Accessibility links

Керчьтегі жарылыс қалай болған?

Қырымның Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс 17 қазан күндіз болған. Ресейдің тергеу комитетінің дерегінше, жарылыстан 19 адам қаза тапқан. 50 адам жарақат алған. Полицияның болжамынша, жарылысты "өз-өзіне қол жұмсаған", 4-ші курс студенті, 18 жастағы Владислав Росляков жасаған болуы мүмкін. Тергеушілердің айтуынша, Росляков жарылыс болмай тұрып колледжге қарумен келген. Керчьтегі қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Азаттықтың Қырым редакциясы оқиға орнынан түсірген суреттерді жариялады.

XS
SM
MD
LG