьева (оң жақта) сыбырласып отыр. Астана, 14 желтоқсан 2010 ж. (Көрнекі сурет)
Парламент мәжілісінің депутаттары Жақып Асанов (сол жақта) пен Айгүл Соловьева (оң жақта) сыбырласып отыр. Астана, 14 желтоқсан 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Сарапшылар парламент сайлауына биліктің шынайы оппоненттерінің қатыса алатындарына күдіктенеді. Кейбір саясаткерлер саяси реформалардың басталатынын болжап отыр.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 қыркүйекте «Келесі сайлаудан соң заңға сәйкес мәжіліс кем дегенде қос партиялы болады. Біздің жас демократиямыздың дамуының жаңа кезеңі басталады» деп мәлімдеді.

Сонда бұл парламенттің жаңа құрамына «Нұр Отаннан» бөлек қандай партиялардың кіретіні жайлы мәселе шешіліп қойған деген сөз бе? Парламенттің құрамына оппозициялық партиялар ене ме? Екі не үш партиялы парламент билік пен оппозиция немесе билік пен азаматтық қоғам арасындағы нағыз диалог алаңы бола ала ма?

Осы және басқа да сұрақтар Азаттық радиосы дөңгелек үстелінде сөз болды. Пікірталасқа қатысатындар: Болат Әбілов – «Азат» жалпыұлттық cоциал-демократиялық партиясының тең төрағасы; Зәуреш Батталова – «Қазақстандағы парламентаризмнің даму қоры» қоғамдық ұйымының президенті; Николай Кузьмин – «Эксперт Казахстан» журналы саясат бөлімінің редакторы, Мақсұт Нәрікбаев – «Әділет» партиясының жетекшісі.

Дөңгелек үстелге шақырылған Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев пікірталасқа қатысудан бас тартты. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жұмысбастылығына байланысты сұрақтарға алдын-ала жауап берді.

«ҚАШАН ЕМЕС, ҚАЛАЙ ДЕГЕН АБЗАЛ»

Жүргізуші:


– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі көкейге бір сұрақ ұялатады - келесі парламент сайлауы нақты қашан өтеді, сайлау мерзімінен ерте бола ма?

Азат Перуашев:

– Сайлау күніне келсек, бұл сұрақты осы мәселені шешетін тиісті
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

мемлекеттік органдарға қою керек. Мысалы, мен сайлауды мерзімінен ерте өткізу қажет деп ойламаймын. Әлденеше рет мәлімдегенімдей, сайлаудың заңмен бекітілгендей 2012 жылы өтуі «Ақ жол» партиясының мүддесіне сәйкес келеді.

Зәуреш Батталова:

– Менің ойымша, бұл сұрақ өзекті, сондықтан Қазақстанда сайлаудың мерзімінен ерте өтуі әбден мүмкін. Қаржылық-экономикалық дағдарыстың күшеюі себепті, оның үстіне елдегі саяси ахуал аса тұрақты болмағандықтан, билік сайлауды мерзімінен ерте өткізуге қамданып, президент сайлауынан қалған абыройын нығайтуы тиімдірек болар. Оппозицияға уақыт беру билікке қолайлы болмай отыр, себебі заңды сайлау уақытына бір жыл қалғанда оған ойдағыдай дайындалып алуы мүмкін.

Николай Кузьмин:

– Менің білуімше, Ақордадағы билеуші элитаның ішінде екі топ бар. Бірі мерзімінен ерте өтпек сайлауды қолдаса, екіншісі сайлаудың өз мерзімінде, яғни келесі жылы болуын жақтап шығып отыр. Бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Жуырда ғана сайлаудың мерзімінен бұрын өтуін қолдайтын топ үстем болып жатқандай көрініп еді. Президент кеңесшісі Ертісбаев дәл осы нұсқасын айтқан болатын, бірақ президент кезекті парламент сессиясын ашу барысында мерзімінен ерте өтпек сайлау туралы ештеңе айтпағандықтан, сайлаудың келесі жылы өтуін қалайтын топ басым түскен сияқты. Не дегенмен олардың арасындағы тартыс
Президент кезекті парламент сессиясын ашу барысында мерзімінен ерте өтпек сайлау туралы ештеңе айтпағандықтан, сайлаудың келесі жылы өтуін қалайтын топ басым түскен сияқты.

жалғасып жатыр, сондықтан мерзімінен ерте өтпек сайлауға қарсы, яғни қалыпты сайлаудың пайдасына айтылатын мәлімдемені бірнеше рет еститін боламыз.

Жүргізуші:

– Әбілов мырза, президент Назарбаев қай топты көбірек қолдайды – сайлауды мерзімінен ерте өткізуді жақтайтындарды ма, әлде сайлауды мерзімінде өткізбекшілерді ме?

Болат Әбілов:

– Осынау әңгімелердің бәрі, анығын айтқанда, жөн емес. Әсіресе, билік өкілінің осыны сөз қылғаны орынсыз-ақ. Парламент шынымен заңсыз, заңға қайшы орган – мұны бәрі де жап-жақсы түсінеді, сол себепті осындай әңгіме құрам десе, өз еріктері. Қазақстан тарихы осындай мысалдың бірталайына куә. Аталмыш парламенттің заңсыздығы жайлы бәрі жақсы біледі, оның ешқандай салмағы жоғын, әрі кез-келген сәтте түкке тұрмайтын бұл адамдарды таратып жіберуге болатынын біледі. Әлбетте, президенттің өзі мерзімінен ерте болмақ сайлауды жөн көретін шығар, себебі ол президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді жақсы көреді. Мен үшін сайлаудың қашан өтетіні емес, қалай өтетіні маңызды. Сайлаудың адал, ашық және айқын өткені маңызды.

Мақсұт Нәрікбаев:

– Сайлаудың заңға сәйкес, айқын, заңды, әділ өткені маңызды. Бұл біздің партиямыз үшін де ең басты нәрсе. Конституциямызда айтылғандай, парламенттің шынымен көппартиялы болуы үшін сайлаудың мерзімінен
Көппартиялы парламенттің қажеттілігін енді қоғам ғана емес, биліктің өзі де сезіп отырған болар

ерте өткені қажет. Өкінішке қарай, қазір парламент бірпартиялы болып отыр. Көппартиялы парламенттің қажеттілігін енді қоғам ғана емес, биліктің өзі де сезіп отырған болар, Назарбаевтың сөйлеген сөзі осыған дәлел. Ол кем дегенде екі партия болады деп мәлімдеді. Парламентте қайтадан тек «Нұр Отан» партиясы ғана табылып жатар болса, бұл сөз осыған қатысты айтылған. «Сайлау туралы» заңда «Нұр Отаннан» соң ең көп дауыс жинайтын саяси партияның екінші орын алатыны ескерілген. Тек осы жағдайда ғана.

Екінші жағынан, «Сайлау туралы» заң адал, айқын сайлау жағдайында басқа партияларға да парламентке енуге мүмкіндік береді, ол үшін партиялар сайлаушылар даусының ең көп пайызын жинаулары шарт.

Президент соңғы сайлауында өзінің бағдарламасы туралы, мемлекетімізді онан әрмен демократияландыру мәселесі тұрғаны жайлы сөз қозғады, арасында көппартиялы парламенттің болатынын айтты.

«КІМНІҢ КІМ ЕКЕНІН КӨРЕЙІК»

Жүргізуші:


– Сайлаушылардан қажетті дауыс жинап, парламентке өтуге оппозициялық партиялардың нақты мүмкіншіліктері бар ма?

Болат Әбілов:

– Мол мүмкіншілік қашан да болған және бар да. Қазақстандағы оппозиция бәсекеге аса қабілетті, қисапсыз бұқаралық ресурсы бар: оппозицияда мәртебелі, беделді адам аса көп және олар біраз сайлаушылардың, қарапайым азаматтардың сеніміне ие.

Біз Қазақстанда өткен сайлаулардың бәрі адал, әділ болмады деп есептейміз. Нақты айтқанда, «Нұр Отанға» адамдар дауыс бермейді, сол себепті де сайлау нәтижелерінің бәрі учаскелік сайлау комиссияларында жазылады, кейін мұны президент әкімшілігі келісімімен ОСК (Орталық сайлау комиссиясы) бекітеді. Біз мұндай жағдайға жол беруге болмайды, бұл, қала берді, барлық заңдар мен ережелерді бұзады.

Әлемнің қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз, оның үстіне президенттің өзінің таяуда сөйлеген сөзінде Таяу Шығыстағы ахуал туралы "шекарада бәрі тыныш емес" дегені бар... Ақиқатында Қазақстанның батысында береке қашқан, яғни Қазақстанның ішінде маза жоқ. Мәселенің төркіні осында. Бірақ президент бұл жайлы ештеңе демеді. Оған қоса
Болат Әбілов – «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы.

сайлаудың қалай өтетіні туралы ештеңе айтпады. Бір сценарийдің бары шүбәсіз: олар дауыстың басым көпшілігін «Нұр Отанға» бермекші, ал екінші партия парламентке жеті пайыздық шектен аспай жетеді. Біз мұны әбестік деп, бұған жол беруге болмайды деп есептейміз.

Біздіңше, қалыпты жағдайларда оппозиция мүлтіксіз жеңеді. «Нұр Отанға» ешкімнің де дауыс бергісі келмейді. Ең болмағанда 2004 және 2007 жылдардағы сайлауды еске түсірейікші, сол кезде президент осы партияға дауыс беруге халықты он мәрте иландырып көрді, алайда ешкім даусын бермеді. Сондықтан бұл партияны қолдайтындар мүлде жоқ. Адал, ашық сайлауда кімнің кім екенін көретін боламыз. Оппозицияның мүмкіншіліктерін өте жоғары бағалаймын.

Николай Кузьмин:

– Мен алдымен кімді оппозиция деп санау керек дегенді нақтылап алмақшымын. Сөзсіз, Әбілов мырза оппозиция дегенде, ең алдымен «Азат» ЖСДП-ны меңзеді. Құрамы жаңарған «Ақ жол» партиясы да өзін оппозиция деп жарияламай қоймайды. Бірақ ол президентті жақтайтын, сөйте отырып үкіметтің нақтылы іс-әрекеттерін сынап отыратын сындарлы оппозиция болмақ.

«Әділет» партиясы да сондай. Нәрікбаев мырзаның президенттің жеке досы болғанына қарамастан, оның партиясының бағдарламалық құжаттарын, баяндамаларын оқып шықсақ, ол арада экономикада да, саясатта да, сот реформасы саласында да қалыптасқан қазіргі жағдайға қатысты сын бар. Соттардың тәуелсіздігі жайлы мәселе бойынша бұл партия ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі ұсынып отырған жалпыеуропалық стандарттарға сай ұстанымдарды қолдайды, осылайша бұл тұстағы «Әділеттің» нақтылы ұсыныстары «Азат» ЖСДП ұсыныстарынан аса ерекшелене қоймайды.

Сондықтан мәселе сайлаудың адал болуы я болмауында емес. Билік сайлауды кез-келген жағдайда бақылап отырады, бұрын да солай болатын еді ғой. Бұған шәк келтіруге болмайды.

Егер жаңа парламентте президентке адал, бірақ сөйте тұра үкіметтің іс-әрекеттеріне қатысты біршама өзге көзқарас ұстанған партиялар табылып жатса, мұның өзі - оңалыс. Дәл осындай сценарий жоспарланып жатыр деп ойлаймын.

Мақсұт Нәрікбаев:

– Бүкіл әлемде билеуші партиядан басқа белгілі бір кезеңде жеңіске жеткен саяси партиялар – оппозициялық партиялар. Біз де өзімізді оппозициялық партиямыз деп есептейміз, себебі билікте өкіліміз жоқ. Біздің «Әділет» партиясы сайлау осы жылы өтсе де, сайлауға қатысуға әбден дайын. Елдің саяси аренасында жүргенімізге жеті жарым жыл толды, парламент сайлауына екі мәрте, президент сайлауына екі рет қатысқан түріміз бар. Біз дайынбыз, сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау шынымен заңды негізде болып өтсе игі, олай болса біз жеңеміз.

Зәуреш Батталова:

– Мен оппозицияның тілек-өтініштері жеткіліксіз деп есептеймін. Орындалуы тиіс аса маңызды аспектілер де қажет. Бүгінгі заң шығарушы алаң жөні басқа саяси партияларға тең дәрежеде әрі бәсекелесе отырып билеуші партияға қарсы шығып сөйлеуге мүмкіндік бермейді.

Ең бастысы – Қазақстан азаматтарының сеніміне ие болу. Халықтың сеніміне лайық болу үшін, онымен жұмыс істеу керек, экономикалық,
Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова.

мәдени, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсыну керек, оппозициялық партиялар билікке келсе, мәселелердің нақты қалай шешілетінін билікке көрсетіп отырулары керек.

«Нұр Отан» партиясы әкімшілік қорларды пайдалана отырып, мемлекеттік аппаратты алмастырды: бүгінгі күні билеуші партияның қайда, мемлекеттік аппараттың қайда екенін ажырату қиын. Менің айтпағым, Қазақстанда сайлау деген жоқ, мұнда әлдебір заңды үрдісті көрсету мақсатында оның бастамасын жасаумен ғана шектеледі. Шындығына келгенде бұл – басқаруды орталықтандырып, бір адамның қол астына шоғырландырып, сақтап қалмақ биліктің кезекті әрекеті.

«ҮКІМЕТТІҢ ЗАҢГЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ» ТАҒДЫРЫ

Жүргізуші:


– Президент Назарбаев парламент өкілдіктерінің аясын кеңейту мен мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі ретінде оның рөлін нығайту қажеттілігі жайлы бірнеше мәрте айтты. Қазақстан президенті осы жолы шын мәнінде өз өкілдіктерін парламентке іс жүзінде тапсыра ма?

Мақсұт Нәрікбаев:

– Мен мұны Назарбаевтың өзі, біздің президентіміз істеуге тиіс, оның қоғамымызды демократияландыруы керек деп нық сенемін. Егер мерзімінен ерте өтетін президент сайлауынан соң әлдебір өзге жайттарға байланысты басқа біреу келсе, мұны істейтін ол емес. Президент мұны бекерден-бекер мәлімдеген жоқ, сондықтан ол мұны ақырында жүзеге асырады деп сенеміз.

Парламент қана емес, үкімет те көппартиялы болуы керек. Қазіргі кезде үкіметте де, мәслихаттарда да, облыстық басқарламаларда да ең болмағанда бір де бір бөтен адам жоқ – барлығы «нұротандықтар». Неге біздің партия Назарбаевтың кандидатурасын қолдады? Себебі ол мұны [президенттікті - Азаттық] істеуге міндетті. Оның қолынан ғана жақсы келеді.

Зәуреш Батталова:

– Менің ойымша, белгілі бір өкілдіктері тапсырылады, бірақ билікті толықтай тапсыру деген іске аспайды. Бұл - Назарбаевтың мүддесіне қайшы. Бүгінгі күні парламент аса құдіретті емес, сол себепті де елдегі ахуалды қадағалай алмайды. Бақылау жасайтын президенттің өзі болады, ал парламентке, әдеттегідей үстіртін реформалар сипатындағы әлдебір өкілдіктер беріледі.

Николай Кузьмин:

– Президент парламентті баяғыдан үкіметтің қызметін қамтамасыз ететін әлдебір заңгерлік бөлім ретінде қарастыратын. Тіпті таяуда сөйлеген сөзінде ол депутаттардың әлдебір құжаттар пакетін қабылдаулары
«Эксперт Казахстан» журналы саясат бөлімінің редакторы Николай Кузьмин.

керек екенін айтады. Осы заңдар үкімет құзырынан мәжіліске тапсырылады. Ал депутаттардың өздері, президент атап өткендей, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған декларацияны – әлдебір мерекелік мәтінді құрастырады.

Президент парламент қызметінің сапасын қабылданған заңдардың санымен өлшейді. Сондықтан менің түсінгенімше, президенттің ойындағы парламент - ең алдымен үкімет қызметіне құқықтық қолдау көрсететін орган, әрі солай болып қалды да. Ешбір нақты билік туралы, айтайық, бас әріппен жазылған Билік жайлы әзірше сөз жоқ.

Болат Әбілов:

– Мәселе мынада, Назарбаев кеткен соң не болады немесе аяқ астынан бірдеңе болып қалса... Меніңше, Назарбаев мырза жауапты, нағыз мемлекетшіл азамат болса, әлден-ақ Конституцияны біртіндеп өзгерте бастауға тиісті, өкілдіктерін өзінің суперпрезиденттік билігінен парламентке, атқарушы билікке қарай тапсыра бастауы керек. Бүгінде зор қателік кеткен: елдің тағдырын бір адам шешеді.

Президент қазір «Нұр Отан» партиясының жетекшілігінен бас тартып, 2016 жылғы сайлауға қатыспайтынын
Суперпрезиденттік билік – қазіргі басшылық жетектеп бара жатқан тарихи, саяси, экономикалық тығырық.

жариялауға тиіс, бірақ соған өзім күманданамын да. Ол билікті тапсыруға бірте-бірте әзірленіп, елді жаңа жағдайларға дайындауға тиіс. Сонымен бірге парламент өкілеттіктерін нығайтуды көздеп, Конституцияны қайта қарау.

Президент парламентте сөз сөйлеп жатқанда, оған сұрақ қоюға бір де бір адамның хақы жоқ. Мен де екі жыл депутат болғанмын, сондықтан президенттен бір нәрсе сұрау мүмкін емес. Яғни ол келіп, өз-өзімен сөйлесіп, өз-өзіне әлдебір сұрақтар қойып, өзі соларға жауап беріп, кетіп қалатын. Ол үкімет отырысын, әкімдермен кеңес, не болмаса басқа да басқосулар өткізіп жатқанда, оған біреу қарсы пікір білдіре ме? Әлдекім сұрақ қоя ма? Өз көзқарасын айта ма? Президенттің бүгінгі саясатының бар зияны, міне, осында.

Біз суперпрезиденттік биліктің тиімсіздігін көріп отырмыз. Мәтіннен алшақтап, басқа бірдеңе сөйлей бастағанда, президенттің өзі де мұны мойындайды. Яғни, билікті өзгерту керегін көріп отырмыз. Өзге елдердегідей жағдайға жеткізбей тұрып, мейлінше шапшаң өзгерту керек. Мұны ертерек жасау керек еді, бірақ қазір де кеш емес. Суперпрезиденттік билік – қазіргі басшылық жетектеп бара жатқан тарихи, саяси, экономикалық тығырық.

Жүргізуші:

– Қадірлі қонақтар, Азаттық радиосы пікірталасқа қатысқандарыңызға алғыс айтады. Сау болыңыздар.

Орыс тілінде өткен дөңгелек үстелдің радио нұсқасын тыңдаңыздар:

«Кем дегенде қос партиялы парламент» қандай болмақ?
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:01 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG