Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстанның Аралға қатысты амалдары


Арал теңізінің 2006 жылы (сол жақта) және 2009 жылы (оң жақта) түсірілген суреті. 10 шілде 2009 жыл.
Арал теңізінің 2006 жылы (сол жақта) және 2009 жылы (оң жақта) түсірілген суреті. 10 шілде 2009 жыл.

EurasiaNet сайты 23 наурызда Арал теңізі мәселесін сараптаған мақаласында Қазақстан мен Өзбекстанның Арал проблемасын шешу әдістерінде айырмашылық бар екенін айтады.


«Арал мәселесін шешуде Қазақстан жағының әрекеттері көңіл көншітеді, ал Өзбекстандыкі қиын халде қалып отыр: оның ең басты себебі – саяси география» деп жазады EurasiaNet.

КӨКАРАЛ ЖОБАСЫ

«Осы күндері Аралдың солтүстігіндегі қазақ ауылдарының тұрғындары, оның ішінде Арал тұрғындары оптимизм танытып отыр. Жылдар бойы олар Аралдың үнемі тартылып бара жатқанына, жергілікті экономиканың әлсіреуіне куә болып келген еді. Алайда үкіметтің соңғы құтқару шаралары теңіз деңгейін тұрақтандырып, жергілікті балықшылардың жағдайын біртіндеп оңалтуға сеп болды» деп жазылған мақалада.

2005 жылы Арал теңізінің тым болмағанда бір бөлігін сақтап қалу мақсатында
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі Көкарал бөгеті. 21 мамыр 2010 жыл.
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі Көкарал бөгеті. 21 мамыр 2010 жыл.
Қазақстан аумағындағы Кіші Аралда Көкарал деп аталатын жаңа бөген салынған еді.

EurasiaNet вебсайтының мәліметінше, Дүниежүзілік банктің демеушілігімен жасалған Көкарал бөгені жобасының нәтижесі жақсы.

«Су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатқандықтан теңіздің Қазақстан бөлігіндегі судың тұздылығы бес есе азайып, фауна қалпына келді. Бұрынғы тұрғындардың кейбірі Аралға және сол аймақтағы ауылдарға оралып жатыр» деп жазады EurasiaNet.

«ӨЗБЕКСТАН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ ЫНТАЛЫ ЕМЕС»

Басылымның хабарлауынша, бұрын балық шаруашылығы қаласы болған Мойнақтың тұрғындары шамалары келсе, бұл қаладан көшіп кетуге дайын.

Мойнақ – Арал теңізінің Өзбекстан жағындағы қалашық. Мойнақ тұрғындары аймақтағы
Қайраңдап қалған кемелердің жанында ойнап жүрген балалар. Арал теңізі маңындағы Жалаңаш ауылы, 17 сәуір 2005 жыл.
Қайраңдап қалған кемелердің жанында ойнап жүрген балалар. Арал теңізі маңындағы Жалаңаш ауылы, 17 сәуір 2005 жыл.
нашар экологиялық жағдайдың салдарынан көптеген ауруларға шалдыққандарын айтады.

«Арал теңізіне жақын Өзбекстанның автономиялық аймағы – Қарақалпақстанда 1,1 миллион халықтың шамамен 70 пайызы созылмалы ауруларға (тыныс алу жолдары мен сүзек, гепатит және өңеш ісігіне) шалдыққан. Ондаған мың адам аймақтан кетіп қалған» деп жазады EurasiaNet.

EurasiaNet сайтының жазуынша, «Өзбекстан билігі Арал проблемасын шешуге онша ынталы емес».

Кейбір сарапшылар Арал теңізінің Өзбекстандағы бөлігі таяу арада толық құрғап кетеді деп жорамалдайды.

«БҰРЫН–СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ»

Осыдан 50 жыл бұрын әлемдегі төртінші ірі көл саналған Арал теңізінің азайып бара жатқаны белгілі. Бұл Орталық Азия аймағындағы халыққа, табиғатқа орасан зор экологиялық апат болды. Ғалымдар тартылып бара жатқан Арал теңізі табиғатын зерттеп, «бұл бүкіл әлемде бұрын-соңды кездеспеген экологиялық апат» деп мәлімдеді.

Халықаралық қауымдастық 1991 жылы тәуелсіздік алған Орталық Азия елдерін Арал мәселесін бірлесіп шешуге шақырып отыр.

1993 жылы аймақтағы бес мемлекет Аралды құтқару жөнінде халықаралық қор құрып, осы мақсаттағы жобаларды қаржыландыруға уәде еткен. Алайда қазірге дейін Орталық Азия мемлекеттері бұл мәселеге қатысты нақты келісімге келе алмады.
XS
SM
MD
LG