Accessibility links

Қазақстанда теміржол апаттары жиілеп тұр


Көрнекі сурет.

Азаттық радиосы жыл басынан бергі Қазақстан теміржолдарында болған оқыс оқиғалардың хронологиясын ұсынады.

Соңғы уақытта Қазақстанда теміржолда болатын оқиғалар жиіледі. Шілде айының өзінде төрт бірдей оқыс оқиға болды.

Алматыда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, елуге жуық адам жарақат алды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам пойыз астына түсіп, опат болды. Жамбыл облысында пойыз бен автокөлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Жамбыл облысында электровоз бен тепловоз соқтығысты.

Азаттық радиосы 2013 жылдың қаңтар-шілде айларының арасында болған теміржол апаттарының хронологиясын ұсынып отыр.

Хронологиялық кестедегі терезелерді басып, толығырақ ақпарат оқуға болады. Бұл ақпараттарға қатысты алып-қосарыңыз болса, пікір алаңына жазыңыз.


Ескерту: Хронология Қазақстан төтенше жағдай министрлігі мен әр облыстың ішкі істер депараментінің деректері бойынша дайындалды.

Пікірлерді көріңіз (3)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG