Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында қатты жылдамдықпен келе жатқанда күре жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған Volkswagen Polo жеңіл автокөлігі іс жүзінде екіге бөлініп қалғанын дүйсенбі күні жергілікті Otyrar медиасы хабарлады.
Зардап шеккен баланы дәрігерлер ажалдан құтқарып қалды, бірақ оның жағдайы ауыр, деп жазды басылым. Ата-анасы баланың хал-жағдайы жайлы ақпаратты жария қылмауды өтінген.
Полицияның алдын ала болжамы бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Қазақстанның бас прокуратурасының дерегі бойынша, 2026 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысында 461 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 100 адам опат болып, 573 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.