Accessibility links

Түркия АҚШ-тың келісімімен ресейлік дизельдің бір бөлігін алмақ

Түркия Мәскеу мен Вашингтон келісімі аясында Ресей әлемдік нарыққа шығаратын дизель отынының бір бөлігін сатып алады. Мұны Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактар айтты деп хабарлады Reuters.

Министр келісім Түркияның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өткен. Оның сөзінше, Түркия бұл мәселеде Ресейге ішінара тәуелді.

"Ресей кейінгі айларда осы проблемаға тап болғаннан кейін дизель отыны экспортына шектеу енгізді. Енді олар Трамппен дизель жөнінде келісімге келді. <…> Біз жүргізген келіссөздер нәтижесінде осы дизельдің бір бөлігін Түркия алады", – деді Байрактар.

Бірақ ол отынның көлемі мен жеткізілетін мерзімін нақтылаған жоқ.

9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен отын жеткізу жөнінде келіскенін хабарлаған. Оның сөзінше, 300 мың тоннадан астам отын дереу, тағы 500 мың тонна қараша айында, "одан кейін бірден" бір миллион тонна, ал үш миллион тонна отын "Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының жағдайын ескере отырып, жуық арада" жеткізілмек.

Ресейде 2026 жылғы 8 шілдеден бері дизель отынын экспорттауға тыйым салынған. Трамптың мәлімдемесінен кейін ертесіне Ресей вице-премьері Александр Новак бұл тыйым жоспарланған мерзімнен бұрын "дереу" алына бастайтынын айтты.

18 қазанда Новак ресейлік дизель АҚШ нарығына келісімшарттар жасалғаннан кейін 15-20 күнде жеткізіледі деп мәлімдеді.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG