Accessibility links

Шыңжаңнан қашқан босқындар Қазақстан мен Түркиядағы "саяси бағыттың өзгеруінен" қауіптенеді


Қытай консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салып, пикет өткізіп тұрған адамдар мен олардың жолын бөгеп тұрған консулдық күзетшілері мен полиция қызметкері. Алматы, 10 ақпан 2021 жыл.
Қытай консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салып, пикет өткізіп тұрған адамдар мен олардың жолын бөгеп тұрған консулдық күзетшілері мен полиция қызметкері. Алматы, 10 ақпан 2021 жыл.

Батыс басылымдары Қытаймен қарым-қатынасы күрделі Түркия мен Қазақстанның саясаты өзгеруі мүмкін деп жазды. Шыңжаңдағы қуғын-сүргіннен қашқан азаматтар экономикалық мүдде өңірдегі түркітілдес мұсылман халықтарын қорғау ниетінен басым түсуі мүмкін деп алаңдайды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ "БЕЛСЕНДІЛІКТІ ЖОЮҒА" БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

Ағылшын тілінде шығатын Eurasianet.org сайтына жарияланған "Қазақстан сенімсіз бастамасынан кейін Шыңжаң мәселесіне қатысты белсенділіктің көзін жойып жатыр" деген мақалада елдің "бағыты өзгере бастағанына" назар аударған.

Eurasianet сайтының мәлімдеуінше, осыған дейін Қазақстан Қытайдағы қуғын-сүргіннен қашып, елге шекарадан заңсыз өтіп келген қазақтардың мәселесіне келгенде шығыстағы ықпалды көршісін ренжітіп алудан қорқып, әр қадамына сақ болып келген. Сондықтан Қазақстан билігінің былтыр күзде Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлына уақытша баспана беру туралы шешімі "жағымды тосынсый" болған. Бірақ басылым қазір Нұр-Сұлтанның саясаты өзгере бастағанын айтады.

Ақпарат ресурсы бұған дәлел ретінде қаңтарда Ақан мен Әлімұлына шабуыл жасалғанын және Шыңжаң мәселесін көтеріп жүрген белсенділерге мемлекет тарапынан қысым көрсетілгенін еске салады.

Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдындағы пикет

Ақан мен Әлімұлының адвокаты Шынқуат Байжанов Eurasianet.org сайтына берген сұхбатында "21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Мұрагер Әлімұлын белгісіз біреулер пышақ жұмсап, жарақат салғанын" айтады.

"Дәл сол күні кешкісін Алматыда Қайша Ақанға да шабуыл жасап, беті-басын көгертіп қойды. Бұл туралы полицияға арыз беруге барғанда, оған "жарақатты өзіңіз салған шығарсыз" деген. [Полиция қызметкерлері] Қайша осылайша халықаралық қауымдастықтың аяушылық сезімін оятып, Швейцарияға көшіп кеткісі келген деп топшылаған" дейді адвокат.

Қытайдан қашқан екі қазақ шабуылға ұшырады

"Пышақ жұмсап, тепкіледі". Қытайдан қашқан екі қазақ шабуылға ұшырады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Заңгер Байжанов болған оқиғаның "саяси астары барына" сенімді. Ол қылмыскерлердің (олардың ешбірі ұсталған жоқ) ештеңе ұрламағанын атап өтіп, бұл шабуылдар "ескерту жасау" мақсатында ұйымдастырылған деп есептейді.

2018 жылы Қазақстан күтпеген жерден Шыңжаңда болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық іздеп келген шетел журналистерінің "орталығына" айналған. Бұл биліктің алаңдаушылығын туғызған.

Шыңжаңдағы қазақтардың құқығын қорғау мақсатында құрылған "Атажұрт" тобының белсендісі Серікжан Біләш қудалауға ұшырап, соңында елден кетуге мәжбүр болған.

Кейінгі кезде Шыңжаңдағы туыс-жақынын босатуға және олар туралы ақпарат алуға тырысқан адамдар тұтқындала бастаған. Олардың бірі – Қазақстан азаматтығын алған Байболат Күнболат. Ол кейінгі үш аптада жақындары Шыңжаңда қамауға алынған немесе із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың ұйымдастыруымен Алматыдағы Қытай консулдығының алдында өткен пикеттерге қатысқан.

“Қытай түрмесінде отырған” інісінің босатылуын талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығына келген Байболат Күнболатұлы. 1 ақпан 2021 жыл.
“Қытай түрмесінде отырған” інісінің босатылуын талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығына келген Байболат Күнболатұлы. 1 ақпан 2021 жыл.

Байболат Шыңжаңда "онлайн хабарламаның көмегімен нәсілдік араздық туғызды" деген айыппен он жылға түрмеге жабылған інісі Баймұратты қамаудан босатуға тырысып жүр. Ол пикетке шыққаны үшін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен 10 тәулікке қамалған. Осыдан кейін дипломатия өкілдігі алдына Байболаттың анасы шығып, бір ұлы – Қытайда, екіншісі Қазақстанда түрмеде отырғанын айтып, наразылық білдірген.

Eurasianet басылымы халықаралық ақпарат құралдарының Шыңжаңдағы жағдайға "қызығушылығы азайғанын" жазып, "Атажұрт" тобынан қалған ұйымды басқаратын Бекзат Мақсұтханның "Қазақстанда қорқытып-үркітудің көбейгені соншалық, құқық қорғаушыларға күресті жалғастыру қиынға соғып отыр" деген пікірін берген.

Тұңғышы - Қазақстан, кенжесі Қытай түрмесінде отыр

Тұңғышы - Қазақстан, кенжесі Қытай түрмесінде. Кейуана Шыңжаңдағы баласына араша сұрайды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:22 0:00

"Біздің топтың кеңсесі де жоқ, ал ұйымға демеушілік жасағандарға ұлттық қауіпсіздік қызметі қоқан-лоқы көрсетеді" дейді Мақсұтхан.

Басылым дерегінше, "Атажұрт" ұйымының негізін қалаушы Серікжан Біләш Қазақстандағы қысымнан кейін Түркияға қоныс аударып, қазір ол жақтан да кетуге мәжбүр болған. Біләш Анкараға өзін "депортациялау" туралы өтініш түскені жөнінде расталмаған ақпарат алғанын айтады. Осыдан кейін ол АҚШ-қа кеткен.

Eurasianet мақалаға Біләштің "Түркияға мені депортацияламағаны үшін алғыс білдіремін. Бірақ бұл өзім және ұйымым үшін жақсы жер деп ойламаймын. Енді бізге АҚШ көмектесетін шығар деп үміттенемін" деген сөзін қосқан.

ТҮРКИЯНЫҢ "ҚОЛЫ БАЙЛАУЛЫ" МА?

Шыңжаң босқындарының Қытайдағы қазақ және ұйғыр диаспорасының көп өкілі қашып барған Түркияда да өзін қауіпсіз сезіне алмайтынын британдық Financial Times газеті де растайды. Басылым "Түркиядағы ұйғырлар Қытай вакцинасы мен саудасы өздерін сатып жіберуге себеп болуы мүмкін деп қорқады" деген мақаласында осы мәселені қозғаған.

Джевлан Ширмеммет пен өзге де ұйғыр белсенділері ақпанда бес күн бойы Анкарадағы Қытай елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізіп, із-түссіз жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қайда екені туралы ақпарат беруді талап еткен. Алтыншы күні түрік полициясы наразыларға дипломатия өкілдігі жанында тұруға тыйым салған.

"Бір жағынан, Түркия бізді қорғағысы келеді, мұны білеміз және сезіп отырмыз. Бірақ олай жасай алмайды. Бізге олардың қолы байлаулы сияқты көрінеді" дейді 2018 жылдың басынан бері Шыңжаңда қалып қойған анасын іздеп жүрген 29 жастағы Ширмеммет.

"Бұл текетірес қуғындағы ондаған мың ұйғырға пана болған Түркияның Қытаймен қарым-қатынасы қиын екенін көрсетеді. Өйткені Түркия Пекинмен қарым-қатынасын нығайтып, инвестицияға қол жеткізгісі келеді. Мемлекет Қытайдан келетін коронавирусқа қарсы вакцинаға да тәуелді" деп жазады Financial Times.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, Қытай, 2 шілде 2019 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, Қытай, 2 шілде 2019 жыл.

Өзін бүкіл әлемдегі қудалауға ұшыраған мұсылмандардың қорғаушысы санайтын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осыған дейін Қытайдың Шыңжаңдағы әрекетін сынап келген. Түркиядағы ұйғырлар Анкара құқығын қорғайтын ғаламдық түркітілдес халықтар отбасының бір бөлігі саналады.

Бірақ оппозициялық партиялар Ердоған үкіметін "Пекинге қарсы шықпау үшін сынды жұмсартып жеткізіп отыр" деп айыптайды.

Қаңтарда IYI оппозициялық партиясының көшбасшысы Мерал Аксенер "Еуропа мен Америка Қытайдағы ұйғыр бауырларымызға қысым көрсетуге қарсы пікірін айтты… Ал Анкара үнсіз отыр" деді. Түркияның ресми тұлғалары Пекинге өз пікірін "сырт көзден тасада" жеткізіп жүргенін айтады.

FT басылымы Ердоған үкіметіндегі кей тұлғалардың батыстан келетін тікелей инвестициялардың қысқаруына байланысты Қытайдан капитал тарту үшін Пекинмен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтынын жазған.

Орталық банктің дерегінше, 2019 жылы Түркиядағы Қытай инвестициясының көлемі Еуропадан келетін 100 миллиард доллар капиталмен салыстырғанда, 1,2 миллиард долларды ғана құраған. Бірақ Анкара Қытайдан үміттеніп, ұлттық әл-ауқат қоры Қытай инвестициясын қолдап, бұл елден кеңсе ашуды жоспарлап отыр. Анкара Қытайдың орталық банкімен валюта алмастыру туралы келісімге қол қойған. Бұл Түркияның валюта резервін екі миллиард долларға арттыруға көмектескен.

"Пандемия кезінде қарым-қатынас қиындады. Түркия Еуропадан вакцина сатып алуға ниет білдіргеніне қарамастан, Қытайдың дәрі-дәрмек шығарушы Sinovac Biotech компаниясы жасаған CoronaVac вакцинасының 100 миллионын алу туралы келісімге қол қойған. Желтоқсанда вакцина жеткізу уақытының кешігуі Қытай парламентінің қос мемлекет арасындағы экстрадиция туралы келісімді ратификациялау туралы шешіміне тұспа-тұс келді. Түркия бұл келісімді әлі ратификациялаған жоқ" деп жазады Financial Times.

Парламентке оппозициялық Халықтық-республикалық партия атынан сайланған Йилдирим Кай Пекиннің келісімді ратификациялауына Қытайдан Түркияға қашқан ұйғырларды қатты абыржытып тастағанын айтады. Ол Анкарадан "Вакцина жеткізу процесін жеделдету туралы келісімшартты ратификациялау кезінде қысым жасалған жоқ па?" деген сұраққа жауап беруді талап еткен. Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Джавушоглу бұл сөзге ашуланып, "ұйғырларды саяси мақсатта пайдалану" туралы болжамды жоққа шығарды.

Қытай ықпал ету тетігі ретінде вакцинаны пайдалануы мүмкін деген пікірге сарапшылар да күмәнмен қарайды. Сучжоудағы Сиань Цзяотун-Ливерпуль университеті қытайтану кафедрасының доценті Джерен Эргенч Анкара Қытайда қолдануға рұқсат берілмеген, тиімділігі көп сұрақ туғызатын вакцинаны сатып алу жайлы келісімге Пекиннің "көңілін табу" үшін қол қойды деген қисынға көбірек келеді деп есептейді.

Қытай елшілігі Financial Times басылымының сұрақтарына берген жауабында жақында Түркияда болған наразылық акциялары Қытайды "қаралауды" көздеп, дипломатиялық миссияға қауіп төндіргенін мәлімдеген. Елшілік "Қытай Түркияның вакцинаға сұранысын саяси тетік ретінде пайдаланып отыр" деген пікірді жоққа шығарып, оны "негізсіз долбар және қасақана айтылған қате түсініктеме" деп атаған.

Бұл жағдайға ұйғыр диаспорасы қатты алаңдап отыр.

"Қытай бізді қылмыскер көреді. Біз [экстрадиция туралы] келісім парламентке өтпейді деп үміттенеміз. Бұл құжатқа қол қойылса, уайымымыз артатын болды" дейді осы айда Қытайда жоғалып кеткен ағасы, күйеубаласы мен төрт досы туралы ақпарат алу үшін Анкарада өткен наразылыққа қатысқан Мирзехмет Ильясоглу.

Қытай консулдығы алдындағы наразылықтың 19-күні

"Сеніміміз таусылды!" Қытай консулдығындағы наразылықтың 19-күні
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

"ТҮРМЕ-МЕМЛЕКЕТ"

Осы аптада New Yorker журналы Шыңжаңдағы түркітілдес халықтарды қамап, азаптап, идеологиялық дайындықтан өткізуге арналған "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлері" тақырыбында көлемді материал жариялады.

Басылым дайындаған лонгридте Шыңжаңдағы оқиғалар "Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған ең көлемді этникалық және діни азшылық өкілдерін жаппай түрмеге жабу шарасы" деп аталған. Журналдың дерегінше, 2019 жылы Қытай тұтқындардың "оқыту бағдарламасынан" өткенін мәлімдеген. Бірақ олардың көбі түрмеге жабылып, мәжбүрлі еңбекке жегілген.

Ауқымды әрі кешенді мультимедиа материалында 2017-2018 жылдары Тачингтегі (Шәуешек) лагерьде болған қазақтар – шопан Орынбек Көксебек, кәсіпкер Аманжан Сейітұлы және жүк көлігін жүргізуші Ербақыт Отарбайдың хикаясы баяндалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG