Accessibility links

Президент Тоқаев Қытайда жұмыс сапарымен жүр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда қытай шенеуніктері қарсы алып тұр. Шанхай, 15 шілде, 2026 жыл. Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған фото
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда қытай шенеуніктері қарсы алып тұр. Шанхай, 15 шілде, 2026 жыл. Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған фото

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 шілде күні Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Ол бейсенбіде Қытай президенті Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті сапар барысында қытай компаниялары жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізеді.

Ал жұма күні Тоқаев "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбында өтетін дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатыспақ.

(жаңалық толықтырылады)

Айдар
XS
SM
MD
LG