Accessibility links

Шетпе сотында жәбірленуші полицей «кешірім болмау керек» деді


Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

Шетпе оқиғасына орай сәуірдің 17-сі басталған сот процесі әрі қарай жалғасып, бүгін барлығы 10 жәбірленуші тергелді. Сот төрағасы, Ақтау қалалық сотының судьясы Мырзабековтің кешегі шешімінен кейін журналистер сот процесін арнайы бөлмедегі монитордан ғана бақылап отырды.

Сотта сөйлеушілердің дауыстары монитордан бірде естіліп, бірде дұрыс естілмей қалып жатты. Жәбірленушіге сұрақ қойған мемлекеттік айыптаушылар мен адвокаттар әуелі өз аты-жөндерін атауды ескере бермегендіктен кей сауалдардың нақты иесі түсініксіз болып қалды.

«ТАЛАП-АРЫЗ ЗАҢСЫЗ БОЛСА...»

Соттың шақыруымен ортаға шыққан жәбірленуші мекеменің, яғни Батыс Қазақстан жолаушылар тасымалы кәсіпорынының өкілі, заңгер Талғат Өсеков айыптаушы прокурордың сұрағынан кейін өз мекемесінің «Шетпе оқиғасының салдарынан тартқан шығыны 9 миллион 445 мың 687 теңгені құрағанын» айтып берді.

«Шетпе станциясы арқылы өтетін 5 пойыздың жалпы кідірісі 80 сағатқа жеткенін, сонымен қатар түрлі бағыттарға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылып, 457 мың теңге шығынға ұшырағанын» да мәлімдеді.

Адвокаттар бұл шығындарға тек Шетпедегі емес, сонымен қатар Сай-Өтес станциясындағы шығындар да қосылып есептелгенін айтып, наразылық көрсетті.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Адвокаттардың бірі Талғат Өсековтен «мына сотталушылардың ішінен кімдерді айыпты деп айта аласыз» деп еді, ол ешкімді танымайтын болып шықты.

Адвокаттар бұл мекеме бір-ақ талап арыз жазғанын, ал заң бойынша әр адамға жеке талап арыз жазылуы тиістігін, әрі сотталушылар оның арызын көрмегенін де ескеріп, мұндай талап арызды сотта қарауға болмайтынын айтты.

Талғат Өсеков өз мекемесі атынан «осы оқиғаға байланысты дене жарақатын алмағанын, бірақ келтірген шығындарды өндіру жөніндегі талап арыздарынан бас тартпайтынын» мәлімдеді. «Талап арызыңыз заңсыз болса, одан қалай бас тартасыз» деген адвокаттың сауалына залдағы жұртшылық күлді.

«ШЕКЕГЕ ТИГЕН ТАС»

Талғат Өсековтен кейін жәбірленуші ретінде жеке тұлғалар сұрала бастады. Олардың барлығы - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасына қарасты полиция қызметкерлері.

Шымкенттік жәбірленуші полицей Н.Тәндібаев Шетпе оқиғасы кезінде шекесіне тас тиіп жарақат алған көрінеді. Бұл оқиға кезінде ол басына бетін жабатын әйнегі бар
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
каска киіп жүрген болып шықты. Адвокаттар «каскадан өтіп шекеге тиген тастың траекториясы» туралы көп сұрады.

«Каскаңызда тас өтіп кететіндей тесік бар ма еді?» деген сауалға полицей Тәндібаев «дәл сол кезде каскамның беті ашық тұрған» деп уәж айтты. Оның сөзіне қарағанда, тас аяғына да тиген, бірақ оны дәрігерге көрсетпеген.

Тәндібаев өзінде «Макаров» тапаншасы болғанын, бірақ аспанға атқанын» растады. Ол «қанша оқ шығарғанын да, ведомство тапаншаға қанша оқшантай бергенін де есіне түсіре алмады» - бірақ оқ атуға ешкімнің бұйрық бермегенін айтты.

Адвокат Өстеміров «Сіз алдын-ала берген жауабыңызда «бастығым атуға бұйрық берді» деген едіңіз, неге өтірік айтып тұрсыз?» деп сұрады.

«Өтірік айтып тұрған жоқпын, бірақ ешкім бұйрық берген жоқ» деп жауап қайырды Тәндібаев.

«КӨЗІМЕ ТАС ТИДІ»

Шымкент қаласы Абай полиция бөлімінің қызметкері, жәбірленуші полицей Жеңіс Бақтыбаев та көзі зақымдалғанын айтты.

- Шетпеге 17 желтоқсанда кешке қарай Шымкенттен 100 қаралы полиция келдік. Бізден кейін Тараздан келді, оған дейін жергілікті полициялар барып қойған, - деді ол.

«Көзімнің астыңғы жағына тас тиді» деген Жеңіс Бақтыбаев та тапаншадан аспанға
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
оқ атқанын мойындап, атуға «ешкімнің бұйрық бермегенін» айтты. Ол «сотталушылардың ешқайсысын көрмедім» деді, бірақ сотталушылардың бірі 18 желтоқсанда өзін Жеңіс Бақтыбаевтың сабағанын айтып берді.

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы жол полициясы бөлімінің қызметкері Н.Нұржанов «бұл балаларға ешқандай талабым жоқ» деді.

- «Маңғыстау-Алматы» пойызы тоқтап тұрғанын көрдім. Халық шулап жатты. Басымызда каска болған соң оларды не айтып жатқаны бізге толық естілмеді. Қатты көтеріліс болды. Бөтелке, тас лақтырып жатыр. Бөтелкеден шалбарым жанды. Қатты жанды. Жерге аунадым, қасымдағылар жабылып өшіріп алды. Үлкен өрт болды. Арамыз шамамен 40-50 метр жер. Бөтелкені кім лақтырғанын байқай алмадым, - деді полицей Нұржанов.

«КӨБІ ІШІП АЛҒАН»

Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Шетпеге он адамды басқарып барғанын баяндап берді.

- Қараңғы түсе теміржол вокзалына келдік. 400-ге жуық адам жиналыпты, көбі ішіп алған. Жарылғыш заттар, тас жинап, плакаттар жазып қойған. Екі-үш сағаттай келіссөз жүрді. «Пойызды жіберіңдер» дедік. Бірақ олар бағынбай, «полиция кетсін» деді. Сосын Бейнеу, Маңғыстау, Шетпе, Тараз, Оңтүстік Қазақстаннан келген полициялар шетке шығып тұрдық. Халықтың біразы тарады, біразы қалды. Басыма тас тигенде тізерлеп отырып қалдым. Есімді жинағанда қару атылып жатқанын естідім, - деді ол.

Ол сотталушылардың арасынан Бақытжан Ғабиденнен өзге ешкімді
"Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
танымайтынын, «бірақ сотталушылардың барлығының бет әлпеттері таныс екендігін» айтты. Сотталушылардың бірі өзін осы адамның - Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары ұрып-соққанын айта бастаған еді, сот тыйып тастады.

Ал Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің аймақтық инспекторы, жәбірленуші Ержан Мұқанғалиев Шетпеге 50 полиция қызметкері келгенін, оның бір бөлігі Сай-Өтес станциясына жіберілгенін айтты.

- Қалқан бәрімізге бірдей жетпеді. Сол бетіме бір зат тигенде, көзім қарауытып, отырып қалдым. Қаруымды өткізгенде одан оқ атылмағаны белгілі болды. Үстімде жай форма болды. Каска да жоқ еді, - деді ол.

Сот үзіліске шығар алдында адвокат Сейітмағамбетов мұның алдында сөз болған касканы алдыруды талап етті.

Сотталушының бірі іспен таныс бұрынғы адвокатын тағы да сұрады. Сот ол өтініштің кеше де қаралғанын, енді адвокат Өстеміровтің қорғауында болатынын қайталап айтты.

«БҰЛАРҒА КЕШІРІМ ЖОҚ»

Сот процесі үзілістен кейін қайта жалғасып, Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы патрульдік қызметінің бөлім бастығы, жәбірленуші Мұрат Ақтаев прокурордың сұрағына жауап берді.

Шетпе оқиғасы кезінде оның да «бетіне тас тигені, кім ұрғанын білмей қалғаны» мәлім болды.
Өзіміздің құпия жоспарымыз бар. Сол бойынша басқарып жүрдім.

- Оны анықтайтын жағдай жоқ. Өзіміздің құпия жоспарымыз бар. Сол бойынша басқарып жүрдім. Тас тигенде көзім ағып кетті ме деп едім, аман қалды қайта, - деді Мұрат Ақтаев.

«Жамбылдан келген 145 жігітке басшылық еттім» деген Мұрат Ақтаев өзінің үш оқ атқанын, өздеріне қарсы оқ та атылғанын әңгімеледі. Бірақ ол өзі көрген сотталушының «Қойың! Тоқтаң! Қазақпыз ғой!» деп жүргенін» көргенін айтты.

«Кім бастап атты?» деген адвокаттың сауалына Мұрат Ақтаев:

- Мен бастап аспанға аттым. Басқа тас тигенде қалай атпайсың? Мен біреудің обалына қалғым кеп тұрған жоқ. Бірақ мұндағы екі сотталушыны танып тұрған соң айтып тұрмын, - деп жауап қатты.

Айыпталушылардың бірі Ақтаевтың өзін ұрып-соққанын айтып, «Мені қалай танымай тұрсыз?» деген еді, Ақтаев оны танымайтынын айтты.

«Қандай
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
талабыңыз бар?» деген сауалға «Сот қалай шешеді - солай болады. Бұларға кешірім жоқ» деп жауап берді Мұрат Ақтаев.

Жамбыл облысы жол полициясының инспекторы, жәбірленуші Манатбек Төлеубеков те «Шетпедегі қақтығыс кезінде жараланған» екен. Ол сотталушылардың ешбірін танымайтынын, өзінің қару қолданбағанын айтты. Оның кейбір сөздері алдын ала берген жауаптарға сәйкес келмегендіктен адвокаттар біршама сауал қойды.

Жамбыл облысының полиция қызметкері Уәлихан Назаров бөтелке тиіп «жараланған» екен.

- Аспанға аттым. Қарсы топ жанғыш заттар құйған бөтелкелер лақтырды. Бірақ маған тиген бөтелке бос болды, - дейді ол.

Уәлихан Назаровтың айтуына қарағанда, жиналған халық бастапқы келіссөзден кейін тарай бастағанда «Тойота» және «УАЗ» маркалы көлік мінген біреулер бірнеше рет оқ атып кеткен». Олар қайта айналып келгенде полицейлер көліктердің доңғалақтарынан атқан.
Блок-пост тұрған жерге 2 метрге дейін жақындап келген машинаның қандай оймен келгенін өзіңіз де білесіз ғой.

- Маған қауіп төндіреді деп ойладым. Блок-пост тұрған жерге 2 метрге дейін жақындап келген машинаның қандай оймен келгенін өзіңіз де білесіз ғой, - деді Уәлихан Назаров.

Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасынан келген полицей Алмат Қоңырбаев алдын ала берген жауабындағы «адамдарға оқ атылды» деген сөзінен айнып қалды. «Тергеуде қате жазылып кеткен шығар, адамға атылған жоқ» деген соң адвокат соттан тергеуші Шамовты шақыруды сұрады.

Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы жеке батальонының инспекторы Жайдарбек Құттыбаев «біз аттық» деп жауап бергендердің бірі болып шықты.

«ЖАМБЫЛДА СІЗДЕРДІ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ?»

Бүгінгі сот процесі аяқталарда сұралған жәбірленуші Шетпеде тігілген шыршаға иелік еткен мекеме өкілі екен. Ол «оқиға болған күні өртенген, Қостанай қаласынан арнайы алдырылған шыршаның құны 1 миллион 48 мың теңге» екенін айтты. Бірақ бұл мекеме талап арызынан бас тарту жөнінде шешім қабылдапты.

Адвокаттар сот процесі барысында «Шетпедегі оқиғадан кейін 10 күн жатып, Жамбылға оралғанда сіздерді (полиция қызметкерлерін – ред.) қалай қарсы алды?» деген сауалды бірнеше рет қойды. Алайда сот төрағасы «мұндай сауалдардың іске қатысы жоқ» деп, алып тастады.

Шетпедегі оқиғаға орай бүгінгі сот біткеннен кейін Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері Нұрлан Күнтуов брифинг өткізіп, «сот талқылауы процессуалдық заңнама талаптарына сай өткенін» мәлімдеді.

Брифингте Азаттық радиосының тілшісінен өзге ешкім болмады.
XS
SM
MD
LG