Accessibility links

Қырғыз белсенділері Астананы «қысастық етті» деп айыптайды


Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 3 қараша 2017 жыл.
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 3 қараша 2017 жыл.

Қарашаның 3-і күні Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдында өткен наразылық акциясына ондаған адам жиналды. Олар Қазақстан территориясына кіруге рұқсат күтіп, жүздеген жүк көліктері тұрып қалған екі ел шекарасындағы жағдайды «реттеуді» талап етті. Наразылық акциясына қатысушылар «ЕАЭО-дан шығу мәселесін қозғаймыз» деп мәлімдеді. Бішкектің бұл ұйымға мүшелік етуі қажет пе деген мәселе Қырғызстанның саясеткерлер ортасында да қозғалып жатыр.

Бішкектегі Қазақстан елшілігі ғимараты алдындағы наразылық акциясы «Орталық Азия елдеріндегі адам құқығы конгресі» үкіметтік емес ұйымының бастамасымен өтті. Ұйым жетекшісі Турсунбек Акунның сөзінше, қарашаның 3-і күні акция өткізуді бірнеше құрылым қолдаған. Акцияның мақсаты біреу - қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды реттеуді талап ету.

Оқи отырыңыз: Шекарадағы жағдайды реттеу неге сонша маңызды?

ЕЛШІЛІК АЛДЫНДАҒЫ ПИКЕТ

Акцияға қатысушылар қолдарына «Қырғыз бен қазақ – біртуған», «ЕАЭО-дан шығу жағын ойлайық», «Проблема Бабановтан басталды», «Қырғыз-қазақ шекарасы ашылсын!» деген жазулары бар плакаттар ұстап тұрды.

Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 3 қараша 2017 жыл.
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 3 қараша 2017 жыл.

Акцияға қатысқан 40 шақты адам егер Қазақстан тарапы қарашаның 5-іне дейін шекараны толық ашып, Қазақстан мен Қырғызстаннан бөлек, Ресей, Беларусь және Армения кіретін Еуразия экономика одағы (ЕАЭО) талаптарын орындай бастамаса, ЕАЭО құрамынан шығу туралы талаппен Қырғызстан басшылығына жүгінуге мәжбүр боламыз деп мәлімдеді. Турсунбек Акун «шекарадағы жағдай Қазақстан Қырғызстанға «қысастық көрсетіп» отырғанын білдіреді» деген пікірде.

- ​Екі жыл ішінде ЕАЭО пайдасын көргеніміз жоқ. Егер шекарада тосқауылдар орнатып, ұйым шарттарына сәйкес келмейтін жөнсіз әрекеттерді жалғастыра берсе, бұл ұйымда қалудың керегі не? Қазақстан президентінің пікіріне ғана құлақ асатын ұйымның қажеті қанша? Егер қарашаның 5-інде шекара ашылмаса, ұйымнан шығу мәселесін көтереміз. Егер Қазақстан адамдардың шекарадан еркін өту құқығын бұзуды тоқтатпаса, шектей берсе, тиісті фактілерді жинап ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) сияқты ұйымдарға жолдаймыз. Өйткені Қазақстан осы ұйымға мүшелікке өтіп, адам құқығын қорғауға қатысты міндеттемелер алған. Еуропаның Ресейге санкция салғаны сияқты, біз де Қазақстанға экономикалық санкциялар салуды талап ете аламыз, - дейді Турсунбек Акун.

ЖЕЛІГЕ ШОЛУ: "Қазақтың да құқай көрсетуге қауқары бар екен"

"Қазақтың да құқай көрсетуге қауқары бар екен"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:37 0:00

Наразылық акциясына қатысушылар алдына Қазақстан елшілігі өкілдері шығып, оларға ақпараттық материалдар таратып беріп, ғимаратқа қайта кіріп кетті. Хабарламада Қазақстан шекарасындағы тексеруді күшейту себептерін контрабандамен күресу қажет деген уәжбен түсіндірген.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО жиынында болған "қазақ-қырғыз дауын" түрліше бағалайды

Бұл - кейінгі 10 күн ішіндегі Қазақстан елшілігі алдында өткен екінші наразылық акциясы. Қазанның 26-сы «Кыргыз чоролору» қоғамдық ұйымы белсенділері тексеру бекеттеріндегі қиындықтардың кесірінен екі елдің де азаматтары зардап шегіп жатыр деп мәлімдеп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шекарадағы жағдайды реттеуге шақырған.

Бішкекте белсенділер Назарбаевқа жүгінді (26 қазан, видео - орыс тілінде):

В Бишкеке активисты обратились к Назарбаеву
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

Қазақстан қазанның 10-ынан бастап шекарадағы тексеруді күшейтіп, Қырғызстанның Талас және Шу облыстарындағы өткізу бекеттерінде көптеген километрге созылған кезек пайда болған. Астана шекарадағы тексерісті Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшылығын сынағаннан кейін күшейткендіктен, кейбіреулер өткізу тәртібін саяси мақсатпен күшейтті деп санайды.

Қазанның 19-ы Қазақстан мен Қырғызстан жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды өткізу тәртібін оңайлату туралы келіскен. Бірақ ауыр жүк көліктері шекарадан өткен кезде әлі де қиындықтарға душар болып жатыр.

Оқыңыз: Атамбаев қазақ шекарасынан өтпейтін жол салу жайлы мәлімдеді

ЕАЭО-ҒА ШАҒЫМДАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ БАР МА?

Қырғызстан билігі шекарадағы жағдайға байланысты Еуразия экономика комиссиясына жүгінген.

Қырғызстандық экономист Жумакадыр Акенеев бұл - екі жақты мәселе, сондықтан үшінші тараптың араласуы жөнсіз деп санайды.

- Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шиеленіске Ресей немесе ЕАЭО-ның қандай қатысы бар? Бұл жерде бәрі екі жақты қатынастарға байланысты болып тұр. Екі жақты келісім шарттарын орындауға қатысты мәселе. Менің пікірімше, мына мәселе әу бастан саяси себептермен ушыға бастаған, сондықтан оны перзиденттер деңгейінде шешілуі мүмкін, - дейді ол.

Ертеректе Еуразия экономика комиссиясы төрағасы Тигран Саркисян Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы жағдай – екі жақты мәселе, сондықтан оған араласуға ұйымның құзыры жетпейді деп мәлімдеген. Саркисян мұндай жағдайда ұлттық заңдар негізгі рөл атқарады деген болатын. Оның сөзінше, комиссия жағдайды бақылап, өз ұсыныстарын жасаудан аса алмайды.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Темир Сариев шекарадағы проблемаларды мүмкіндігінше дереу шешу керек деп санайды.

- Егер Қазақстанмен арадағы мәселелерді дереу шешпесек, суық түскен кезде қарапайым халық зардап шегеді. Көмірдің бағасы қазірдің өзінде қымбаттап барады. Ұн мен бидай бағасы қымбаттап кетсе, жазғытұрым халық қиналатын болады. Егер ЕАЭО-Ға кірмесек, қазір жағдай әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан, бүкіл мәселені ұйым аясында шешу керек. Шешу жолдары бар, ең бастысы келіссөз жүргізу керек, - дейді ол.

Азаттықтың қазақ-қырғыз үкімет дауы туралы мақалаларының толық тізімі

Қырғызстан саясаткерлері арасында қайшылықтарды шешуге дәрменсіз ұйымға мүшелік етудің қажеті не деген пікір жиі айтыла бастады. Парламенттің кей депутаттары Қырғызстанның ұйымдағы мүддесін қорғай алмағаны үшін министрлерді Еуразия экономика комиссиясынан шақырып алуды ұсынды. Бұған дейін Алмазбек Атамбаев «бір адамның көңіл-күйіне тәуелді» одақ сенімді бола алмайды деп мәлімдеген. Ол «бір адамның» аты-жөнін атаған жоқ.

Атамбаев о «прихоти одного человека»
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейту себебін шекара қызметінің жоспарлы операциясы, ал кейін контрабандамен күрес деп түсіндірген. Қазанда қырғыз кәсіпкерлері Қазақстаннан кей тауарларымыз қайтпай қалды, ал жүк тасымалдаушы компаниялар көрші ел территориясына кіргеннен кейін бірнеше рет тексеруге ұшырадық деп хабарлаған. Қазақстан билігі тексерісті күшейтудің саяси астары жоқ деп мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG