1953 жылы наурыз айында Азаттық радиосы өзінің алғашқы хабарларын тарата бастады. Бірінші хабар 1 наурызда орыс тілінде берілді. Кейіннен арасында қазақ тіліндегі бөлімі бар Түркістан редакциясы жасақталып, 1953 жылдың 18 наурыздан бастап хабар таратты. Онда Совет одағы құрсауында қалған елдердің жағдайы айтылды. Әуелде Азат ету радиосы аталған ақпарат құралы кейіннен Азаттық радиосы деп аталды. 1976 жылы Азат Еуропа радиосымен қосылып, содан бері ресми түрде Азат Еуропа/Азаттық радиосы деп аталады. Радионың алғашқы штаб-пәтері Германияның Мюнхен қаласында болды. Совет Одағы ыдырағаннан кейін штаб-пәтер Прагаға көшірілді.
Азаттық радиосына - 65 жыл

1
Азаттық радиосы жүйесіндегі телетайп операторы. 1950-жылдардағы сурет.

2
Азаттық радиосының Мюнхендегі ғимараты. 1953 жыл.

3
Композитор Вернон Дюк тілшілер Виктория Семенова мен Михаилу Коряковқа сұхбат беріп отыр. Мюнхен. 1955 жыл.

4
АҚШ президенті Франклин Рузвельттің зайыбы құқыққорғаушы Элеонора Рузвельттің Азаттыққа сұхбат беріп отырған сәті. 1950-жылдар.

5
Азаттық тілшілерінің бірі Валериан Оболенский. 1950-жылдар.

6
Азат ету радиосынан Азаттық радиосына айналған кез.

7
Радионың техникалық бөлімінің жетекшісі Ричард Джюэл Тэнксли (сол жақта) басқару орталығын көрсетіп тұр. Мюнхен. 1964 жыл.

8
Редактор Фрэнсис Рональдтың АҚШ-тағы қаранәсілді адамдардың құқығы үшін күрес басшысы Мартин Лютер Кингтан сұхбат алып отырған сәті. 1966 жыл.

9
1976 жылы Азаттық радиосы мен Азат Еуропа радиосы қосылды. Сол кездегі радионың Мюнхендегі "ағылшын бағындағы" штаб-пәтері.

10
Радионың басқару орталығы. 1980-жылдар.

11
Радионың Прагадағы қазіргі штаб-пәтері.

12
1986-1995 жылдар арасында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған Хасен Оралтай.

13
Азаттық радиосының қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдіуақап Қара, Әлихан Жаналтай. Мюнхен. 1995 жыл.

14
Азаттық радиосының қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Әбдіуақап Қара және Мұқабай Енгін.