Accessibility links

«Жиырма бесінші санжаршылар» ісі


Борис Шихмұрадов Түркіменстанның сыртқы істер министрі кезінде.
Борис Шихмұрадов Түркіменстанның сыртқы істер министрі кезінде.

2002 жылы қараша айында Түркіменстаның сол кездегі президенті Сапармұрад Ниязовқа жасалған «қастандықтан» кейінгі жаппай қуғын-сүргін «Жиырма бесінші санжаршылардың ісі» деп аталып кетті. Бұл қуғын-сүргін кезінде ұзақ жылдарға сотталған ондаған адамнан әлі күнге еш хабар жоқ.


Ниязов басқарған кезде Түркіменстандағы ай атаулары да өзгертілді. Қараша айын түркімендер «санжар айы» деп атайтын.

«НИЯЗОВҚА ЖАСАЛҒАН «ҚАСТАНДЫҚ»

Санжар айының 25-і күні Ниязов әдеттегідей жұмысқа бара жатқан. Телеарнадан айтқан әңгімесіне қарағанда, президент лимузинінің рулінде өзі отырған. Кенет екі жеңіл көлік пен бір жүк көлігі президент кортежінің алдына көлденең тұра қалып, оқ жаудырған. Бірақ Ниязов еш жарақат алмаған, тіпті ол атып жатқанын да аңғармай қалған сықылды.

Басты гәп – бұрынғы сыртқы істер министрі және шағын оппозициялық топтың жетекшісі Борис Шихмұрадовтың әлдебір себептермен шетелден Түркіменстанға қайта оралғанында. «Төңкеріске басшылық жасамақ болды» деген күдікке ілінген оппозиционер бірер күнде-ақ Түркіменстан чекистерінің қолына түсті. Шихмұрадовты алдап қолға түсіру үшін «қастандық» әдейі жасалды деген пікірлер де айтылды.

Сол күні Түркіменбашы «қастандықты шетелде жүрген оппозиционерлер ұйымдастырды, ал оны жүзеге асырғандар - орыс жалдамалылары» деп мәлімдеді. Тұтқынға алынғандардың ішінде Ресей мен АҚШ азаматы,
Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
журналист Леонид Комаровский де бар еді. Кейін АҚШ елшісінің араға түсуімен оны босатты. Бірақ жүздеген адамдар тұтқынға алынды. «Чекистер олардың кейбірін отбасымен қоса қамап тастады» деген сөздер де шықты. Борис Шихмұрадов пен сол кездегі бірсыпыра жоғары лауазымды шенеуніктер ең басты айыпкерлер болып жарияланды.

Бұл қуғын-сүргіндер - түркімен қоғамында әлі күнге дейін айтылмайтын тақырып. Ол оқиғаны сараптап шыққан ЕҚЫҰ өкілі, халықаралық құқық профессоры, доктор Эммануэль Деко Түркіменстанды «ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерін өрескел бұзды» деп айыптады.

Кей мәліметтерге қарағанда, бұл іс бойынша 60-қа жуық адам тергеуге алынып, оның 20-сы өмір бойы түрмеге қамалды, кейбірі ұзақ жылдарға кесілді. Шихмұрадов та өмір бойы түрмеге отыру жазасына кесіліп, рақымшылық алу құқығынан айырылды.

- Қылмыстық іс әуел баста олардың мойындаулары негізінде қозғалуының өзі Түркіменстан конституциясы мен халықаралық нормаларға қайшы келеді, - дейді санайды француз профессоры Эммануэль Деко.

«Айып тағылғандарғы ең қарапайым адвокаттық қорғаулар да берілмеді. «Санжаршыларды» мейлінше озбырлықпен қамауға алды, азаптау мен қорлау арқылы мойындатып, сол негізде асығыс-үсігіс соттап жіберді» дейді құқық қорғаушылар.
«Таспен ұрып өлтіру керек!», Үрім-бұтағы, туған-туысқандарына дейін жойылсын!» дейтін сарындағы шоулар телеарналар арқылы бүкіл елге бірнеше күн көрсетілді.

Түркіменбашының идеологиялық машинасы оларға «отанын сатқандар», «террористер» деген айдар жапсыру үшін түркімен халқын түгел жұмылдырды. «Таспен ұрып өлтіру керек!», Үрім-бұтағы, туған-туысқандарына дейін жойылсын!» дейтін сарындағы шоулар телеарналар арқылы бүкіл елге бірнеше күн көрсетілді. Оқырмандардың пошта жәшіктері «сатқындарды» жерден алып, жерге салған газеттерге толды.

«Санжаршылардың» хал-ахуалы, олардың қайда жүргені олардың туыстарына да, халықаралық ұйымдарға да әлі күнге дейін жұмбақ.

НИЯЗОВТЫҢ ӨЗІ ӨЛСЕ ДЕ, ІСІ ҚАЛДЫ

Түркімен билігіне Гурбангулы Бердімұхамедов келгеннен кейін бұрынғы Түркіменбашы режимінің құрбандарының тағдырынан бір хабар бола ма деген үміт туған еді. 2007 жылы қыркүйек айында АҚШ-қа барған сапарында Бердімұхамедов Түркіменстанды демократияландыру жолындағы жарқын істер күтіп тұрған айтқан. Бірақ Колумбия университетінде өткен кездесу кезінде-ақ:

- «Бұл тұтқындар тірі ме, жоқ па?» деген сауалыңызға айта кетейін: мен әлі жас президентпін, бұл қызметке келгеніме де көп бола қойған жоқ. Ол жайттарға қатысым жоқ. Бірақ олардың тірі екеніне күмәнданбаймын, - деп жауап беріп, тыңдармандарды екі ойлы қылып қойды. Оның бұл сөзін Еurasianet.org. веб-сайты келтірген еді.

Бердімұхамедовтің бұл мәлімдемесінен кейін де төрт жыл өтті. Түгелге жуық шетел асып кетуге мәжбүр болған оппозиция жетекшілері «жас»
Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязов және сол елдің министрлер кабинеті.
Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязов және сол елдің министрлер кабинеті.
автократтың түркіменбашы салған сара жолдан шыға қоятын ниеті де жоқ» дейді. Түркімен түрмелері мен ондағы тұтқындар мәселесі Ниязов кезінде де, қазір де сол бойы жабық тақырып болып қалып қойды.

Азаттық радиосы түркімен редакциясына берген сұқбатында Борис Шихмұрадовтың эмирацияда жүрген әйелі Татьяна Шихмұрадова түрмеге қамалған күйеуінен де, туған-туысқандарынан 9 жылдан бері еш ақпарат жоғын айтады.

Борис Шихмұрадовтың кәрі шешесі Мария Николаевна Шихмұрадова биыл жазда 93 жасында қайтыс болды. Ол соңғы демі үзілгенше Ниязовтың түрмесінде отырған ұлынан, екі немересінен және бір шөбересінен хабар күтті.
XS
SM
MD
LG