Accessibility links

Ата-аналар оқушы киімін қымбатсынады


Қазақстандағы мектептердің біріндегі оқушылар. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы мектептердің біріндегі оқушылар. (Көрнекі сурет)

Биыл оқушылар Қазақстан үкіметі бекіткен міндетті мектеп формасына сайкиінуі тиіс. Бұл саясатты билік «оқушылар арасында әлеуметтік және мүліктік өзгешелік белгілерін жою» амалы деп түсіндірген. Ал ата-аналарды киімнің түр-түсі емес, сапасы мен бағасы көбірек алаңдатады.

Жаңа оқу жылында мемлекеттік орта мектеп оқушылары былтыр Білім және ғылым министрлігі бекіткен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сай киінуі тиіс болады.

Бұл талапқа сәйкес мектеп формасы «классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады», ары кетсе үш-ақ түсті матаны араластыруға рұқсат етіледі. Министрліктің нұсқауы бойынша «мектеп формасы қалыпты және ашық емес түсті, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай үш түрлі – күнделікті, мерекелік және спорттық» болып тігілуі шарт.

Министрліктің мәлімдеуінше, жаңа бірыңғай мектеп формасы «білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға арналған». Мұндай формаға «түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды».

Қазақстандық мектептердің бірінің мұғалімдеріне еріп келе жатқан оқушылары. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық мектептердің бірінің мұғалімдеріне еріп келе жатқан оқушылары. (Көрнекі сурет)

Астана бұйрық шығарып, барлық оқушыларды міндеттегенімен, өңір-өңірдегі ата-аналар мектеп формасын сатып алуға қатысты түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Ресми талапта қарастырылмаған кейбір жайттарды әр мектептің басшылығы мен ата-аналар жиын өткізіп, ақылдасып, шешіп жатыр. Бұл туралы Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан бірнеше алматылық ата-ана айтты.

– Қызым 7-сыныпта оқиды, көк юбка, ақ жейде киеміз. Мектеп директорының рұқсатымен қызым орамал тағады. Оның да түсін көк етіп тіктірдім. Өткен жылы ешқандай ескерту болған емес, биыл әзірге білмеймін не боларын, – дейді Анар есімді Алматы тұрғыны.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде білім алатын Нұрланның анасы Салтанат, мектеп жиналысында тек «мектебінің белгісі бар эмблема алу туралы келіскендерін» айтты.

Ұлын биыл 6-сыныпқа дайындап жатқан алматылық Назым, әдеттегідей көк костюм-шалбар алғанын айтады.

– Ешқандай өзгеріс жоқ. Әдеттегідей. Тек бағасында ғана өзгеріс бар. Сапасы жақсы бір костюм-шалбарыңа 19 мың теңге бердім. Әрине, барахолкадан арзандау алуға болады. Бірақ қысқа дейін оның жұлым-жұлымы шығып кетеді, – дейді Назым.

Соңғы кезде оқушы киімінің сапасына назар аударатындар көбейгенін Қазақстан нарығында мектеп формасын 2008 жылдан бері тігіп келе жатқан алматылық бір дүкендер желісінің қызметкері де растайды. Компания менеджері Ольга Евдокимованың сөзінше, компания соңғы екі жылда тауар бағасын қымбаттатпаған.

– Екі жыл бұрын болған девальвация кезінде бағаны 10 пайызға өсіруге мәжбүр болдық, себебі киімдерімізді тігу үшін матаны Түркиядан аламыз. Ал цехымыз Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан. Қазіргі орташа баға 15-20 мың теңгенің төңірегінде. Біз модульді жүйемен сатамыз, яғни сіз өзіңізге қалаған затты жеке-жеке сатып ала аласыз. Көп тұтынушы қазір базарларға емес, сауда үйлеріне келіп, 2-3 мыңға қымбат болса да, сапалы форма алғанды жөн көреді. Бұл біздің клиенттерімізден анық байқалады, – дейді менеджер.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ: Мектепке дайындығы жоқ бала

Мектепке дайындығы жоқ бала
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:58 0:00

Алайда сауда үйлерінің киімін қымбатсынатындар да аз емес. Мәселен, алты баланың анасы алматылық Рымбала Дүйсенова, мектепке баратын төрт баласын киіндіруге шамасы келмей жатқанын айтады.

– Үлкенім 9-сыныпта оқиды, оның өткен жылғы киімін 7-сыныпқа баратын інісі киеді. Одан кейінгі қызыма тек юбка мен ақ жейде ғана алдым, 3 мың теңгеге аяқ киім алдым. Кіші 2-сыныпқа баратын ұлым өткен жылғы формасын киеді. Биыл тек үлкен ұл мен қызыма ғана киім алдым, қалғандары ескіні киеді. Оның өзінде киім-кешегінің өзі 20 мың теңгеге шықты. Одан бөлек дәптер-қаламы бар, – дейді көпбалалы ана.

Азаттық тілшісі Алматыдағы сауда үйлерінен өзге базарларды аралап, мектеп алды дайындықты бақылап қайтты. Мектеп формасының бағасы 20 мың теңгенің көлемінде болса, сөмкелер 3 мың теңгеден басталады.

– Мен жылына 3 мың теңгенің үш рюкзагын аламын балама. Өйткені шақ келмейді. Бір жағынан жыл басында қалтаңа салмақ түсірмейді, екіншіден, екі-үш айда жаңа рюкзак ұстап шығады, – деді сөмкелер тұрған маңда саудаласып тұрған егде тартқан әйел.

Алматылық ата-аналар оқушы балалары үшін рюкзактың бағасы қолайлы, қалаған түрін сатып ала алады. Өйткені әзірше Білім және ғылым министрлігі бұл тарапқа назар салып, сөмкелерді стандарттауға көше қойған жоқ.

XS
SM
MD
LG