Accessibility links

Қамаудағы Саакашвилидің жүздеген жақтасы шеруге шықты

Үкімет күштері ұсталған оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили отыруы ықтимал автобустың Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратына өтуіне жол ашып тұр. Киев, 8 желтоқсан 2017 жыл.

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили осы аптада екінші мәрте ұсталғаннан кейін Киевте жүздеген адам наразылық акциясына шықты. Саакашвили абақтыда аштық жариялайтыны туралы мәлімдеген.

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили желтоқсанның 8-і күні Киевте уақытша ұстау абақтысына қамалғаннан кейін аштық жариялаған. Бұл туралы журналистерге Саакашвилидің адвокаты Руслан Чернолуцкий хабарлады. Адвокаттың сөзінше, Саакашвили бостандықтағы жақтастарын жексенбіге белгіленген Украина президентіне импичмент жариялау туралы қарсылық акциясына шығуға шақырған.

Сенбіге қараған түні Михаил Саакашвилидің жақтастары оппозициялық саясаткерді сол жерде қамауда ұстап отыр деген болжаммен парламент ғимараты жанындағы полиция бөлімшесі алдына жиналып, "Масқара!", "Киев, оян!" деп айқайлады. Бөлімшенің алды қаптаған полиция қызметкеріне толды. Саакашвилидің серігі Давид Сакварелидзе Украина президенті Петр Порошенконы Одессаның бұрынғы губернаторы әрі "Жаңа күштер қозғалысы" оппозициялық партиясы жетекшісі Михаил Саакашвилиді қудалады деп айыптап, Киев тұрғындарын саясаткерді ұстауға наразылық белгісі ретінде көшеге шығуға шақырды.

- Бүгін Порошенко рекорд атаулыны жаңартып, саяси қарсыласын қудалаған диктатор ретінде тарихқа енді, - деді Сакварелидзе NewsOne телеарнасына.

Саакашвилидің жақтастарының Азаттыққа айтуынша, саясаткерді желтоқсанның 8-і күні достарының пәтерінен ұстап әкеткен. Сакварелидзенің сөзінше, оппозиционерді ұстауға Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) өкілдері барған.

Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бас прокурор Юрий Луценко "құқық органдары күш қолданбау үшін және қантөгіске ұласпауы үшін барынша тырысты" және "Саакашвили уақытша тергеу абақтысына қамалды" деп хабарлады.

БІР АПТАДА ЕКІНШІ МӘРТЕ ҰСТАУ

Жұма күні ұсталардан бірер сағат бұрын Михаил Саакашвили украиналықтарды жексенбі, желтоқсанның 10-ы күні наразылық акциясына шығуға шақырған болатын. Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында Саакашвили жақтастарына "тамағым бітіп, дауысым шықпай қалды, дене қызуым да көтеріліп тұр", бірақ 2013-2014 жылдары ресейшіл президент Виктор Януковичті биліктен қууға ұласқан наразылық акциясы өткен Тәуелсіздік Майданы алаңындағы марш кезінде, "сіздермен бірге боламын" деп хабарлаған.

2015 жылы Украинаның Одесса облысының губернаторы болып тағайындалып, бірақ бір жылдан кейін отставкаға кетіп, Порошенкоға қарсы оппозициялық іс-әрекетті бастаған Саакашвили кейінгі күндері болып жатқан аласапыранда қолдау танытқаны үшін жақтастарына алғыс айтты.

Желтоқсанның 5-і күні Киевтегі Саакашвилидің пәтерін тінту үшін барған күш құрылымы қызметкерлері оларға бағынбай үйдің шатырына шығып кеткен оппозициялық саясаткерді түсіріп алып, қызмет көлігіне күштеп салған болатын. Бірақ көшеде оны жақтастары көліктен босатып алған, сосын ол өзін қолдайтын адамдармен бірге наразылар шатыр тігіп алған парламенттің алдына жаяу барған. Бір күннен кейін полиция әлгі лагерьде тінту жүргізген, бірақ Саакашвилиді ұстамаған. Полиция оның тергеуге өз еркімен келуіне 24 сағат мұрсат берген.

Саакашвилиді ұстау және босату (5 желтоқсан):

Ұсталған Саакашвилиді жақтастары босатып алды

Құқық қызметкерлері тінту жүрізіп жатқан пәтері орналасқан үйдің төбесіне шығып алған Михаил Саакашвили төменде жиналған жақтастарына сөйлеп тұр. Украина қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы ел президенті Петр Порошенконың саяси қарсыласын ұстап, тергеу органына жеткізу үшін оның үйіне келген болатын.
1/12 Құқық қызметкерлері тінту жүрізіп жатқан пәтері орналасқан үйдің төбесіне шығып алған Михаил Саакашвили төменде жиналған жақтастарына сөйлеп тұр. Украина қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы ел президенті Петр Порошенконың саяси қарсыласын ұстап, тергеу органына жеткізу үшін оның үйіне келген болатын.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Киевы уақытымен таңертеңгі сағат 7-де қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы Саакашвилиді ұстап, үйден сыртқа алып шықты.
2/12 Киевы уақытымен таңертеңгі сағат 7-де қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы Саакашвилиді ұстап, үйден сыртқа алып шықты.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Арнайы мақсаттағы топтың қызметкерлері Михаил Саакашвилиді шағын көлікке күштеп салып жатыр. Ресми ақпарат бойынша, ол Украинадағы "заңды билікті құлатуға әрекет жасады" және Украинаның қызметтен қуылған экс-президенті Виктор Януковичтің "төңірегіндегі адамдардан қаржы алған" деген күдікпен ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, Саакашвилидің "қылмыстық ұйымдардың адамдарына болысуға" және "олардың іс-әрекетін жасыруға" қатысы бар-мыс.
3/12 Арнайы мақсаттағы топтың қызметкерлері Михаил Саакашвилиді шағын көлікке күштеп салып жатыр. Ресми ақпарат бойынша, ол Украинадағы "заңды билікті құлатуға әрекет жасады" және Украинаның қызметтен қуылған экс-президенті Виктор Януковичтің "төңірегіндегі адамдардан қаржы алған" деген күдікпен ұсталған. Тергеу болжамы бойынша, Саакашвилидің "қылмыстық ұйымдардың адамдарына болысуға" және "олардың іс-әрекетін жасыруға" қатысы бар-мыс.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвилидің жақтастары мен қауіпсіздік қызметінің арнайы тобының тайталасы.
4/12 Саакашвилидің жақтастары мен қауіпсіздік қызметінің арнайы тобының тайталасы.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвилидің үйінің жанында тұрған Ұлттық гвардия  қызметкерлері мен оппозициялық саясаткердің жақтастары арасындағы қақтығыс.
5/12 Саакашвилидің үйінің жанында тұрған Ұлттық гвардия  қызметкерлері мен оппозициялық саясаткердің жақтастары арасындағы қақтығыс.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвили отырған шағын автобустың жолын бөгеген жұртты шетке ығыстырмақ болған полиция қызметкерлеріне қолын сермеп тұрған әйел.
6/12 Саакашвили отырған шағын автобустың жолын бөгеген жұртты шетке ығыстырмақ болған полиция қызметкерлеріне қолын сермеп тұрған әйел.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвилидің жақтастары мен Ұлттық гвардия сарбаздарының тіресі. Саакашвилидің көмекшілері оның пәтерінде тінту жүріп жатқаны туралы хабарлағаннан кейін оппозициялық саясаткерді қолдауға жүздеген адам келді.
7/12 Саакашвилидің жақтастары мен Ұлттық гвардия сарбаздарының тіресі. Саакашвилидің көмекшілері оның пәтерінде тінту жүріп жатқаны туралы хабарлағаннан кейін оппозициялық саясаткерді қолдауға жүздеген адам келді.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Михаил Саакашвилиді күштеп отырғызған шағын автобус Тәуелсіздік алаңы – Майданға (2014 жылы Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасасуын қолдаушылардың үкіметке қарсы шеруі болған алаң) тақаған кезде наразылар жолды жауып, көлікті өткізбей қойды.
8/12 Михаил Саакашвилиді күштеп отырғызған шағын автобус Тәуелсіздік алаңы – Майданға (2014 жылы Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасасуын қолдаушылардың үкіметке қарсы шеруі болған алаң) тақаған кезде наразылар жолды жауып, көлікті өткізбей қойды.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Құқық қызметкерлері наразы жұртқа көзден жас ағызатын газ шашты.
9/12 Құқық қызметкерлері наразы жұртқа көзден жас ағызатын газ шашты.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвилидің жақтастары көшеге кеспе тас төсеп жатыр, алаң маңындағы жағдай шиеленісе түсті.
10/12 Саакашвилидің жақтастары көшеге кеспе тас төсеп жатыр, алаң маңындағы жағдай шиеленісе түсті.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Оппозициялық саясаткерді қолдауға жиналған наразылар қолға түскен заттардан баррикада тұрғыза бастады.
11/12 Оппозициялық саясаткерді қолдауға жиналған наразылар қолға түскен заттардан баррикада тұрғыза бастады.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Саакашвили өзін СБУ шағын автобусынан босатып алған жақтастарының ортасында тұр.
12/12 Саакашвили өзін СБУ шағын автобусынан босатып алған жақтастарының ортасында тұр.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.
Previous slide
Next slide

СААКАШВИЛИГЕ ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР

Украинаның ресми тұлғалары Михаил Саакашвилиді 2014 жылы биліктен қуылып, Ресейге қашып кеткен Украинаның экс-президенті Виктор Янукович басқарған "қылмыстық топқа" қатысы бар деп айыптайды. Киев Саакашвилидің ұйымдастырған наразылық акциялары Ресейдің Украинаға қарсы қастандық әрекетінің бір бөлігі болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Миахил Саакашвили бұл айыптарды жоққа шығарады.

Желтоқсанның 9-сына қараған түні Михаил Саакашвилидің адвокаты Руслан Чернолуцкий клиентіне тағылған айыптарда қылмыс құрамы жоқ, ал істің саяси астары бар деп мәлімдеді.

Саакашвилидің ісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан тергеу абақтысынан шыққаннан кейін Саакашвилидің ондаған жақтасының алдында сөйлеген сөзінде адвокат: "Ол (Саакашвили - ред.) ешкімнен ешқандай ақша алмағанын айтты. Бұған қоса, билікті құлатуға ешқандай ақша аударылған жоқ, бейбіт шеру, бейбіт акциялар ғана өткенін өздеріңіз көрдіңіздер ғой" деді.

Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Чернолуцкий қорғаушы тарап саясаткерге қатысты бұлтартпау шарасын белгілейтін сотқа дайындалып жатыр деп хабарлады. Бұған қоса, ол әлеуметтік желіде Саакашвилидің қолымен жазылған үндеуді жариялады. Саясаткер хатында жақтастарын "ештеңеден қорықпауға және Украина президентіне "Импичмент жариялау" бір апталық бейбіт акциясына жасқанбай шығуға шақырған.

Саакашвилидің пәтерінде тінту "Жаңа күштер қозғалысы" партиясы Киевте Украина президенті Петр Порошенкоға импичмент жариялауға және импичмент жариялауды қарастыратын заң қабылдауға шақыратын митинг ұйымдастырғаннан кейін жүргізілген.

Желтоқсанның 8-і түн ортасында Порошенко Саакашвилидің үстінен қозғалған істі тергеуге халықаралық сарапшылар көмектесе алады деп мәлімдеп, Саакашвилидің соты әділ өтетініне сенімді екенін айтқан.

Литва президенті Даля Грибаускайтемен кездесу үшін Вильнюске барған сапары кезінде Порошенко журналистерге "айыптауға сенімді күшейту үшін қосымша сараптамалар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың сараптама өткізуі қажет болуы мүмкін деп санаймын" деп мәлімдеген.

Саакашвили "тағылған айыптар бойынша тергеушілер мен қоғам алдында жауап беруі тиіс. Егер ол жауап бермесе, оған тағылған айыптаулар негізді деген сөз. Егер ол тергеуден жалтаратын болса, беделіне нұқсан келеді" деді Порошенко.

Айыптаушы тарап Саакашвилиді электронды білезік арқылы бақылап, үй қамағында ұстауды талап етеді. Бұл жайлы желтоқсанның 9-ына қараған түні бас прокурор Юрий Луценконың баспасөз хатшысы Лариса Сарган хабарлады.

Михаил Саакашвилиді ұстап әкеткеннен кейін ондаған жақтасы оны сол жерде ұстап отыр деген оймен Украинаның қауіпсіздік қызметі ғимараты жанында түнеп қалған. Олар жылыну үшін от жаққан. Саакашвилидің жақтастарының тағы бір бөлігі Жоғарғы Рада ғимараты жанындағы лагерьде әлі тұр. Өткен түнде Жоғарғы Рада депутаты Семен Семенченко парламент ғимараты жанындағы лагерьге шабуыл жасалды деген хабарды жоққа шығарды.

Айдар
XS
SM
MD
LG