Accessibility links

2014 жылы өтетін спорт жарыстары


Лондон олимпииадасында алтын медаль алған боксшы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Лондон олимпииадасында алтын медаль алған боксшы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Азаттық радиосы 2014 жылы ұйымдастырылатын ірі спорттық сайыстардың күнтізбесін ұсынады.

2014 жылы әлем жанкүйерлері күткен бірнеше ірі жарыс өтеді. Ақпанның 7-і мен 23-і аралығында Сочиде (Ресей) қысқы олимпиада ойындары өтеді. Ал 12 маусым мен 13 шілде аралығында футболдан әлем чемпионаты болады. 16-28 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдердің жазғы олимпиадасы өтпек. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Инчхонда (Оңтүстік Корея) жазғы Азия ойындары өтеді.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫ

Қаңтардың 18-19-ы күні Наганода (Жапония) конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтеді. Бұл сынға 2013 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Денис Кузин де қатысады.

7-9 наурызда Польшаның Сопот қаласында жеңіл атлетикадан жабық алаңдағы әлем чемпионаты өтеді.

26-29 наурызда Жапонияның Сайтама қаласы мәнерлеп сырғанаудан әлем
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. 2013 жыл.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. 2013 жыл.
біріншілігін өткізеді. Бұл жарысқа қазақстандық Денис Тен де барады.

10-25 сәуірде Софияда (Болгария) бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты болады.

9-25 мамырда Минскіде (Беларусь) шайбалы хоккейден ерлер арасындағы әлем біріншілігі болады. Қазақстан топтық кезеңде Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия, Беларусьпен ойнайды.

1-13 шілдеде Хорватияда гандболдан өтетін қыздар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан жастар құрамасы да қатысады.

25-29 тамыз аралығында Челябинскіде (Ресей) дзюдодан әлем чемпионаты болады. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да барады.

8-14 қыркүйекте Ташкентте (Өзбекстан) күрес түрлерінен әлем чемпионаты болады. Жарысқа әлемнің 150 жуық елінен спортшы қатысады.

21-28 қыркүйекте Испанияның Понферрада қаласында болатын велоспорттан
Лондон олимпиадасында алтын алған велоспортшы Александр Винокуров. Лондон, 28 шілде 2012 жыл.
Лондон олимпиадасында алтын алған велоспортшы Александр Винокуров. Лондон, 28 шілде 2012 жыл.
әлем чемпионатында Қазақстан велоспортшылары да жүлдеге таласады.

23 қыркүйек пен 12 қазан арасында Италияда өтетін волейболдан әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.

Қазанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әзірге бұл чемпионатты өткізетін қала белгісіз.

ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН ЖАРЫСТАР

31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астанада теннистен Дэвис кубогының негізгі кезеңі өтеді. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы Бельгия спортшыларымен кездеседі.

23-27 сәуірде Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты болады. Жарысқа 48-ге жуық ел қатысады.

16-25 мамырда Алматыда нысана көздеуден әлем кубогы болады.

10-12 қазанда Алматыда дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы ұйымдастырылады. Жарысқа 40-қа жуық ел қатыспақ.

4-11 қарашада Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл жарыста 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін жазғы олимпиадаға жолдама таратылады.
XS
SM
MD
LG