Accessibility links

Мәні түсініксіз әлеуметтік роликтер


Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі тапсырысымен түсірілген роликтен көрініс.

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі телеарналардан «патриотизм» мен «отбасы құндылықтарын» насихаттайтын әлеуметтік роликтер көрсете бастады. Ал кейбір мамандар «роликтердің сюжеттерінен мұнысы байқалмайды» дейді.

Шілденің 15-інде Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елде трансляцияланатын шетелдік телеарналардағы жарнамалардың орнын басатын және отандық телеарналар арқылы да көрсетілетін «әлеуметтік роликтер» базасын жасауды қолға алғандарын айтты.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БАҒАСЫ

Сол роликтердің кейбірін министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парағына жариялады. Әзірге бары – үш ролик, бірақ министрліктегілердің айтуы бойынша, бұл жұмыс жалғаса береді.

Бірінші видеороликтің басты кейіпкері – кәсіпкер әлде жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер жеке шаруаларымен көлікте кетіп бара жатқанда анасы телефон шалып, компьютерді көріп беруін сұрайды. Анасы байқамай ноутбуктың сымын электр желісінен ажыратып алған екен, содан оның батареясы әлсіреп, өшіп қалғанға ұқсайды. Содан соң кейіпкерлер шай ішуге отырады, анасы блокноттан әлденені қарайын деп, басында тұрған көзәйнегін таба алмай қалады. Бұл көріністің соңы «Ата-анаға мың тағзым» деген титрмен аяқталады.

Екінші роликте түрлі кәсіп иелері қарт кісілер мен ауру балаларға көмектесу үшін еріктілер қатарына қосылады (кейіпкерлердің бірі ауру баланың көңілін көтеру үшін Микки-Маустың киімін киіп алады). Роликтің мағынасы – «Бәрі өзіңнен басталады!». Бұл ролик алдыңғысынан үш еседей қысқа, әрі мұнда мүлде диалог жоқ.

Министр Дәурен Абаев 21 шілдеде желіде жариялаған үшінші ролик те ана мен баланың қарым-қатынасына арналған. Жас жігіт ұйықтап қалып, жұмысқа кешіге жаздап, көйлегін жуып, құжаттар салған жасыл папкасын басқа жерге қойған анасына ренжиді. «Үнемі сенің кесіріңнен осындайға ұшырап жатамын, мама!» деп кейиді жігіт. Баспалдаққа жүгіріп шыққан ол кішкене ұлына көмектесіп, өбектеп жатқан әйелді көреді. Осы көрініске жүрегі жібіген жігіт үйге қайтып келіп, анасынан кешірім сұрайды. Олар құшақтасып тұрғанда: «Сізге қорған болған адамдарды бағалаңыз» деген титр шығады.

РОЛИКТЕРДІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯСЫ

Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл бейнероликтерді олар мемлекеттік телеарналармен бірлесіп түсірген. Министрліктің Азаттыққа берген ресми жауабында: «Форматы мен мазмұны әркелкі болып келетін бұл видеороликтер кең ауқымдағы аудиторияға (орта және үлкен жастағы көрермендерге) арналған» деп жазған. Сөйтеді де олар бұл сюжеттердің басты көрермені – жастар деген ой айтады. Хатта: «Әлеуметтік роликтердің негігі мақсаты – жаңа өскін ұрпаққа отбасы құндылықтарын түсіндіру, олардың туған жерге деген сезімін ояту, патриоттық тәрбие беру» деп жазылған.

«Шығармалардың мазмұны, сценарийді бекіту (актерларды, түсіру әдісін таңдау) мәселелері «Хабар» Агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» РТРК АҚ Көркемдік кеңестерінің отырыстарында ұжымдық негізде талқыланып, қабылданады.

Әр роликті түсіруге қанша ақша жұмсалғанын есептеу қиын, ал министрліктегілер коммерциялық құпияны сылтау етіп, бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. «Әр роликті түсіру құнына қатысты ақпарат «Қазақстан» РТРК АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ мен видеороликтерді әзірлеген орындаушылардың арасындағы келісім-шарт аясында бекітілген. Ал бұл коммерциялық құпия болғандықтан, оны жариялауға болмайды. Бұл мәселе бойынша сіздер республикалық мемлекеттік телеарналардың өздерінен сұрасаңыздар болады» деп жазды министрліктегілер.

Мұнымен қоса министрлік жарық көрген роликтердің сценарий авторлары мен режиссерлерін да атауға құлық танытпай, оларды тек «кәсіби шығармашылық ұжым» деп сипаттады. «Шығармалардың мазмұны, сценарийді бекіту (актерларды, түсіру әдісін таңдау) мәселелері «Хабар» Агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» РТРК АҚ Көркемдік кеңестерінің отырыстарында ұжымдық негізде талқыланып, қабылданады» делінген министрлік хатында.

«Хабар» телеарнасы ұзақ кеңестен соң «Көркемдік кеңес мүшелері демалысқа кеткен, оларға хабарласу мүмкін емес, олардың аты-жөндерін жария етуге болмайды» деп мәлімдеді. «Қазақстан» телеарнасы көркемдік кеңестері жоқ екенін айтып, барлық сауалдарды басшыларына қоюға кеңес берді.

АЙТПАҒЫ АНЫҚ ЕМЕС

Әлеуметтік жарнама жаңадан пайда болған нәрсе емес, оны ойлап тапқан да біз емес. «Канн арыстандары» деп аталатын жарнама фестивалі бұрыннан өткізіліп тұрады, онда әлеуметтік жарнамаға да үлкен орын берілген, мұндай роликтер үнемі жоғары награда алып жатады.

Ал роликтер көбіне лирикалық…

…не астарлы болып келеді. Бірақ олардың айтпақ ойы анық. Қарапайым ойды жеткізсе де, оған терең мағына береді.

Көрші Ресейде 1990 жылдары әйгілі жұлдыздар түскен видеороликтердің арқасында әлеуметтік жарнама кең таралды. Зиновий Гердт ойнаған роликтер – ең ерекше туындылар қатарында.

Ол кездегі роликтермен салыстырғанда Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысымен түсірілген бұл туындылар техникалық тұрғыдан әлдеқайда сапалы көрінеді. Мұны Азаттыққа сұхбат берген сарапшылардың барлығы дерлік мойындады. Бірақ мазмұн жағына келгенде олай дей алмаймыз.

– 1990 жылдардағы роликтерде қарапайымдылық, жылылық көп, – дейді Азаттыққа сұхбат берген режиссер Асқар Ұзабаев. – Менің байқауымша, 90-жылдары мүлде басқа бағыт болған. Бұл – Ресейде жасалған роликтер, оларды біздікімен салыстыруға болмайды, себебі олардың идеологиясы мүлде бөлек.

Асқар Ұзабаевтың пікірше, Қазақстанда түсіріген роликтердің басты идеясы түсінікті, яғни олар «қазір бізге жетіспей тұрған бірлік, патриотизм мәселелерін қозғайды». Бірақ басқа тақырыптарға да роликтер түсіру керек дейді режиссер.

– Жақында мен Ninety One тобы туралы фильм түсірдім. Онда Қазақстанда өмір сүретін екі қазақ туралы әлеуметтік мәселені көтердім. Ол қазақтардың бірі – елде өзгеріс болғанын қалайтын адам да, екіншісі – ештеңенің өзгергенін қаламайтын адам. Қалалықтар ауылдықты түсінбейді, ауыл адамы қала адамын түсінбейді. Мен осы туралы ролик түсірген болар едім, – дейді ол.

Халық әр нәрсені әркелі қабылдаса, оны әрқалай түсінеді. Ал бұл – мақсатты орындаудағы кемшіліктер.

Мұндай роликтер болашақта түсіріле жатар, бірақ қазір жарық көрген материалдарға қатысты сын-ескертпелер бар. Мәселен, PR маманы Нұркен Халықбергеннің айтуынша, бұл роликтер 1990 жылдардағыдай халықтың бойына сенім ұялатуды көздейтін сияқты. Бірақ ол бұл мақсаттың орындалғанына онша сенбейді.

– Тапсырманы орындау – басқа мәселе. Мұндағы мәселе – бұл ролик шетелдік, тіпті біздің көрерменге қаншалық түсінікті? Мәселен, кейбіреулер бірінші роликтегі басты кейіпкер – бизнесмен емес, шенеунік деп ұйғарды. Ал мен шенеунік емес, бизнесменді көргендей болдым. Халық әр нәрсені әркелі қабылдаса, оны әрқалай түсінеді. Ал бұл – мақсатты орындаудағы кемшіліктер. Тапсырманың техникалық тұрғыдан орындалуына, сценарийдегі идеяға қатысты сұрақтар туындайды, – дейді Халықберген.

Анасына ноутбукты қосуға көмектескен бизнесмен-шенеунік туралы роликті қарап шыққан психолог Ерден Нұртаев бұл жарнаманың айтпақ ойын өзі де, әріптестерінің біразы да түсінбегенін айтты.

– Мұндай түсініксіздік [көрерменге] эмоционалдық тұрғыдан күш түсіреді. Мүмкін, астарлы ойларды азайтып, нақты, айқын детальдарды көбейтсе, оны түсіну оңай болар ма еді? Мәселен, басқаларға көмектесудің маңыздылығын түсіндіретін жазулар, қосымша мекемелердің атауларын қосса, – дейді ол.

Психолог бұл роликтердің түрлі топтағы адамдарға бағытталғанын ескере отырып, оның тиімді болғанына күмәнмен қарайды. Оның үстіне, қарапайым көрермен кейіпкерлердің мұндай қадамға не үшін барғанын түсінбеуі де мүмкін, себебі кейіпкерлер «бай, бақуатты» көрінгенімен, «әлденеге көңілі толмай жүргендей» көрінеді.

– Бәлкім, жалпы аудитория дұрыс қабылдауы үшін әлеуметтік эксперимент ең дұрыс жанр болар ма еді? – дейді Ерден Нұртаев.

Сарапшының айтуынша, бұл жанр әлдеқайда тиімді болар еді, себебі әлеуметтік ролик қоғамдық мінез-құлық моделін өзгертуге, әлеуметтік мәселелерге назар аудартуға бағытталады. Ал әлеуметтік эксперимент жалпы бұқараға емес, жеке адамға нұсқайды, мұндай видеоны көрген әр адам өмірге көзқарасын өзінше өзгертуге тырысады.

Бірақ «қоғамдық сананы модернизациялау» маңызды болып тұрған қазіргі кезеңде көрерменге жеке-дара әсер ету идеясына ақпарат және коммуникация министрлігі онша қызыға қоймауы мүмкін. Себебі министрлік те, мемлекеттік телеарналар да «әлеуметтік эксперимент» жанрында роликтер түсіру туралы ештеңе айтқан жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG