Accessibility links

Психологтың пікірінше, дағдарыс кезінде суицидке бару әрекеттері азая түсуге тиіс


Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова. Алматы, маусым, 2009 жыл.
Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова. Алматы, маусым, 2009 жыл.

10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні. Азаттық радиосына сұхбат берген Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова әлемді жайлаған қаржы дағдарысының кезінде керісінше өзіне-өзі қол жұмсаушылар азаюы тиіс дегенді айтады.

Анна Құдиярова басшылық ететін Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясы 2005 жылы тіркеліп, 2009 жылы Еуропа психоаналитикалық психотерапия федерациясы құрамына кірген.

СУИЦИД ТЕ- ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ

- Анна ханым, біздің әңгімеміз барысында алдымен адам неліктен өз -өзін өлімге қиятындығын түсінуге тырысып көрсек?

- Орасан зор қасірет, өкініш пен дәрменсіздік, қайратсыздық сезімі. Осы сынды азаптардан кейін адамға бұл өмірде сүргенше онымен қош айтысуы жеңілірек секілді көрінеді. Оған көптеген себептер болуы мүмкін. Бұл –адамның игере алмайтындай болып көрінетін қайғы –қасіретінің тереңдеген дәрежесі.

- Мүмкін, бұл өзіндік қарсылық пен наразылықты білдіру болар?

- Мәселе, адамның ойда-жоқта өз еркімен саналы түрде өзін өлтіруінің себебінде. Суицид – кәдімгі өлім немесе біреудің қасақана өлтіруінен ерекшеленеді. Бұл адамның саналы түрде өмірден бас тартуында. Сондықтан мен ең алдымен оның себебі жайлы сұрар едім,
бұл адамға не болды деп.

Ал сіздің сұраққа тоқталар болсақ, рас, кейде адамдар әсіресе балалар мен жасөспірімдер, өсіп келе жатқан қыздар мен бозбалалар суицидке өзін өлтіруге емес, наразылық білдіру үшін барады. Бірінші кезекте ата –анасының еркіне қарсылық, одан кейін тыйымдар мен мектептегі ұстаздардың талабына қарсылық.

Саясатқа келер болсақ, адамдар өздерін алаңда өртеген кездерді білетін боларсыз. Бұл дегеніңіз мемлекетке, үкіметке деген қарсылық. Себеп көп, сондықтан әр кез адамның неге осы қадамға барғандығын жіті зерттеу қажет.

- Анна ханым, ал өз көзқарасын білдіруде суицидтің тиімділігі қандай деп ойлайсыз?

- Көз алдыңызға елестетіп көіріңізші...сіздің сүйікті балаңыз бір сәтте демсіз, сәлден кейін өлі... Егер кеудесінде жаны бар адам болса, жаны түршігер. Осы сәтте балаңызды аман алып қалу үшін сіз неге болса да келісесіз. Дәл осы сәтті.

Балалар, әсіресе жасөспірімдер - өлімге талпыныс пен шынайы өлімнің арасындағы шекараны білмейді. Сол себепті олар кейде өліп кетеді. Өлгісі келгендіктен емес, кездейсоқ.

Осған байланысты мен ата-аналарға сұрақ қояр едім. Сіздер қандай ата-анасыздар? Сіздердің махабаттарыңыз мен кемеңгерлігіңіз қандай? Балалармен өзара түсіністіктеріңіз қандай? Мүмкін өзара түсіністік жоқ шығар...болса, онда аса терең емес, үстірт қана болар. Көбіне ата-аналар аман-сау, бас-аяғы бүтін болса болғаны дейді.

Бірақ түсінесіз бе, адам хайуаннан ішік жан дүниесінің, ал ғылыми түрде айтса – психикасының барлығымен ерекшеленеді. Ол қайғырады, оған көп нәрсе қажет, нақтырақ айтқанда өзіне көңіл бөлгенді, махаббатты қажет етеді. Сондықтан мен бұл сұрақтарды өз балаларынан айырылып қалған ата-аналарға қойғым келеді. Мүмкін осы сұхбаттан кейін олар өз балаларымен қандай қарым-қатынас болғандығы жайында ойланып көрер.

Өзара түсіністік бар жерде, қандай қиыншылақтар болмасын, бала ешқашан өз -өзін өлтіру туралы ойламайды да. Егер ондай болса, онда бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста бір кінәраттың болғаны.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР АРАСЫНДА ДА ДӘЛ ОСЫ ТҮСІНІСТІК ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

- Ал дәл осы жол арқылы үкімет жүргізіп жатқан саясатқа қарсы шығушылар туралы не айтасыздар. Жуырда, біздің радиомыз Сара Сағындықова есімді әйелдің өзін- өзі өртеп жіберетіндігі жайында хабарлаған болатын. Оған себеп – ҰҚК тергеу изоляторында қамауда жатқан күйеуі Талғат Қыстаубаевпен бірнеше айдан бері кездесе алмай жүргендігі. Айта кету керек, Талғат Қыстаубаев «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтың күзетшісі болып қызмет еткен. Сара осы күнге дейін жүрек талмасына шалдыққанына қарамастан барлық инстанциялардың табалдырығн тоздырды. Алайда еш жерден көмек көре алмаған әйел, ана осындай қадамға баратындығын мәлімдеді

- Мен бұл әйелді көріп-білмегендіктен, сыртынан нақты ешнәрсе айта алмаймын. Дегенмен, ең бірінші ойға келетіндігі: күйеуі табыскер, отбасының асыраушысы болған болар. Оның үстіне қазір дағдарыс. Мүмкін ол сүйкті адамына деген іштегі сезімі ғана емес, балаларының әкесінен айырылып отырған болар. Одан өзге аталған әйелдің психикалық саулығы күмән келтіреді. Өйткені әйел адамда аналық түйсік ер адамға қарағанда күштірек келеді. Мүмкін ол мұндай мәлімдеу арқылы саяси наразылық танытып отырған болар. Егер ол өзі маған келсе, мен көмек көрсетуге дайынмын.

Біз, психоаналитиктер әрдайым жеке тұлғаны қолдаймыз. Тіпті оның туыстары мен көршілері оның жаман адам екендігін айтатын болса да, біз өзіміге келген адамға әрдайым көмектесеміз.

Тіпті сіз айтқан саясатта да бейбіт жолдарды табуға болады. Оның үстіне – неліктен адам өз өмірін құрбадыққа шалу керек? Бұл жерде адамның психикалық ауытқуы туралы мәселе көтерілуі тиіс. Егер адам өз өмірін қию арқылы саясатты өзгертемін деп ойлайтын болса, онда оның психикалық ахуалы қандай болғаны?...

Мынандай нәрсені түсіну керек – бұл өмір тамаша! Рас, қиындықтар мен қасіреттер бар, дегенмен, ертеңгі күн де бар емес пе?! Бүгін қиналсаңыз, ертең қуанбайтындығыңызға кім кепіл?

- Айтыңызшы сіздің көмегіңізге қандай адамдар жүгінеді?

- Әдетте қатты қиналған адамдар, оралмандар келеді. өйткені қаламызда қазақ тілінде көмек көрсететін мамандар аз. Ал егер әлеуметтік жағдайына келсек, жұмыссыздардан бастап, ірі банк басшыларына дейін көмек сұрап келеді.

- Ал саясаткерлер ше?

- Бірнеше жылдап емделген саясаткерлер болды деп айта алмаймын. Дегенмен бірді-екілі кеңес алғандар болды. Бірнеше генералдар да келгені есімде.

- Қазақстандықтар негізінен қандай мәселемен жиі сізге келеді, суицидтер кездеседі ме?


- Суицидтер болды әрине. Бірақ сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, алдыңғы кезекте – ерлі-зайыптылардың қарым- қатынасы тұр. Көп жағдайда ажарасудың алды мен одан кейінгі кезең қиынға соғады. Бұл өте өзекті тақырып. Бір қарағанда ерлі-зайыптылардың тақырыбы секілді алайда бұған ата-аналар да, балалар да кіреді.

Екінші орында, балалар мен ата-аналар қарым қатынасы тұр. 20-25-ке келген «балалар» жұмыс істегісі келмейді, ал шешесі уайымдаумен болады. Немесе, керісінше, олар наша мен араққа салынып кетеді.

Ендігі бір топ: балаларының сабақта үлгерімі нашарлау болып, әдетте олардың дамуы жөнінде білгісі келетіндер.

Өз проблемаларымен әдетте әйел адамдар көп келеді. Олар өз -өзін өлтірмек болғандықтан емес, күйеуіне арызданып келеді. Арақ ішеді немесе құқан-лоққы көрсетеді, баларымен түсіністік жоқ.

- Анна ханым, сізге саяси, экономикалық немесе әлеуеметтік сарында өзін өлтірмек болған немесе сондай ойда жүрген азаматтар келе ме?

- Маған суицидке талпынған адамның өзі емес, жекелеген бөлімшелердің басшылары келеген кездер болды. Өйткені оларда өз- өзін өлтірген адамдар болған. Сондықтан басшылық мазасызданып мені тренингке шақырады.

Біз ұжымды жинап, ұжымдағы ахуалды түсіну үшін жеке- жеке әңгімелесеміз. Көп жағдайда несиеге қатысты болып жатады. Бүгінгі таңда несиені қайтару қиынға соғып кетті. Адамдар қаншама несие алып алып, енді қайтара алмай қиналуда. Бұл бір өзекті тақырыпқа айналды.

Мен осы жерде, өмір несиеге қарағанда маңыздырақ екендігін айтқым келеді. Адамдар концлагердің кезінде де өмір сүрген. Аллаға шүкір, біздің дағдарыс – концлагердің жағдайы емес. Шешім әрқашан бар.

- Анна ханым, әңгімеміздің соңында – Қазақстандағы суицидке қатысты қандай да бір болжам айта аласыз ба?

- Әрине мен Құдай емеспін, болжам жасай алмаймын. Алайда Батыста арнайы осындай зерттеулермен айналысатын институттар бар.

Айта кететін жайт, жаппай күйзеліс байқалатын дағдарыс кезінде адамдар мейірімді келеді. Егер осыдан 5 жыл бұрын бізде барлығы айтарлықтай жақсы болған болса, ажырасулар көбейген еді.

Қазір олар азаюы тиіс. Егер сол кезде адамдар жиі ренжіссе, қазір сирек ренжіседі. Адамдар ауыр күндерді басынан кешірген заманда бір біріне жанашырлықпен қарайды. Осыған сәйкес, Қазақстанда өзін- өзі өлтірушілердің де саны азаюы тиіс.

- Анна ханым, әңгімеңізге көп рақмет.
XS
SM
MD
LG